Ташкент облысы "Гармония" ҮЕҰ орталығы мен Бөке ауданының Отбасы және әйелдер бөлімі бірлесіп, отбасын құру алдында тұрған жастарға арналған "Отбасылық құндылықтар" тақырыбында кезекті тренинг ұйымдастырды. Бұл тренингтің мақсаты — қоғамдағы басты институттардың бірі болып табылатын отбасының беріктігін нығайтуға қолдау көрсету.
Тренинг барысында жастар берік отбасы құрудың негізгі қағидаттары мен құндылықтарын меңгеріп, әр отбасы мүшесіне деген сүйіспеншілік, сенім және құрметтің маңызын түсінді. "Отбасылық құндылықтар ағашы" жаттығуы арқылы олар өз отбасылары үшін негізгі құндылықтарды анықтап, оларды өмірде қалай іске асыруға болатынын белгіледі. Бұл жаттығудың мақсаты — әрбір қатысушыға отбасылық құндылықтарды терең түсініп, оларды өмірде жүзеге асырудың жолдарын үйрету.
Бүгінгі таңда еліміздегі әрбір мықты отбасы қоғамның іргетасын нығайтуға үлес қосады, себебі отбасылардың тыныштығы мен бірлігі мемлекеттің дамуы мен келешек ұрпақтың болашағы үшін аса маңызды.
Айгүл ТЕШЕБАЕВА
https://t.me/psy_consultt