Nurbol Rakhmatilla


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Религия


Мен сізбен білмейтінімді және жаңадан үйренген нәрсемді бөлісетініме таң қалмаңыз; менің білімсіздігімнің шегі жоқ!
Бұл каналдың пайдалы болуы немесе менің алдыңғы қатарда болуым үшін емес, тек кішкентай күнделік, жеке тәжірибелер және өмірлік пікірлерме

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Религия
Статистика
Фильтр публикаций


Репост из: Серікбосын Мұсабекұлы
قال ابن المبارك :
" ربّ عمل صغير تكبره النية، و ربّ عمل كبير تصغره النية"

Ибн әл-Мубарак айтады:
“ Кейде кіші амал дұрыс ниетпен ұлы амалға айналады, ал кейде үлкен амалдар ниеті болмаған соң болмайтын іске айналады “


Ізгілердің хәлі және адамдардың пікірі

“Аяғым мен қолым ұсталып, отқа тасталған сәтте адамдардың не айтқаны маған қандай пайда береді?”


Жақындарыңыз үшін истиғфар жасауды ұмытпаңыздар!

Мына бір оқиға сізге жұбаныш болсын:

Ізгілердің оқиғасы: Истиғфардың күші

Бір адамның әйелі жас кезінде қайтыс болып, ол оған үнемі истиғфар жасап тұратын. Бір күні ол түсінде әйелін көріп, сұрайды:
– Мен жасаған истиғфарларым саған жетіп жатыр ма?

Әйелі жауап береді:
– Иә, күн сайын сенің сыйлығың маған жетіп тұрады.

Сосын ол көзіне жас алып:
– Мен саған алғысымды қайтара алмайтынымды білемін, – дейді.

Ол оған:
– Уайымдама, жақын арада қайта қауышамыз, – деп жауап береді.

سوف نلتقي 🥹


Алланың сені тафиқымен қолдауындағы ең үлкен себеп – Оның шариғатына деген құрметің, оны сөзбен де, іспен де көрсетуің.

©️Шейх Әдһәм
(хафизаһулла)


Репост из: Zhumadilda Eldos
Кедейлік пен Қорқыныштың сынағына қарағанда қайғы-мұңның сынағы әлде қайда ауыр.

Кедейлікке адам сабыр қылады,
Қорқыныштан құтылу үшін, ақша беріп тыныштық табады.

Бірақ қайғы-мұңнан құтылу үшін, өздеріне қол жұмсап жіберіп жатады.

Ибн Хазм


Тафаккур – ол сенің айнаң іспетті. Ол саған жақсылықтарың мен жамандықтарыңды айқын көрсетеді.

©️Хасан әль-Басри
(Рахимаһулла)


Имам Ибн ‘уйайна ( рахимаһулла) былай дейді: «Алланың ашуы – шипасы жоқ дерт».

Имам Захаби (рахимаһулла) айтпақшы:
«Одан құтылудың жолы – таң сәріде көп истиғфар айтып, шынайы тәубе жасау».

Имам Мунауи (рахимаһулла) сөзінде :
«Раббысын разы етудің ең тиімді емі – истиғфар».

Алла Тағала ашуына ұшыраудан Өзі сақтасын.🤲🏻


Әйелдер кофе сияқты – оларды дұрыс бағаламасаң, суып қалады, ал дәмін сезінбесең, мәні кетеді.

Көфені дұрыс таңдаңыздар 😉


Намазыңды басты орынға қоймайынша, шынайы жетістікке жету мүмкін емес.

©️Мухаммад Ама’ма


Репост из: Akhmedov Yerbol
Осы үш нәрсеге сенімді бол:

• Саған Раббыңнан
мейірімді ешкім жоқ.
• Сенің қайғыңды Раббыңнан артық ешкім білмейді.
• Саған келген ауыртпалықты Раббыңнан басқа ешкім жеңілдете алмайды.


Салауат айы дегенді естідіңіздер ме? !

