• дем •


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Блоги


мәңгі бар болатын, шынайы һәм мәнді болмыс қалыптастыру жолындағы харекеттер..
кері байланыс: perizat.ak (instagram парақша)

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Блоги
Статистика
Фильтр публикаций


бүгінгі күн мереке ме?

желтоқсан желі.. төртеудің соты..сорақылық..
қаршадай болса да алпауыт зұлымнан жасымаған батырларым-ай..

қара бауыр қасқалдақ,
сиреп қалған тоғайға (қазақ)
қамықпа деп көңіл айт..


{58 қадам}

🎧💛🖊️
«Жаңбыр жаумай тұрып су болма,
Мәселе келмей тұрып, оны ойлама»
деу қаншалықты дұрыс екен? Кешелі осы тәмсілді өздігімше қорытып жүрмін. Мәселе туындамас үшін алдын алу әрекеттері ше? «Қоғамдағы мәселелерді шешуге тырыспасаң, ол отбасыңа келеді» деген ұстаным ше?

Барлық мәселе - білімсіздіктен. Демек оқу, білім арқылы біраз қасіреттің жолын жабамыз. Оқу үшін тәртіп керек, қызығушылық керек, мақсат керек, арман керек. Өзін танымаған адамның мақсаты қандай болуы мүмкін? Бос мақсат.. құндылықсыз мақсат па? Себепке емес, негізге үңілуімнің себебі де осы ғой. Тіпті армандау мен мақсұт табудың түбі өзіңді тануға кеп тіреледі. Ең қиыны да сол. Өз ойыңның ізімен пайымдау. Өз жүрегіңе, өз ойыңа сүңгу. Өзіңді тану. Өзіңмен болу.

Осы жолда тәжірибелі жандардың ақыл-кеңестерін тыңдау, олардың жүріп еткен жолдары мен сүрген сәттерін талдау қайырлы емес пе? Подкастты да балаң оймен емес, таза һәм түзу ниетпен тыңдау қажет. «Ол қате айтады, оның пікірі бұрыс» деп бірден кесіп бағамдамай, сүзгіні қосып, өзімізге жауапкершілік ала отырып тыңдау, іздену, зерттеу соңы рухани көрсоқырлықтан сақтауы керек..сақтайды..🌷


өзіміз ағарғанда ғана қоғам ағарады.

💭түбіміз тұйыққа тірелмес үшін қазірден ақырын жүріп, анық бас!


арнамның айнасы болып тұрған шаңырақ белгісі бекер тұрмағаны бесенеден белгілі. мен үшін шексіз өмірдің нышаны боп саналатын шаңырақта шексіз бар болатын мәнді өмірім өтсе ғой, шіркін. терең үн мен ішкі қалау ғой. әйтпесе, инфантилист тәрбиелеу де, ол қатардан табылу да ойда жоқ. олай болса тіккен үйіміз биік болсын, берік болсын!

бұл ошақ менің ғана емес, сіздің де тыныға алатын, жаңа дем беретін шаңырақтарыңыз болсын..💌


желтоқсан салған ой 🔗

Аллаға жақындатпаған кез келген жылжу - құлдырау. Сені қарапайым қылмаған білім - надандық. Аллаға ғана мұқтаж екеніңді сездірмеген байлық - пақырлық.


📌Адам белгілі бір мақсат пен мұрат үшін жаратылған ба?
Әлде меңіреу табиғаттан кездейсоқтықпен шығып кеткен мақұлық па?


{57 қадам}

✉️44 қадамның жалғасы..

«SAJDA» қосымшасын жасаған жандарға үлкен ризашылығымды айтумен бастайын. Күнделікті ескертулер, таңғы және кешкі зікірлер, дұғалармен қоса «көркем есімдерді еске сақтау ойыны» үшін мол сауапты болғай.

Бүгін 99/99 санын көргенде жүрегім елжіреп сала бергені бар ма..
Жүрек түкпірінде әр сәтіміз әр есіммен шағыласса ғой деген тілек. Бұл нәтиже Ол және мен арасында бәтин болсын.. Бастысы зейінімізді ашсын, ілім алуымызды тоқтатпасын, Оны тануға деген әрекеттерімізді үзбесін 🌿


өмір сүру үшін бар керегі сол - махаббат.
бір күні жауын бәрібір жауады. тек күте біл. үмітіңді үкіле.

