Ризабек Батталұлы


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Религия



Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Религия
Статистика
Фильтр публикаций


«Олар маған айтты:
- Біз тек бір рет өмір сүреміз, сондықтан ләззат алғанымыз дұрыс.
- Мен оларға айттым
- «Біз бір рет өлеміз, сондықтан оған дайындалған дұрыс».


Бір адам ұстазынан Құран оқуға рұқсат сұрайды. Ұстазы оған:

— Бар, Құран оқып кел, — дейді.

Ол тез қайтып келіп, оқып келгенін айтады. Ұстазы оған:

— Енді менің алдымда отырғандай оқып кел, — дейді.

Бұл жолы ол бір айдан кейін оралады. Ұстазы тағы да сынап:

— Енді Пайғамбарымыздың (ﷺ) алдында отырғандай оқып кел, — дейді.

Бұл жолы шәкірт екі-үш ай бойы көрінбейді. Біраз уақыттан кейін ғана қайтып келеді. Сонда ұстазы оған соңғы рет қарап:

— Ал енді, Алланың алдында тұрғандай оқып кел, — дейді.

Содан кейін шәкірт мүлде жоғалып кетеді…


Атам маған айтатын:
Тыныш толқындар жақсы матростар жасамайды.
Ашық аспан білікті ұшқыштарды шығармайды.
Қиындықсыз өмір мықты адамды жасамайды.


Хақ Тағала Құранда былай дейді:
“ Мұхаммед (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Әй мүлік иесі Алла! Кімге қаласаң мүлік бересің де кімнен қаласаң, дәулетті аласың. Сондай-ақ кімді қаласаң ардақтайсың да кімді қаласаң қорлайсың. Жақсылық Сенің қолыңда. Шәксіз әр нәрсеге күшің жетеді» деп айт.
Әли Имран сүресі, 26-аят.


Алла Тағала Құранда:
“Мүмкін Раббымыз оның орнына жақсырағын берер. Расында Раббымызға ынтықпыз”. 🤲🤲🤲
әл-Қалам сүресі, 32-аят.


Ешкімнің мәңгі қалуы мүмкін емес, сондай-ақ адамдар да мүмкіндіктер.


Әнәс ибн Мәликтен (р.а.) жеткен риуаятта Алла Елшісі ﷺ былай деп бұйырған: «Кімде-кім ешбір серігі болмаған Аллаға ықыласпен құлшылық етіп, намазын оқып, зекетін беріп дүниеден өтетін болса, Алла Тағала разы болған күйде дүниеден өткен болып есептеледі».


“О, Алла, мен Өзіңді балаларыма аманат еттім, олар менің өмірімнің егіні, сондықтан маған оларда зиян тигізетін ештеңе көрсетпе”. Әмин!


“Адамдарды сүю атақ-аброй, тегіне немесе ақша мен алтынға негізделмейді, керісінше адамгершілік, тәрбие және әдептілікпен болады.


“Кім үстемдік етсе, жәбірленеді, ал кім зияндық етсе, зиянға ұшырайды, ал зұлымдық етсе, зұлымдыққа ұшырайды, ал сөксе, сыналады. Алла елеусіз қалдырады, назардан тыс қалдырмайды”.


Хз. Әли (Аллаһ одан разы болсын) былай дейді: Дүниенің аяқта тұруы мен амандығы мына төрт нәрсеге байланысты:
- Ғалымдардың іліміне.
- Басшылардың әділдігіне.
- Бай-бағыландардың жомарттығына.
- Кедей-кепшіктің дұғасына.
(Рухул-Баян тәпсір кітабынан)


Уәдеңде тұралмасаң, аузынды жапқан жөн.


Уақыттан артық білімді ұстазды, адамнан жаман білім алушыны көргем жоқ


ДҮНИЕНІ ҚАЛАСАҢ АЛЛАМЕН БОЛ АҚЫРЕТТІ ҚАЛАСАҢ АЛЛАМЕН БОЛ ЕКЕУІН БІРДЕЙ ҚАЛАСАҢ АЛЛАМЕН БОЛ


Әйелдер әлсіз болу үшін жаралмаған, олар іргетас болу үшін жаралған, ал іргетас әлсіз болуға болмайды, әйтпесе бүкіл ғимарат құлап қалады.


“Есеке тым көп мән берілсе, ол өзін асыл тұқымды жылқы деп есептейді. Кейбір адамдар солай…” Махмух Дәруиш


Жақсы адамдар жаман болуға тырыссада болалмайды, өйткені ішінде ар-ождан деп аталатын дәнек бар. Нәжиб Махфуз


Бәлкім, ұнатпайтын сынақ сені армандамаған әдемі тағдырға жетелейді. Нәжиб Махфуз


«Жүрегінде зәредей иманы болған адам тозақтан қайтып шығады».

Тирмизи, Сифату жаһаннам, 10.


Сахаба Абдулла ибн Масғұдтың (Алла оған разы болсын) мынадай насихаты бар екен.
"Сендер мерзімі зуылдап өтіп жатқан, амалдары жазылып жатқан күндіз бен түннің дәлізімен (жүріп келесіңдер). Ал "өлім" күтпеген сәтте келеді. Кімде-кім осы (зуылдап өтіп жатқан) шақта жақсылықтың (дәнін) ексе, оратыны "қуаныш-үміт" болмақ. Ал кімде-кім жамандықтың (дәнін) ексе, оратын (өнімі) өкініш болмақ. Кім нені ексе, соны орады. Жайбасар нәсібінен озып кетпейді. Тағатсыз ашкөз тағдырына жазылмағанға жете алмайды. (Сондықтан) кімде-кімге жақсылық бұйырса, ол жақсылықты оған Алла берді, кімде-кім жамандықтан аман қалса, оны Алла қорғап қалды. Тақуалар - адамдардың ең абзал мырзалары. Фақиһтер (дінді терең түсінген ғұламалар) жолбасшылар. Олармен (фақиһтермен) мәжілістестес болу бір ғанибет".

Показано 20 последних публикаций.