{55 қадам}
Өткен жолы парақшамдағы «жақын достар» бөлімінде энергия туралы түйдек ой қалдырғам. Кейін «энергияны қайдан аламын өзі?» деген терең ойда қалдым. Өз энергия көзін тапқан пендеден бақытты біреу бар ма? ❤️
Мазаң болмаған сәтте, өзіңді жайсыз сезінгенде, бойыңды шаршау сезімі шарлағанда маған қандай дүние дем береді, не нәрсе шабыттандырады?
Ой елегінен өткізу..жеке сүгіреттер жинақтарын ақтару..әр эмоциямды жіті бақылау.. Ә-ә, таптым-ау! Адамдармен ашыла сөйлесу, өзекті әңгімелер шертілетін ортада болып, ой талқыға қатысу бүкіл мәселелерімді ұмыттырып, тұла бойымды шабыт кернеп, энергия ресурсым молайып қалады екен..Экстраверсия нұсқам соншалықты жоғары болмаса да, әзірге энергия алатын ошақ көзі – қарым-қатынас. Келер жылға қояр мақсатым сол қоршаған ортаға, қарым-қатынас тәсілдерін нығайтуға, әртүрлі саладағы жандарды біріктіруге арналғалы тұр.
🔑Солай, шабыттың иесін табу да - өмірді жақсартуға жасалған қадам.