❗Дәрігерлердің жалақысы 530 мың теңгеге дейін өседі Бұл туралы Сенаттың жалпы отырысында Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді.
«1,1 млн-нан аса қызметкердің еңбекақысын арттыру көзделіп отыр.
Бюджет саласының 850 мыңнан аса қызметкерінің лауазымдық айлығы ұлғайтылады. Мысалы,
дәрігерлердің жалақысы 320 мыңнан 531 мың теңгеге дейін,
орта медициналық қызметкерлердің жалақысы 173 мыңнан 250 мың теңгеге дейін өседі», - деді вице-министр.
Сонымен қатар
педагогтердің де жалақысы көбейеді.Биыл сәуірден бастап «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының 258 мың өндірістік персоналының жалақысы 5%-дан 48%-ға дейін артқан. Соның ішінде, «Қазпошта» жүйесіндегі жүргізушілердің жалақысы 144 мыңнан 237 мың теңгеге дейін көтерілген.
Ералы Тоғжановтың айтуынша, жыл соңына дейін тағы 4 компанияда өндірістік персоналдың жалақысы 5%-дан 18%-ға дейін өседі.
@qazaqstantv