• дем •


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Блоги


мәңгі бар болатын, шынайы һәм мәнді болмыс қалыптастыру жолындағы харекеттер..
кері байланыс: perizat.ak (instagram парақша)

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Блоги
Статистика
Фильтр публикаций


{66 қадам}

жақында бекітілген жаңа әдет – ақыңа өткізу.
иә-ә, мен үшін ең қиын іс. кішкентайымнан өз ойын бүкпесіз, тіке айтуға бейімделген, жеке шекараны шегелеп тұрып сызған жанның бірімін. кей кезде қажет ететін қасиет шығар, бәлки. дегенмен, болмысымның туралығы үшін, мінез байлығына жету үшін осынау өзіндік қалыптасқан қағидаларды бұзуға тырысудамын.

тұла бойды әлсін-әлсін билеп кететін менмендік, тәкаппарлық атты ауыр жүкті көтеруден асқан не бар?! өзіңе деген қомақты зұлымдықтың белгісі дерсің..

ақыға кіргізу.. қалай? қашан?
оңай. рас, оп-оңай:
◽такси жүргізушісі жаныңызға емес, қашық жерде тоқтады – бес жұлдыз қою🌟
◽сізге берілген уәде орындалмады – қабылдау.
◽сапалы қызмет көрсетілмеді – 2гис қосымшасында жақсы пікір қалдыру.
◽бастықтан сөз естідіңіз – ертесіне таңғы кофе әкелу☕️
◽тапсырыс жеткізуші межелі нүктеге жетпей жатып, «күту уақытын» басып қойды – үндемеу.
◽бір жан кезекке бағынбай, алдыңызды орап кетті – жақсылық тілеу.
◽сыртыңыздан өзіңіз туралы ғайбат есту – ол кісі үшін дұға ету❤️‍🩹

нәпсіге ауыр, білемін. бірақ мәселенің астары бұл емес қой. нағыз мәселе мына сұрақта:
кім жеңді, кім жеңілді?
кім ұтты, кім ұтылды?


🕰өзгелер ұйықтап жатса – сен білім ал.
🌸өзгелер ысырап қылса – сен үнемде.
⛰өзгелер беріліп жатса – сен соңына дейін шыда.
👑өзгелер тек армандап жүрсе – сен әрекет ет.
🤲өзгелер шағымданып жатса – сен алғыс айт.
💡өзгелер ғұмырын ойын-күлкіге толтырса – сен дамуға арна.


көктем туды🍂
жасыл маусыммен бірге қасиетті айды қарсы алдық. нағыз көңілдің көктемі деген осы болар. тек табиғаттың оянуы емес, кіл адам баласының рухани ояну мезгілі болмақ. бұйыртсын.

мүмін бауырым, сенің қалауың мен Алланың қалауы үндескен ай болғай. сен үшін тілекшімін..💐


❄️қар кешкен ақпан | қорытынды

айдың үздік кітабы - «Үмметім үшін қорқамын» (Е.Есқожа)
айдың үздік фильмі - Молда, 2025
айдың үздік қойылымы - Еділ мен Жайық (Жастар театры)
айдың үздік телехикаясы - 4 градуса (salem)
айдың үздік мекені - наубайхана Biday
айдың үздік сусыны - ананас сәні
айдың үздік сұхбаты - Ж.Байсеміз & С.Керімбай
айдың үздік (youtube) арнасы - kokohome
айдың үздік қосымшасы - Яндекс.Книги
айдың үздік пайдалы парақшасы - es_agasi
айдың үздігі деп танылған тұлға - Арман Әлменбет
айдың үздік қанатты сөзі - пайда ойлама, ар ойла
айдың үздік жетістігі - маусымдық нишаға ерте дайындық
айдың үздік бекітілген тізгіні
(челлендж)
- әр оқығанды, әр көргенді, әр тыңдағанды тәпсірлеу
айдың үздік тұрақтыланған жүйесі
(нені тұрақты жасадым) - жария/жасырын садақа
айдың үздік естелігі - қалың қарға оранған кәрі Жайық❄️🌨️
айдың зейін қойылған нүктесі - өзіңнен есеп сұрау һәм есеп беру


