Фильтр публикаций


БІЛІМДІ МЕН НАДАН

Сырт әлпет, киім киіс, үй, көлік – бұның бәрі тұлғаның ерекшелігін, яки адамның талғампаздығын көрсетпейді. Адамды тану үшін оның сөз саптасы мен өзін ұстау мәдениетіне мән беру керек.
Сауатсыз адам жасанды, дарақы екенін бірден көрсетеді. Білімді адам қарапайым, мейірімді, шыншыл, шынайы екенін сездіртеді.

Сауатсыз әйел бәрін құнсыздандырады: «Театр, кітап, саяхат, білімсіз-ақ өмір сүріп жатырмыз. Әне, Дима, Авиация колледжін бітірді, ал өзі кәсіп ашып, керемет көлік алды! Дипломы үйде жатыр. Босқа кеткен бес жыл» дейді.
Ақылды әйел үнемі еңбектенеді, таяз ойлы әйел – бос жүреді. Бірақ ол айнадан өзін бақыламайды, терезеден де далаға қарап тұрмайды. Керісінше, ылғи қолы тимейді: дүкенде сатушылармен ұрсады, туған-туысына барып ақыл-кеңесін үйіп-төгеді. Құрбыларымен кездеседі, телефонда отырады, интернеттегі бүкіл роликті жаттап алады. Сауатсыз адамды қалай тануға болады: «Адам адамға бөрі» деген ұранынан танисыз. Ондайлардың қиялы шолақ, ақылы аз, мейірімін ашу басып тұрады. Адамға ақыл ініне көбірек дән жинау үшін берілмеген. Ақыл адамға ет жақынына көмектесу үшін – аш адамды тойдыру, батып бара жатқанды құтқару, қарияға көмек қолын созу, орын беру үшін керек.

Білімді адам – кекшіл емес. Бірақ дөрекіні бірден орнына қояды. Адамның мейіріміне зияты қосылса, ол даналыққа бастайды. Жан жылуы мен елгезектік болмаса – ол жай ғана қулық боп қалмақ.

Білімді әйел – мәрт. Ол өзінің байлығын басқа дүниеден биік қоймайды. Төбеден бақылап тұрған Ғаламның көзқарасында дүниеқоңыздық аянышты тірлік. Әлемде бүкіл игілік тең бөлінген. Жер, аспан, ауа, су. Қалғаны – таяздық, менмендік.

Білімді әйел деген карьера қуған акула емес, ешкіммен санаспайтын бетпақ емес, ол ең алдымен жақсы ана, қыз, әпке-сіңілі, сыныптас, көрші. Өз үйін, ауылын, қаласын, елін, тілін, салт-дәстүрін жақсы көретін жан. Бұл құндылықтың өзегі. Осы қасиеттің бәрі біріге отырып зиялылыққа ұласады – өзінің өмірін қиындатпай пайдалы бола білуі, айналасына қуаныш сыйлау үшін қамқорлық таныту.

Ксения Асаулюк
Shynar Ábilda


Саған сырттай мүсіркейтін емес, сенің күйіңді бірге кешетін, сезіміңді бүтін бөлісетін жанға лайықсың!


Сенің көз жасыңды көргенде, жүрегі қан жылайтын адамға лайықсың!


Мен нәзікпін
Мен нәзікпін. Сенен анағұрлым жіңішкемін. Бойым да аласа. Күшім де аз. Мен нәзікпін. Менің тәнім сенікінен жұмсақтау. Жүрегім де нәзік. Мен сезімталмын. Сен саналы түрде жұмысқа кірісіп, әрекет жасаған кезде мен жағдайды өн бойымнан өткізіп, түсінуге тырысам. Мен бейімделгішпін. Сен бетке айтқыш әдетіңмен оңдырмастай естен тандырарлық соққы жасағанда, менің бейімдігім ғана жүрегімді сақтап қалады. Мен күйреуікпін. Құдай о баста күш-қуат бермеген екен. Есесіне өзімді де, сені де аяқтан тік тұрғызып, заңғар көкке бір-ақ шығарар махаббат пен мейірім берген. Мен сендікпін. Дегенмен, сен ешқашан бұлай айтпассың. Өйткені, сен мендік бола тұра күллі әлемге тәнсің. Сенің жолың үлкен. Сен әлемді құтқарып, елдің бәріне қызмет етуің тиіс. Сенің парызың сол. Менің парызым - сені сүю, сен үшін дұға жасау, сенің жаныңда болу. Біздің отбасылық кеме батып бара жатса, саған тіреу болу. Маған бұл әлемде сендік махаббаттан басқа ештеңе керек емес.

