Қазақстан астротуризмнің 2025 жылғы трендтік бағыттарының бірі танылды 🔭 🚀
📰 Euronews 2025 жылдың туристік трендтерін жариялады. Бұл зерттеуде Қазақстан астротуризм бағыты бойынша көпшілікке ұсынылды.
↗️ Euronews астротуризмнің қарқынды дамып келе жатқанын және «ғарыштық саяхаттар» негізгі бағыттардың біріне айналғанын атап өтті. Саяхатшылар аспан құбылыстарын бақылауға арналған мінсіз орындарды іздестіруде. Зерттеуде Қазақстанның кең даласы мен жарықпен ластанудан таза шалғай аймақтары бар екендігі және астротуризм үшін ең жақсы бағыттардың бірі ретінде көрсетілген. Еліміздің түнгі көріністері жұлдызды аспанды жақсы көретіндер үшін ерекше мүмкіндіктер ұсынады.
🔗 Euronews зерттеуінде 2025 жылдың басқа да негізгі трендтері көрсетілген:
🔸 Терең мәдени саяхаттар: туристер жергілікті дәстүрлер, қолөнер және гастрономияға тереңірек үңілуге ұмтылады.
🔸 Экотуризм және тұрақты даму: тұрақты тәжірибелер мен табиғи бағыттар көптеген саяхатшылар үшін басымдыққа ие.
🔸 Денсаулық және демалыс: денсаулықты жақсартуға бағытталған саяхаттардың, оның ішінде ретриттердің, СПА және йога бағдарламаларының танымалдығы артуда.
🔸 Цифрлық саяхаттар: толықтырылған шындық тәрізді технологияларды пайдалану.
🔛 Қазақстан туризм саласына бұл трендтердің элементтерін белсенді түрде енгізуде. Жұлдызды турлармен қатар Ұлы Жібек жолы бойымен саяхаттар, этно- және экотуризм бағдарламалары, сондай-ақ бай мәдени мұрамызбен терең танысу мүмкіндіктерін ұсынады.

🗣 «Біз табиғи мұрамыздың осы ерекше аспектісін дәріптейміз және ғарышпен ерекше байланыс орнатуға ұмтылатын шетелдік туристерді тартамыз. Бүгінде Kazakh Tourism астротуризмді дамыту үшін арнайы инфрақұрылым құру мәселесін пысықтауда. Бұл кәсіби астрономдармен бірге экскурсияларды және мұндай құбылыстарды көруге арналған орындарды ұйымдастыруды қамтиды. Туристер экологиялық тұрақты және аутентикалық бағыттарды жиі таңдайды. Қазақстанның инфрақұрылымды дамыту және табиғи түнгі аспанды сақтауға ұмтылысы елімізді астротуризм үшін болашағы зор бағытқа айналдырады», - деп атап өтті «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Қайрат Сәдуақасов.