Раббың үшін сабыр қыл:

қайсы түнді көрдің, таңы атпаған?
әлі-ақ бәрі жақсы болады🤎


кешқұрым жексенбінің бір бөлігін демалысқа арнауды жөн көрдік. отандық өнімге алдыңғы сапта тұрып, қос қолдап демеу көрсетуден аянбайтын жанның бірімін. лайым, әрдайым солай болсын.

кинотеатрға барудың өзі нақ жоспармен, оң пікірлер мен жақындардың ұсынысы арқылы жүзеге асады, көбінде. демалыстан «жағымсыз әсер» алудан кәдімгідей қорқады екем. қорқыныш емес, уақыттың ысырабынан сақтанамын дегенім келіңкірейтін шығар.

нәтижесінде, бөлінген алтын уақ мардымды сәтке айналды. театрдың алғашқы туындысы. «алғашқы» деген ат үшін әбден қошеметке лайық. таңмын. фильмге емес. әсірелеп, тым жоғары бағалауға қарсымын. мынау құдіретке таңмын. дәл қажет кезде, дәл мұқтаж хәлде, дәл қолдау күту сәтінде кездескен картина болды. бойға тың қуат жиылып, көкейдегі көгендеулі ойларға бір мезет тоқтау салынып, денедегі алып күш едәуір жеңілдеп қалғандай әсер сыйлады.
рақмет, Өнер қырандары..

📷Молда ‘25


{65 қадам}

бес күн, бес түннен соң шырайлы ай есігімізді қаққалы тұр. бірден бойды жып-жылы сезім билеп кетеді, иә? кезекті жоспарларды құрып, сапалы һәм мәнді ай қып өткізбекке ақырын талпынып жатқан жайым бар.

биылғы Рамазанда рухани өсуден бөлек ауызашардан соң сәресіге дейін еш «перекус»-тың болмауын қадағалауға ниеттімін. аштықты дұрысынан сезінген жөн.
❤️ жауды жеңген жарты батыр, өзін жеңген бүтін батыр демей ме? Рахманның қалауымен бүтін батыр атануды жазсын! үнсіз тілейтін де, жар сап айтатын да дұғам осы.. тілден шыққан дұға көздемесең де нысанға тиеді. шүбәсіз. әсте, нағыз қалып (мұсылман күйі) фәл (жақсылыққа жору) болмақ. жамандықтың жолын дұғамен кесіп, мәселесін дұғамен шешкен адамның өмірі қандай жеңіл әрі жайлы екені маған және сізге мәлім. сәттілік, мүмінім😌


кейде адамдардың жүрегіне салған жылы сөзің садақа жәшігіне салған ақшадан артық болуы мүмкін..💓

жұма мүбәрак, жақсы сөз - садақа 🌷


инста-хикаяның айтары:

ақ өмір сүрсең ғана ақ өлімге жетерсің. ақ өлім күллі адамзаттың мақсұты болса, шіркін.. оны қоя тұр, ақ өмір деген не?…


Я не позволю незнанию не дать мне узнать то, что я могу узнать. Не позволю неумению не дать мне сделать то, что я мог бы сделать.

📔 | Не ищите апельсины в черничном поле


🎀бүгіннен:

негізінде, нәпсі - бөрі, ойым - қойым,
бөріге қойды жемей жоқ қой тойым.
қайсына болысардың жөнін білмей
бүгінде болып жүр ғой дел-сал бойым.


