Qorzhyn (Арнұр Қадылбеков)


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Блоги


ЖЕКЕ ДАМУ/ӘДЕТ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Блоги
Статистика
Фильтр публикаций


Соңғы видеода адам негативті ақпараттарды позитивті ақпаратқа қарағанда көбірек көреді деп айттым.

Ол рас, айналада 100 жақсы зат болып жатса да, арасынан жаманын тауып алып, көңіліміз түсіп тұрады. Бұнымен күресу керек. Қалай? Жақсы заттарды іздеп, шүкірілшілік айту🙏🏻


Мен үшін дисциплинаның синонимы - ТАЛПЫНЫС.

Тұрақтылық, тәртіп - идеал болу жайлы емес. Идеал бола аламамыз, себебі… Себебі, робот емес, ет пен сүйектен тұратын адамбыз ғой. Бір күніміз сәтті, бірі сәтсіз өтуі мүмкін. Бірақ еш күніміз ТАЛПЫНЫССЫЗ өтпеуі керек!


Жаңа айға қош келдік🤗

Әр күн өмірдің жаңа парағы болса, әр айды жаңа тарау деп қарастыруға болады. Демек, бұл ойымызды тереңдетуге немесе жаңа тақырып дамытуға тағы бір мүмкіндік. Ендеше осы айды сәтті, өнімді өткізіп, өмірімізді мәнді етуге талпыныс білдірейік!✨


Планнердің сатылымы бүгін БІР КҮНГЕ ашық😍.

Күнделік жайлы толығырақ сторидан, не “Планнер” актуальный-дан біле аласыз. Бағасы: 2790тг😍

Тапсырыс үшін, төмендегі сілтемемен вацапқа жазыңыз:
https://wa.me/message/VKPUHIJK4TZMO1


2025 жыл, қаңтардың соңғы жексенбісі бүгінмен тәмам.

Бір жағынан, ай тым жылдам өтті, не істеп, не қойғанымызды ұқпай қалдық. Екінші жағынан, бір айда біраз тірлік бітті. Өзімізді жақсарта алдық, я жақсаруға алғашқы қадамдарымызды жасадық. Кішкене болса да, әрбір жеңісімізді құрметтеуіміз керек. Әрекеттерімізден пайданы іздеп табуымыз керек🙏🏻


Демалысты бірінші орынға қою - бұл міндетті түрде жалқаулық емес, бұл тәртіптің бір бөлігі. Демалған ақыл-ой - өткір, демалған дене - күшті, демалған рух - табанды.

Дисциплинасы мықтылар біледі: нағыз прогресс қашан тоқтап, демалу керегін білген кезде болады. 💤💪


“Подписчиктер” заманында, көшбасшы бол! Өзіңнің ерекше қасиеттеріңді қабылдап, сонымен мақтан, сонымен ерекшелен! Бәрі көптің артынан ере алады, бірақ алдында болу ерлікті талап етеді.


Таңертең ұйқыдан тұрғаннан кейінгі жасалатын ең алғашқы әрекет күніңізге тон береді. Таңды қалай бастасаңыз, күніңізді солай өткізесіз. Сол үшін алғашқы әрекетті дұрыс таңдау маңызды. Ұйқыдан тұра салып, телефонды қолға алу осы мүмкіндікті ысырап қылғанмен тең.


Менің сүйікті сөзім: “How you do anything is how you do everything”.

Қазақша: “Кез-келген бір істі қалай істесең, барлығын солай істейсің”.

Бұл сөз маған тіпті ең маңызды емес дейтін тірлігімді тиянақты орындауға мотивация береді. ✨ Себебі, бір затты сылбыр істесем, жалпы, кез-келген іске сылбыр қарауым мүмкін деген сөз…


Джимс Клир айтады: екі күн қатарынан әдетті қайталауды өткізіп алма. Себебі, әрбір қайталаған әрекетің, сен болғың келетін адамға берген бір дауысың. Егер айдың аяғында 50%-дан артық дауыс жинасаң, онда жеңіске жеттің деген сөз🙏🏻


Жаңа әдет қалыптастыру үшін орта есеппен 66 күн қажет деп жазыпты бір ғалым. Сөйтсем, бұл тұжырым мен оқыған Лондон университеттік колледжінің 😍зерттеушілермен анықталған екен. Зерттеулерін оқыдым.

