📌Былтыр елімізде қылмыс саны 12,7 мыңға азайған
Мемлекет басшысының қабылдауында болған Ішкі істер министрі Ержан Сәденов осылай деді.
📌Бұдан бөлек: ▫️елдегі криминогендік жағдай және ішкі істер органдарының
«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру барысы жөнінде ақпарат берді;
▫️елімізде қабылданған кешенді шаралар нәтижесінде былтыр қылмыс саны 12,7 мыңға азайғанын баяндады;
▫️қылмыскерлерді іздестіру жұмыстарының нәтижесі туралы айтты. 2024 жылы полиция
іздеуде жүрген 1949 адамды ұстаған;
▫️
ұйымдасқан, кибер және есірткі қылмыстарына қарсы іс-қимыл, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі Президент тапсырмаларының орындалу барысын таныстырды;
▫️
кәмелет жасына толмағандардың құқықтарын қорғау, көші-қонды бақылауды күшейту, жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қылмыстық-атқару жүйесін жетілдіру жөніндегі шаралар туралы хабардар етті.
📌Қасым-Жомарт Тоқаев елдегі құқықтық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздік деңгейін одан әрі арттыру бойынша бірқатар тапсырма берді.
📺
@qazaqstantv