Көптеген ғалымдар, оның ішінде Имам әл-Қасталани мен Имам әс-Сахауи (рахимаһумулла) Шағбан айын Пайғамбарымызға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) салауат айту айы деп атаған. Өйткені Құрандағы «Ақиқатында, Алла және Оның періштелері Пайғамбарға салауат айтады» (Ахзаб сүресі, 56-аят) деген аят дәл осы Шағбан айында түскен.

Алла Елшісіне салауат айтуды ұмытпаңыздар!🫰🏻


Әрекетке ұмтылдырмайтын өкініш – нәпсінің алдамшы рөлі.


Егер Алланың періштесі келіп, «Қалаған бір дұғаңызды айтыңыз, ол қабыл болады» десе, Алланың разылығын сұраңыз. Өйткені, Алла Тағала сізге разы болса, сізді екі дүниеде де бақытты етеді.


Көпшілігіміз адамдардың алдында өз кемшіліктерімізді айтып, кішіпейілділік танытамыз. Алайда, басқа біреу келіп, қателігімізді бетімізге басса, ашуланып, қасарысамыз. Бұл біздің екіжүзділігімізді әрі тәкаппарлығымызды көрсетеді.

Өзінің шын кемшілігін мойындайтын жан өзі айтса да, өзге біреу айтса да, оны қабылдауы керек.

Бір ғалымға жамағаттың көзінше бір адам: «Ей, надан!» – дегенде, әлгі ғалым: «Иә, рас айттың, білмейтінім көп», – деп, оны қарапайым түрде қабылдаған екен.

Алла Тағала бізді өз нәпсісін танып, Сенің берген нығметтеріңді мойындайтын құлдарының қатарына қоса гөр!


Өзіне-өзі разы болу – Алладан алыстықтың белгісі.

Шейх Әдһәм
(хафизаһулла)


Уақыт жақындап келеді, ертең инвесторларға Қағбаны сатып жіберуі мүмкін…😡

Хадисте айтылғандай, қияметке жақындағанда адамдар: «Бұл кімнің үйі?» деп сұрайды, бірақ ешкім жауап бермейді. Сонда олар: «Егесі жоқ болса, бұзайық», – дейді.


Алтын насихат , алтындай Жұма күнінде🌅

Кейбір адамдар алтын кілттер тәрізді: олар әдемі сөздерімен, керемет кеңестерімен және асыл мінез-құлықтарымен әр жүректі ашады. Мінез-құлық – бұл адам өмірден өткеннен кейін де өлмейтін рух. Есіңізде болсын, сынуы ең оңай бұтақтар – құрғақ бұтақтар, сондықтан жасыл және икемді бұтақ болыңыз.

©️Шейх Юсуф Хаттар
(хафизаһулла)


“Жақсылыққа бастамашы болатындар көп, бірақ сол жолда табанды қалатындар өте аз.”

©️Шейх Әдһәм
(хафизаһулла)

Алла Елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) ерекше сипаттарының бірі – әр ісінде табандылық танытуы. Алла Тағала құлының табандылығын жақсы көреді. Әр істі бастап, оны тастап кете беру адамның әлсіздігін көрсетеді.

Амр ибн ’Ас (Алла оған разы болсын) айтқандай:
«Тез жалығатын адамның иманының кемшілігі бар».

Алла Тағала бізді ізгі амалдарымызда табанды етіп, тұрақтылық берсін. Әрбір бастаған ісімізді соңына дейін жеткізіп, Оның разылығына бөленуді нәсіп етсін.


Фудайл ибн ’Ияд (рахимаһулла) өз-өзіне былай дейтін:
«Ей, Фудайл, сен жастық шағыңда пасық едің, ал қазір екіжүздісің! Аллаға ант етемін, сенің пасықтығың Алланың алдында екіжүзділігіңнен жеңіл!

Ұлы ғалымдар өздері туралы осылай айтқан болса, қазіргі заманда діндар болып, қатайып жүрген жандар не болмақ?!😔


«Кімде-кім күнін Алланы еске алумен аяқтаса, оның бүкіл күні зікір ретінде жазылады».

©️Абдулла ибн Мүбәрак
(рахимаһулла)

Показано 20 последних публикаций.