{58 қадам}
🎧💛🖊️
«Жаңбыр жаумай тұрып су болма,
Мәселе келмей тұрып, оны ойлама» деу қаншалықты дұрыс екен? Кешелі осы тәмсілді өздігімше қорытып жүрмін. Мәселе туындамас үшін алдын алу әрекеттері ше? «Қоғамдағы мәселелерді шешуге тырыспасаң, ол отбасыңа келеді» деген ұстаным ше?
Барлық мәселе - білімсіздіктен. Демек оқу, білім арқылы біраз қасіреттің жолын жабамыз. Оқу үшін тәртіп керек, қызығушылық керек, мақсат керек, арман керек. Өзін танымаған адамның мақсаты қандай болуы мүмкін? Бос мақсат.. құндылықсыз мақсат па? Себепке емес, негізге үңілуімнің себебі де осы ғой. Тіпті армандау мен мақсұт табудың түбі өзіңді тануға кеп тіреледі. Ең қиыны да сол. Өз ойыңның ізімен пайымдау. Өз жүрегіңе, өз ойыңа сүңгу. Өзіңді тану. Өзіңмен болу.
Осы жолда тәжірибелі жандардың ақыл-кеңестерін тыңдау, олардың жүріп еткен жолдары мен сүрген сәттерін талдау қайырлы емес пе? Подкастты да балаң оймен емес, таза һәм түзу ниетпен тыңдау қажет. «Ол қате айтады, оның пікірі бұрыс» деп бірден кесіп бағамдамай, сүзгіні қосып, өзімізге жауапкершілік ала отырып тыңдау, іздену, зерттеу соңы рухани көрсоқырлықтан сақтауы керек..сақтайды..🌷