Тәңірлік азап тек ер кісінің мойнында болмақ емес. біздің арқамыздағы жүк ше? ӘЙЕЛ затының тек аты ғана нәзік болар, басқасы қажырлы еңбек, күрделі жол, мықты күрес.
Өзге емес, дәл Қазақстанда дүниеге келдік, ғұмыр кештік, өмір сүрудеміз. Кім өз жерін үлкен махаббатқа баламайды? Сірә, ғұмырдан бұрын жеріміз бізге аманат..Ғұмырдан бұрын берілген сый..Ғұмырдан бұрын бекітілген нығмет💗


2025-тің кезекті жұмасындағы тілек:

«жүректеріңіз суымасын»


«Көңіл көзі ашық, жүрек кең болса, адам әрқашан бақытты».

| М.Әуезов 📔


дем күнделігінен: «Гурьев кеші көңілді» 🌙📜💭

жайлы кеш. тымық. қызығы да сол. бүгін қаламның есіп өтетін дауылы мен желі жоқ.

сырт киімді іле сала далаға ұмтылғанымды болайын. өзге уайымы мен қамы жоқ балаша күй..ең ғажап күй.. бұл да бір келген нығметті қабылдау, ризашылықтың шыңын білдірудің амалы ғой. ал әңгіменің астарын өрбітейін. алдымен тағдыр алдымыздан шексіз мүмкіндіктер мен таңдаулар қоятынын білмек керек. білу аз, санаға тоқу – міндет. жұта салып, дереу қайта шығарған демің мүмкіндік емес пе? көзіңді қай тұсқа салуды таңдай алатының ше? жайлы ғұмырға, тыныш жүрекке деген рақымет қайда? төрт қабырғада қамалып, боз шағыңның ысырап болуына рұқсат ететін де – өзің. шырмалаң ғаламторда еріксіз сауық құратын да – сен. кейін бұлқан-талқан боп қапаланудан бейхабар пенде сипатын саласың кеп. біле тұра жалғастыратын да, мына, сен..

өмірдің өзі алу мен беру дей ме? бермейтініміз бәсенеден белгілі. (дұрыс) алуды да үйренбеппіз ғой. ызаға толы дене, сұсты әлпет.. [алғыс білдіру, шүкір ету былай тұрсын] оның жанында жымиып, жақсылықты сезіну де құдды күрделі іске айналып бара жатқандай.


мамандық таңдаудан қателессең, кейін қайта оқып аларсың. өкініштің орнын толтыруға мүмкіндік бар-ақ.

✉️ бастысы жар таңдаудан қателеспе, өтеуі өз ғұмырың болады..


жамандықты жасаған емес, жамандыққа жол берген адамнан қорыққан жөн. әлде жақсылық жасауға мүмкіндігі бола тұра бас тартқан пенде қорқынышты ма?

таразыда кім ауыр? қайсысы жеңіс, қайсысы жеңіліс..?


формат сәл өзгерді, кешіккен қорытынды қалай?😌


🪞қаңтар | қорытынды

айдың үздік кітабы - Дайағашшы (Ұ.Нұрғалымұлы)
айдың үздік мекені - Kiiz kofehana
айдың үздік сусыны - раф. тұзды карамель.
айдың үздік сұхбаты - Narikbi LIVE > 110 бөлім
айдың үздік арнасы - «Абылай Кенжалы»
айдың үздік пайдалы парақшасы - azamat__skakov
айдың үздік қанатты сөзі - «өзіңмен алыс өлгенше»
айдың үздік жетістігі - толыққанды жөндеу жұмыстары
айдың үздік бекітілген тізгіні
(челлендж)
- 21 days of no fast food
айдың үздік тұрақтыланған жүйесі (нені тұрақты жасадым) - кемінде 20 бет парақтау, ой түю, түртіп алу.
айдың үздік естелігі - қимылсыз өткен үш күн
айдың зейін қойылған нүктесі - денсаулық


саналы түрде сараптасақ, мыйдың берері дөп жауабы да осы.

⏪️сақтықта қорлық жоқ⏩️

Показано 20 последних публикаций.