Сәуегей


Гео и язык канала: Казахстан, Русский
Категория: Блоги


jalğızdıq – adamnıñ senimdi serigi

Связанные каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Русский
Категория
Блоги
Статистика
Фильтр публикаций








Телеграм каналыңызды не үшін ашқаныңыз есіңізде қалды ма? Неге ашыпсыздар?

Мысалы, мен неге ашқанымды ұмытып қалыппын. Қазір жай ғана күнделікті ойыма келген нәрселердің бәрін жабық каналыма жазып отырам. Аптасына 100 постты пытырлатып жазам, оны 20 шақты адам оқып отыр 😅.

Ал мұнда көп нәрсе жазбайм. Бірақ көпшілік кіріп көріп кететін жер болғасын жай ғана оқырманға оқуға жарайды-ау деген ойларымды жазып отырам. Солай деп шешім қабылдағам енді.






Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


Корей тілін өзім үйреніп жүрмін

Екі тілдің грамматикасы, тура қазақша мен қарақалпақша бір-біріне қалай ұқсайды, грамматикасы да тура солай ұқсайды екен.

Сөздік жаттап жүріп те кейбір ұқсас сөздерді тауып алдым. Көп емес, бірақ аз деуге де келмейді. Сол сөздердің түбі қайдан шыққанын екен деп интернеттен іздесем көне корей сөзі деп қана шығарып тұр. Ал былай көп сөздері қытайшадан кіріпті.

Меніңше, корейшені үйрену былай өте оңай. Реттілік те біздікі сияқты. Бірінші, екінші дегеніміз оларда да чотбон+чэ деп кете береді. Бізге тек Хангылды жаттап, сөздік жаттап және жалғау-жұрнақтарын қалай дұрыс жалғау керегін үйрену керек.

첫째, 둘째, 셋째 және 작은 сөзі. Ең қатты ұқсатқан сөздерім осы. Чагын сөзі өзі Шағын деген сөзімізге ұқсайды. Олар да шамамен сол мағынады қолданады екен. Әкесінің інісін 작은 압버 шағын әке/кіші әке деген мағынада қолданады екен.

Ғылыми зерттеу болмағасын, қате де болуы мүмкін. Интернеттегі нәрсенің бәріне сене беруге болмайды.


Мен сендерге бір қызық, әрі пайдалы ақпарат айтайын. Мұным ақпарат деуге келе ме екен, білмеймін, бірақ сонда да жазып көрейін.

Біз қазақша сөйлегенде "мен осыны істеу керекпін" дейміз. Соны неге солай айтатынымызды білмейміз, сұраған адамға "ой, солай айту керекпін" дейміз.

"мен қаңтар ҰБТ'ға дайындалу керекпін" деген мысалды алайықшы: керек сөзі "сен маған керексің мен мен саған керекпін" тіркесінде ғана жіктеледі. Ал қалған жағдайда керек сөзінің алдында тұрған сөз жіктеледі.

Жаңағы мысалдарымның дұрысы:

1. Мен солай істеуім керек
2. Ой, солай айтуым керек
3. Мен Қаңтар ҰБТ'ға дайындалуым керек

Енді бәрі әдемі боп орындарына тұра қалды 🫶


Репост из: telegey
осында бірнеше рет салған тәуелсіз заманауи өнер кешіне көлеңкесінен қорқатындар қысым көрсетіп жатыр. ішім ашып отыр. ең болмаса өнерде еркіндік болмаса, кім болғанымыз біздің? кешке барып көрген адамдар біледі қандай деңгейде ұйымдастырылатынын, қандай тақырыптар көтерілетінін. соның бәрі тек энтузиазм мен ниеттің арқасында. тәуелсіз өнерді қолдайық.
#МенТәуелсізбін!






Бас-аяғы жоқ біртүрлі диалог:


Хюго сияқты болғым келеді.

Қызық. Жұрт сияқты оқып біткесін қорытынды, түйін жазбайды екем. Оған міндетті де емес шығармын, бірақ оны Chat GPT'ге жаза бергенше, шынайы адамдарға айтып талқылаған жақсы сияқты.


Репост из: Калькасыз қазақ тілі. Назгүл Қожабек
❌ Жаңа жылыңызбен!
⁉️ орысша “с новым годом” дегеннің калькасы. Мұның “жаңа жылмен” деген тіпті сорақы варианты бар.
✅ Жаңа жыл(ыңыз, дарыңыз) құтты болсын!


ал үш жыл бірге болған интернет достарым: лидам, аман, мәди, жайна, шырын (винекс, диана).

сендердің де жаңа жылдарың құтты болсын!

p.s. сурет 2022 жылы жасалған


биыл менің жанымнан әрдайым табылып жүрген кісілердің тізімі: ұмай шешей, күміс, жезтырнақ, алуа, бәліш, айбике, гүлбике, ыдырыс, асыл, төлеп көке, саша, ақерке, әлімұрат, айдын, көркем, айман, ася, жасар, надя және лео.

әрқайсыңызға жеке-жеке құтты болсын айттым!


erekce quttı bolsın aytqan jan 🫶


жаңа жыл құтты болсын! келер жыл әрбірімізге бір-бір мәңгі қуаныш, таусылмас байлық әкелсін! жаңа жыл халқымызға түйсік әкелсін! жаңа жыл адамдар армандарына жете алатындай күш-қуат, табиғат пен адамдарды аялай алатындай мейірім, білімді білем дейтін ізденіс пен құлшынысты қатар алып келсін!



Показано 20 последних публикаций.