Бұл санға сенуге келмейтініне көз жеткіздім. Өйткені бұлар шектеулі әрекет түрлерінің қанша уақытта әдетке айналатынын зерттеген. Және солардың орта есебін көрсетеді. Бірақ әрқайсысымыз әртүрліміз және әртүрлі әдет қалыптастырғымыз келеді ғой. 
 
Менің тұжырымым - әдеттің қалыптасу уақыты сол әрекеттің қиындылығына, және ең бастысы, қаншалақты қайталанатынына байланысты!


"Үш күнде адам көрге де үйренеді" дейді ғой. Қорқынышты мақал. Бірақ мақал😅
 
Мидың 🧠 пластикалығы немесе жалпы адамның бейімделгіштігі оған ең қиын деген әрекеттерге де үйреніп кетуіне мүмкіндік береді. Мида жаңа нейрондық жолдар ⛓️‍💥құрылып, біз оны әдет деп атаймыз. Бұл дегеніміз, тәртіп пен табандылықтың арқасында сіз дұрыс әдеттерді тиімді түрде қалыптастыра аласыз. Ал бұл ұзақ мерзімді өзгерістерге әкеледі. 😍Сондықтан, қазір қиындық сезінсеңіз, дұрыс жолда екеніңізді біліңіз. Меже жақындап, бір кезде бұл әрекет оңайлап, пайдалы әдетке айналғанын көресіз!


Мотивация жақсы, бірақ ол әркез жеткілікті бола бермейді. Ұзақ мерзімді прогресс негізінен тәртіпке (дисциплина), дәйектілікке және нақты жоспарлауға байланысты болады. Мотивация бастапқы әрекетті тұтандырса🧨, тәртіп сіздің кейінгі қозғалысыңызды қамтамасыз етеді. Бірақ, біз білеміз ғой🤩, ӘДЕТ тәртіптің шырқау шегі🗻.


Жауапкершілікті алу деген - дәл қазіргі өміріміздің жағдайына тек өзіміз жауапты екенімізді түсіну. Қаржылық жағдай, денсаулық, отбасы-достармен қарым қатынас, жұмыстағы жетістік - бәрі-бәрі. Болашақта да өмірімізде қандай өзгеріс болса оған жауапты өзіміз.

“Ананың кесірі”, “мынау болмағанда, “ол бүйтпегенде” дейтіндер жауапкершілікті мойындай алмайтындар. Оларға өзгеру қиын болады(


Жаңа жылды өмірімізге жауапкершілік алумен бастайықшы?

Меніңше, өмірінде болып жатқан ӘР нәрсеге ЖАЛҒЫЗ жауапты - ӨЗІ екенін түсінген адам өмірін өзгерте алады. Иә?


Құрметті менің алтын оқырмандарым✨, жаңа жыл құтты болсын😘


Мақсаттар қою — жетістікке жету жолын картаға түсіру сияқты.

Картаңыздағы жол әрдайым тегіс болмауы мүмкін. Бірақ әрбір төпешік пен шұңқыр өсуңіз бен үйренуіңізге негіз болады. Шындығында, нағыз нәтиже мақсатқа жетуіңіздің өзі емес, соған жету жолында тұлға ретінде өсуіңіз. 💪

Алға ұмтылыңыз✨


Жағды өзгерте алмасақ, өзімізді өзгерту қалады…

Екі ой: қиын жағдайға тап болсақ, оған жауапты өзіміз. Тек өзіміздің қабылдаған, не қабылдамаған шешімдеріміздің есебінен қиын жағдайға тап болдық.

Екіншісі, ол жағдайды өзгерте алмасақ, өзімізді өзгертуден басқа амал жоқ.


Ең үлкен құпия 🤫

Күн қалай басталса, солай жалғасады. Сол рас болса, онда бұл фактты қолдану керек. Ұйқыдан тұра салысымен телефонды қолға алудың орнына бір пайдалы іс істеуді әдетке айналдырмаймыз ба? Қалғанын осы ереженің жетегіне қалдырамыз.


Жаңа жылға орай [жаңа жылды дұрыс ниетпен бастасын деп], планнерлеріме 25% жеңілдік жасап отырмын🤯. Бағасы небәрі 2790тг😍.

Тек бүгін ғана сатылымды 1 күнге ашып отырмын. Тапсырыс беріп үлгерсеңіздер, жаңа жылға дейін қолдарыңызға жетеді🙏🏻. Тапсырыс үшін жоғарыдағы сілтемемен вацапқа жазуларыңызға болады.

Показано 20 последних публикаций.