© Алина Ермолаева, 2021


Қолдан келгеннің бәрін істеп көрсең, енді қолдан келмейтінге кіріс!


Сені сүйгендіктен ғана, ылғи сенімен ұрысып, тәжікелесемін. Көңілдегі дық ортамызға биік қабырға болып қаланбасын деймін.


Сені сүйгендіктен ғана, кейде сенен іргемді бөлек саламын. Жалғыздығымды сезінемін. Бойымдағы ауыр салмақтан құтылып, сені тыңдай беру үшін сенің құшағыңа рухани тазарып келем.


Бойыңдағы бар ғажапты әлемге тарат, мұның бәрібір теңізге тамған тамшыдай жұтылып кетеді. Сонда да қолда бар игілігіңді таратып беруден тартынба.

Ең ақырында бұның бәрі сенің Құдаймен әңгімең екенін түсінесің.
Бұның барлығы ешқашан сенің өзгелермен қарым-қатынасың еместігіне көз жеткізесің.

МАТЬ ТЕРЕЗА
Shynar Ábilda




Жан тыныштығың мен бақытыңды тапсаң, басқалар күндей бастайды. Сонда да бақытты бол.

Бүгін жасаған жақсылығың ертең ұмытылуы ықтимал. Сонда да жақсылық жасаудан жалықпа.


Атақ-даңққа қолың жетсе, шынайылықтан жұрдай достар мен қастығы хақ дұшпаның көп болады. Сонда да мықтылығыңнан танба, жетістіктен бас тартпа.

Сен жылдар бойы іргесін қалаған бақытты біреу кеп әп-сәтте құрта салуы мүмкін. Сонда да мойыма, жаңа бақытқа ұмтыла бер.

#SA


Адамдар көбіне тұғырсыз, қисынсыз, өзімшіл келеді. Қайткен күнде де оларды кешіре біл.

Егер аса мейірбан болсаң, ел-жұрт сені өзімшіл, бір бармағы ішінде деп қаралайды. Бәрібір мейірімді болып қала бергейсің.

#SA


- Сені сүйгендіктен ғана, ең алдымен өзімді ойлауды үйрендім. Себебі, өзімнің жағдайымды түгендеп алмай, саған түк бере алмаспын. 

#SA


Репост из: mәgnificent
2025 жылы қоюға тиіс әдеттер 🦋

1. Ата-бабаңмен мақтану - әтеш те диназаврдың ұрпағы сондықтан… (смекаешь?). Көрінген жерден руластарыңды іздеу -бұл да біртүрлі 🙌

2. Боқтап сөйлеу - (шшс) мәдениеттілік деңгейін көтер. Сенің қазақшаң басқаға үлгі екенін ұмытпа. Сосын қазақша сауатты жаз🫰

3. Жасанды сторис түсіру - Қазір адамдар мұндайдан жалықты. Қоғам өзіндей адамды жақсы көреді. Қарапайым бол, шынайы бол😉

4. Эмоциямен асығыс шешім қабылдау - түрлі заттардың сыртына қызығып сатып аласың. Кейін жатады ештеңеге пайдасы жоқ. Инстада курстарды да сөйтесің. Қойсашии 😶

5. Кеш ұйықтау - бұл туралы сағаттап айтып бере аламын. Сау болғың келе ме, уақытылы ұйықта. Әдемі болғың келе ме - уақытылы ұйықта🎯

Алып-қосарларың бар ма?

#пәлсапа


Өкінішпен оянуға өмір тым қысқа


Өмір сенен теріс айналды дегенде оған басқа қырынан қарап көр


жаңа жылды қалай қарсы алдыңыз🎄
Опрос
  •   Отбасыммен
  •   Достарыммен
  •   Жалғыз
  •   Жол үстінде (сапар)
  •   Ұйықтадым
219 голосов


Ұйықтаp алдында, сені ойлайтын бір адам табылады


Сенің күлкің-сені ұнатпайтындарды да бейжай қалдырмайды.


Егер сені біреу жек көрсе, онда ол саған ұқсағысы келгендіктен ғана

Показано 20 последних публикаций.