Qorzhyn (Арнұр Қадылбеков)


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Блоги


ЖЕКЕ ДАМУ/ӘДЕТ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Блоги
Статистика
Фильтр публикаций


Жағды өзгерте алмасақ, өзімізді өзгерту қалады…

Екі ой: қиын жағдайға тап болсақ, оған жауапты өзіміз. Тек өзіміздің қабылдаған, не қабылдамаған шешімдеріміздің есебінен қиын жағдайға тап болдық.

Екіншісі, ол жағдайды өзгерте алмасақ, өзімізді өзгертуден басқа амал жоқ.


Ең үлкен құпия 🤫

Күн қалай басталса, солай жалғасады. Сол рас болса, онда бұл фактты қолдану керек. Ұйқыдан тұра салысымен телефонды қолға алудың орнына бір пайдалы іс істеуді әдетке айналдырмаймыз ба? Қалғанын осы ереженің жетегіне қалдырамыз.


Жаңа жылға орай [жаңа жылды дұрыс ниетпен бастасын деп], планнерлеріме 25% жеңілдік жасап отырмын🤯. Бағасы небәрі 2790тг😍.

Тек бүгін ғана сатылымды 1 күнге ашып отырмын. Тапсырыс беріп үлгерсеңіздер, жаңа жылға дейін қолдарыңызға жетеді🙏🏻. Тапсырыс үшін жоғарыдағы сілтемемен вацапқа жазуларыңызға болады.




Уақытымды аяймын…

Кезінде біраз заттар бастап (корей тілін үйрену, скрипка, пианино, тағы бірнеше жоба) соңына дейін жеткізбедім. Қазір ойласам, соларға біраз уақыт құрттым ғой. Босқа кеткен уақыт сияқты көрінеді. Соларды қазіргі күнге дейін істесем, қазір корей тілінде🇰🇷 еркін сөйлеуші ма едім? Пианино🎹 мен скрипканың🎻 құлағында ойнаушы ма едім?

Менде қазір ереже: жаңа істі бастамаймын. Бастадым ба соңына дейін жасаймын🙏🏻


Бүгінгі күнмен өмір сүру…

Қанша ойшыл, қанша философтың берген кеңесі бұл. Бірақ қалай болашақты уайымдамай, одан жеміс күтпей өмір сүре аламыз???

Болашақ біздің қолда емес. Бірақ бүгін, дәл қазіргі сәт қолымызда. Және дәл осы сәттегі біздңң шешімдеріміз келесі сәтті, ертеңіміз бен болашағымызға жол ашады ғой. Онда қазіргі сәтпен өмір сүрейік😍




Соңғы кездері, байқамайсыздар ма, өте сирек ойланатын болыппыз🧐.

Бір уақыт өзіммен өзім болып, өмір жайлы, істеп жүрген іс-әрекеттерім жайлы ойланған кезім есіме түспейді😢. Түнде жатарда келетін ойлардың өзі “ертең ананы істеу керек, мынаны істеу керек” деген жеңіл-желпі ойлар. Өмірдің қарқыны тым жылдам ба деймін. Өзімен бірге ала кететін құйын💨сияқты.

“Өзіммен өзім” дейтін бір уақыт алуды әдет қалу керек сияқты…






Ұйқыға қатысты менің ұстанатын (тырысатын😅) ережем:

Қалаған уақытыңда (мысалы, шаршағанда) ұйқыға жат, бірақ күнде бір уақытта оян!

Яғни, 22:00-де жатамын деген ережем жоқ. Мен үшін белгі - шаршау. Бірақ ерте жатсам да, кеш жатсам да, бір уақытта ояну - шарт.


Өсу үшін екі жол бар дедім. Жақсы әдеттерді қалыптастыру немесе жаман әдеттерден арылу. Бірақ нағыз сиқыр✨ екеуін біріктіргенде болады😍. Позитивті әдеттерді қосып, негативті әдеттерден арылу арқылы сіз өз мақсаттарыңызға жетуге күшті серпін жасайсыз.

Өсу - бұл межеге жету емес, саяхаттың өзі екенін ұмытпаңыз. Жүріп жатқан процессті құшағыңызға алыңыз, кішігірім жеңістерді тойлаңыз және өзіңіздің ең жақсы нұсқаңыз болуға ұмтылыңыз.🙏🏻




Жас адамға мамандық таңдауда сенімсіздік таныту - табиғи нәрсе. Бұған себеп - сіз әлі ӨМІР БОЙЫ айналысатын кәсібіңіздей маңызды шешім қабылдау үшін қажетті тәжірибе, дағдылар мен білім жинап үлгерген жоқсыз. Сіз әлі өз саяхатыңыздың басында ғанасыз.