🌸 эмоциялық қабаттан шығатын бұл нығмет (махаббат) ғұмырыңда бар болса бағала. қадірле. күпірлік қылма.


өзгені «беске» білуге тырысқанша, өзіңді «үштікке» білуге күш салсаң – олжалы болғаның 💓


қараша 🖊️


саморазвитие (Ноябрь):

IQ - за месяц было прочитано 11 книг📖
(религиозные, про саморазвитие, привычки, классические казахские романы и даже детектив)

[09.11.2024] - кофе брэйк с подругами (ой талқы) про мышление, путешествие, Японию, цели, воспитание..

[23.11.2024] - лекция «Мұрат Мөңкеұлы». Лектором был учитель истории neo.qazaq_.

[30.11.2024] - лекция от Qala academy «Қала және университет». Очень интересная и важная тема..поделилась отрывками и своими мыслями в инсте✨

SQ - купила очередную БД Аеки Пош..нет слов..море инфо..🌷

[03.11.2024] - открыла продажу на проект «ОЯН». мое детище и любовь🩷

[04.11.2024] - презентация книги «Қаныш және ғылыми майдан». Я не могу насытиться этим автором, слушала его лекцию три часа, потом сделали фотографию на память и получила автограф.

[05.11.2024] - духовный вечер с Санжар Керімбай. Познакомились и за одним столом обсудили разные темы. Получился очень информативный и мотивационный вечер. В конце он успел поделиться с очень хорошей новостью..пусть будет во благо!

[09.11.2024] - «Призрачная красота» - кино талқы (Talap community). Каждый человек в течение жизни переживает похожие чувства: боль от потери, любовь, сожаление об утерянном времени, и это объединяет всех людей, делает близкими даже незнакомцев. Понимание призрачной красоты — это мудрость, способность принимать жизнь такой, какая она есть, вместе со всей болью и страданиями.

[16.09.2024] - «Норвежский лес» - кітап талқы. Это было мое первое знакомство с Мураками. Очень долго читала, была уверена, что мне он не зайдёт - так и получилось. Завершение обсуждения книги завершилось наблюдением за Японией с другой точки зрения, изучением психологии одиночества и осознанием того, к чему может привести духовный застой. Моя оценка: 4/10.

[24.11.2024] - встреча с участниками KitapAl club.
новые знакомства..новые возможности..обмен новыми знаниями..
один раз в месяц будем собираться и обсудить книгу🤍

[30.11.2024] - «Она» - кино талқы. Обсудили риски для человечества связанные с ИИ. По мере развития технологий искусственного интеллекта (ИИ) и их всё большей интеграции в различные аспекты нашей жизни растёт потребность в понимании потенциальных рисков, которые несут в себе эти системы. Уровень опасности…реально пугает. Мы должны развивать науки и технику, это понятно. Но в первую очередь, мы сами должны безперерывно, постоянно развиваться (по ЕQ особенно).

EQ - начала вести дневник чувств и эмоций, пока нравится.

ноябрь = работа с клиентами, новые знакомства.

в этом месяце еще раз убедилась, что работа над эмоциальным интеллектом очень-очень трудно..но важно! последний фильм, которую посмотрела «Она» (2013) тоже был тесно связан с EQ.

🆎🆎🆎🆎 с ДЖ на канале juz40 «Кредитке айфон, трейдинг, ақшаны үнемдеу»:
+ новые знания касательно денег
+ классные инсайты
+ решение проблем
это конечно больше по FQ(финансовая грамотность), но по мне FQ = EQ. Для того, чтобы улучшать свою финансовую грамотность сначала нужно повысить уровень EQ!👆🏻

PQ - назначили капельницу + получаю витамины 💊

домашний пилатес..утренняя и вечерняя растяжка..фэйсмассаж = обычная рутина.

так как в октябре часто ела фастфуд, в этом месяца отказалась (челлендж на 30 дней).

Результаты по замеру тела:
обхват груди (-2 см), рука (-2 см), талия (-3 см), обхват бедер (+1 см), нога (-4 см).


