«волшебная палочка» күтпеңіздер 🪄
өзіңмен жұмыс - ол өмір бақи жалғасатын жұмыс. бақ деген де бар ғой. бақ әуелі адамның аяғына ілінеді, аяғына келген бақты көтере алмаса аяғын шалыс басып, жүрісінен жаңылады. егер аяғына келген бақты көтере алса, бақ өрлеп белге келеді. белге жеткен бақты көтере алмаған не ұрпақсыз қалады, не өзінен тараған ұрпағына кесірі тиеді. ал егер беліне келген бақты көре алса, бақ кеудеге көтеріледі. кеудеге келген бақты түсіне алмағанның кеудесінен нан піседі. ондай пендеде бақ тұрушы ма еді?! егер кеудеге келген бақты көтере алсаң, бақ өрлеп ауызға келеді. бұл кезде айтқаныңа ел құлақ салады, тыңдайды. аузындағы бақты ұстағанның ендігі кезегі - көзінде. көзіне келген бақты көтере алмағанның көзін шел басып, бар мен жоқты, жақсы мен жаманды ажырата алмайтын хәлге жетеді. көздегі бақты көтере алсаң, бақ жоғарылап басыңа орнайды. кетпес бақ деп соны айтады. аяққа ілінген бақты жоғалтпай, басына шығару - ақылдының ісі..