Өмірдің сан бұрылыстарына сізді бағыттауға мүмкіндік беріп, сынақ пен қателіктердің шытырман оқиғасын қабылдаңыз. Әрбір тәжірибе, сәттілік немесе сәтсіздік болсын, сіздің шынайы тұлғаңызды ашуға апаратын баспалдақ.

Білім мен мүмкіндіктер іздеуді жалғастыра беріп, уақыт өте келе дұрыс жолға түсетініңізге сеніңіз.🙏🏻


Достар, мен төмендегі кітаптардың📚 15-20 минутта оқылатын қысқаша мазмұндарын дайындадым. Кітап оқу әдетін қалыптастырам деушілер үшін жақсы мүмкіндік деп есептеймін: күніне бір кітаптан оқуыңызға болады😍.

https://t.me/qorzhyn_books_bot
Бұларды алу үшін жоғарыдағы сілтемемен телеграм ботқа жазылу керек болады. Бір айлық жазылым құны 990тг. Апта сайын жаңа 1-2 кітап қосылып отырады.
1. Атом әдеттер
2. Бай әке, кедей әке
3. Дос табу және адамдарға ықпал ету өнері
4. Тиімділігі жоғары адамдардың 7 әдеті
5. Жақсы энергия
6. Жақсыдан ұлыға
7. Миллионер көршің
8. Ешқашан жалғыз тамақтанба
9. 4 сағаттық дене
10. Жинақтық эффекті
11. Вавилондағы ең бай адам


Өзіңізді топыраққа отырғызылған дән🌱 деп елестетіңіз. Адамдар сіздің потенциалыңызды көрмеуі мүмкін, бірақ ішіңізде сіз мықты ағашқа айналуға күшіңіздің бар екенін білесіз🙏🏻.

Әрбір “қолыңнан келмейді” - бұл сіз итеріп шығатын топырақ қабаты ғана. Олардың күмәнін өзіңіздің тыңайтқышыңыз ретінде пайдаланыңыз, табандылығыңыз бен төзімділігіңізді нәрлендіріңіз. Тамырыңызға сеніңіз, өсетініғізге сеніңіз және аспанға ұмтылыңыз.

Сізде табысқа жету үшін қажет нәрсенің бәрі бар. Өсе беріңіз, жақында сіз топырақты жарып шығып, гүлденесіз.🙏🏻


Әр қиындық – күштірек, ақылдырақ болуға мүмкіндік. Өз қабілеттеріңізге сеніңіз және табандылықтың күшін ешқашан төмен бағаламаңыз. Есіңізде болсын, жетістік ешқашан құламау емес, құлаған сайын қайта тұру жайлы.

Алға қарай жүре беріңіз, сіз мұны жасай аласыз! 💪✨


Thinking out of box 📦 - қораптан тыс ойлау - меніңше, ең алдымен батылдық жайлы. Себебі, бұл белгісіздікпен жұмыс істеу, адамның аяғы баспаған жолмен жүріп көруді білдіреді. Екіншіден, бұл шығармашылық жайлы. Басқалардың шектеу ретінде көріп тұрғанын мүмкіндік ретінде қабылдау - нағыз талант деп есептеймін. Бірақ үйренуге болады. Үйренудің жолы әрине талпыныстан басталады. Кез-келген мәселеге қалыптасқан көзқарастан тыс қарауды әдетке айналдырыңыз😉


Сенімділік жайлы…

Қашан адам сенімді болады? Егер болашағына қатысты сұрақтарға жауаптар белгілі болса! Бірақ жауаптарды қайдан аламыз? Бұған бірнеше жауап бар. Мен әдет жайлы жазайын (каналым сол жайлы ғой).

Әдет деген ұғыммен танысқалы, оны өміріме енгізгелі, менде болашаққа деген сенімділік пайда бола бастады. Неге? Себебі, мен бір затты түсіндім: бәрінің жақсы болғанын қаласаң қозғалысың тоқтамау керек. Әдет қалыптасса, ол күнделікті орындалып, қозғалысыңа екпін беріп отырады. Тоқтамайтынымды түсінемін, бұл жақсы нәтижелер әкелетініне сенемін🙏🏻


Қайырлы түн, оқырмандарым!

Тәтті түстер көріңіздер😘

Показано 20 последних публикаций.