🌷Фавориты/итоги месяца «Ноябрь»:
книга - «Әйел махаббаты» (М.Мағауин)
место - кофейня «Coffee Terra»
подкаст - JUZ40 online -> Данияр Жігітбек
блог - lauyym
цитата - «когда молитва становится вашей привычкой, чудеса становятся вашим образом жизни»
десерт - классический чизкейк
цвет месяца - черный🖤
соц. сеть - telegram
фильм - 172 days 😭🔝
сериал - КЩ (на другие времени нету)
курс - БД Aeka Posh
телеграм канал - aialabisou
инсайт - «самое важное что ты можешь сделать для улучшения отношения с другим - это наладить отношения с собой».


☂️Өткен өмір - енді ешқашан ашылмайтын есік. Кейде артқа қарап, естеліктерді електен өткізіп, сағынып, сарғамыз. Сол кезде қазіргідей ақылды болсам, мұншама қателік жасамас едім деп өкініп жатамыз. Бұны басқаша жасар ем деп аһ ұрамыз. Біраздан соң бұл ойдың бәрін ысырып тастап, өткен шақты аңсаудан түк өнбейтінін түсінеміз. Артқа қарай берудің қажеті жоқ. Болған іс болды. Өтті-кетті.

Алға қадам басу керек. Ақылды күйде басу керек. Есейген күйде басу керек..


{56 қадам}

📚🕰📘
асылында, ғайбат айтатын, біреуге жала жаба салатын, адам бойынан кінәрат іздейтін өзіміз екен ғой.

3 жыл бұрын инстаграм парақшамдағы хикая (stories) бөлімінде «адам аяғы баспайтын жер - кітапхана» деген жазу қалдырып, кітапханадағы бейнежазбаммен бөлісіппін. өзім бір күніге кітапхана шарлап, бар уақытымды білім-ғылымға арнайтындай кейіп танытып, қай бетіммен салдым деймін да.. cөйтсем адам аяғы емес, менің аяғым баспаған жер екен ғой.

қазір әр аптамның соңы кітапханада аяқталады. апта сайын болатын іс-шаралар, талқылаулар, дәрістерден қалмауға тырысамын. тіпті оқу үшін кей кітаптарды сол жерден алуды да шығардым. не деймін? қуаныштымын. бұл жерге қадам жасағаныма қуаныштымын. аяғымның осынау мекенді басып жүргеніне қуаныштымын..💞


«Егер бір іске бел байласаң, Аллаға тәуекел ет. Сөзсіз, Алла тәуекел етушілерді жақсы көреді»

🧡| Имран сүресі, 159 аят


онымен ішкен бір кофе Хақ рақымымен жаныңа шипа болуы не деген нығмет?!🤎


{55 қадам}

Өткен жолы парақшамдағы «жақын достар» бөлімінде энергия туралы түйдек ой қалдырғам. Кейін «энергияны қайдан аламын өзі?» деген терең ойда қалдым. Өз энергия көзін тапқан пендеден бақытты біреу бар ма? ❤️

Мазаң болмаған сәтте, өзіңді жайсыз сезінгенде, бойыңды шаршау сезімі шарлағанда маған қандай дүние дем береді, не нәрсе шабыттандырады?
Ой елегінен өткізу..жеке сүгіреттер жинақтарын ақтару..әр эмоциямды жіті бақылау.. Ә-ә, таптым-ау! Адамдармен ашыла сөйлесу, өзекті әңгімелер шертілетін ортада болып, ой талқыға қатысу бүкіл мәселелерімді ұмыттырып, тұла бойымды шабыт кернеп, энергия ресурсым молайып қалады екен..Экстраверсия нұсқам соншалықты жоғары болмаса да, әзірге энергия алатын ошақ көзі – қарым-қатынас. Келер жылға қояр мақсатым сол қоршаған ортаға, қарым-қатынас тәсілдерін нығайтуға, әртүрлі саладағы жандарды біріктіруге арналғалы тұр.

🔑Солай, шабыттың иесін табу да - өмірді жақсартуға жасалған қадам.


күнәні жасауға келіп тұрған шама,
күнәні жасамауға да келеді.

| Ерлан Ақатаев


ойлап қарасам, тұтас өмірді өз салтыма бағындырғым келді-ау, сірә. бірақ өмірді шотқа салып есептей алу мүмкін емес, жанымыздың қалтарыс-бұлтарыстарын сызғышпен өлшей алу біздің құзырымызда емес екен..

күнде сабақ, күнде есею, хайыры🤍


күзді сүйем,
жо-жо-жоқ, сізді сүйем…🍂

Показано 20 последних публикаций.