Шылғау


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Блоги


Далбайоптандырылмағандықтарыңызбен!

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Блоги
Статистика
Фильтр публикаций


Санаң өзгермесе санның ауысқаны көмектеспейді.


Манты жеп енді болдым. Кешіріңдер, деп өзіңді бір маңызды адам сезінсең.

Барлықтарыңды жылдың басталуымен құттықтаймын.

Бастысы бастарың аман, бауырларың бүтін болсын. Қалғаны әшин дүние.

654 0 1 12 36

Ақшаны табу бар, бірақ оны сақтау, көбейте алу негізгі мәселе.

Егер қаржылық сауаттылығың төмен болса үйлен. Сауатың ашылады.


Негізі жылдың қортындысын каспидегі бір жылдық айналымдағы ақшадан қарап біле салуға болады.

Бір жылда 10 млннан аз болса лохсың

#хаха

679 0 0 13 21

Біз манты күтіп отырғанда доллар 530ға жетіп қалды.

Бұл дегеніміз жаңа жылды бұрынғыдан да кедей болып қарсы аламыз деген сөз.

#хаха


2024 кімде қалай өтті? Кім не істей алғаны үшін өзін мақтан етеді?

654 0 1 13 10

Жаңа жыл, той, жаз, демалыс деген ұғымдарды жоғалтып алдым.

Бала күнде бәрі керемет еді...


Шерзаттың оқиғасы бітпеуі керек еді деп ойлаймын.

Бұл бір үйдің емес шіріген жүйенің тағы бір жыртығы еді.

Кеше ұшақ құлады. Ресей атып түсірді. Билік те, медиа да үнсіз.

Қорқады. Қабағынан қорқады.


Біздің медиадағы ақпараттың ғұмыры тым қысқа.

Бүгін бұрқылдап бірдеңе айтып жатамыз. Ертең ол жайында қалады. Біз басқаны талқылаймыз.


Блә жылда осы. Жыл сайын жұрттың жаңа жылдық корпоративіне тамсанып отырамын. Есі дұрыс жұмыс не есі дұрыс коллектив бұйырмапты.

Біресе тормоздармен біресе молдалармен жұмыс істеп қала беремін.

#хаха


Кейде қырсық бір айналдырса шыр айналдыратыны бар ғой.

Бір жыл бұрын осы жазбаны бөлісіп едім. Досымыздың баласы сырқаттанып Қазақстандық дәрігерлер диагнозын дұрыс қоя алмай шарқ ұрып жүрді.

Ел болып көмектесіп ақша жинап Кореяға барып диагнозын қойдырып келген еді. Ем-домын қоса ала келген.

Кеше сторисінен оқып отырсам күйеуімен де ажырасып, сырқат баласымен ата-анасының үйінде екен. Дүниенің сынағы таусылсын ба, күні кеше ата-анасының үйі түгелімен өртеніп кетіпті. Жалаң аяқ әрең дегенде жандары қалған.

Дүние боқ дерсің. Одан да қиыны кішкентайдың қымбат дәрілерінің бәрі үймен бірге өртке кеткен.

Ол дәрілерді тек Кореядан алу керек екен. Еще олар біздердікі сияқты салып жібермейді, тек барып дәргердің қабылдауымен ғана береді дейді.

Кеше "көз тиер деп ешкімге айтпай жүр едім. Соңғы күндері балам жақсы болып ақырындар жүріп бастап еді" дейді.

Енді соған кішкентай мен анасы тағы жол жүру керек боп жатыр.

Қолымыздан келсе сәл болсын көмектесіп жіберсек.

Баласы үшін шарқ ұрған ана ғой.

Мүмкін болса жазбаны каналдарыңа бөлісе кетіңдер.

Көмектесем дегендер үшін анасының каспи номері:

87472906387 (Мариям Б)


Репост из: Шылғау
Сәл көмектерің керек боп тұр.

Досымның баласы сәл сырқаттанып қалыпты. Өзіміздің дәргерлер дұрыс диагноз қоя алмай жатқан көрінеді.

Ата-анасы Кореядан шақырту алыпты. Жас отбасы ғой, қаражат жағы қиындау болып жатыр дейді. Мүмкіндік болса шама шарқымызға қарай көмектесіп жіберейік.

Төмендегі мамасының реквизиті.

Реквизиты каспи: 4400430198931997

+7(747)290 6387
Мариям Б.


Кальмар ойынының бірінші сезоны туралы осылай жазыппын.

Ал қазір екінші сезонды бастап көріп жатырмын.


Репост из: Шылғау
Бүгін Нетфликстің "Игра в кальмара" деген сериалын көрдім. Меніңше жақсы түсірілген сияқты. Соңына дейін интрига ұстай алды.

Бірақ сериалды көріп отырып киноның сюжеті таныс сияқты болды. Бұрын бір жерден көрген сияқтымын. Сосын киноның соңғы сахынасында ғана есіме түсті. Мен бұл сюжетті оқығанмын. Иә оқығанмын.

Мектеп кезінде Агата Кристидің "Десять негритят" (10 қара домалақ) деген детективтік романын оқығамын.
Мынау "Игра в кальмара"-ң дәл соны өзі екен. Осыдан жеті жыл бұрын оқыған романым есіме түсіп кетті.

Романда да қатысушыларды белгісіз бір аралға әкеліп тастайды. Кино да да солай. Екеуінде де бір бірін бұрын көрмеген кейіпкерлер болады. Романда бұрын істеп, бірақ жазасын өтемеген қылмыс үшін жазаланады. Сол үшін оларды өлтіреді.

Кинода бәріне ортақ дүние бәрінің басында қаржылық қиындықтар.

Тағы бір ұқсастығы романда әр адамға бір-бір негр баланың мүсіншесі болады. Біреуі өлсе бір мүсін жоғалыр отырады. Кинода олар шахматтың тастарымен ауыстырылыпты.

Бірақ ең қызық әрі бұл киноның романның негізінде түсірілгеніне екі түрлі дәлел келтіруге болады.

Біріншіден екеуінде де ойын балалардың ережесімен жүзеге асырылады. Романда он негр бала туралы балалардың өлеңіндегі ұйқастармен өлтіреді, кинода олар балалардың ойынын ойнатады. Жеңілгендер өліп отырады. Екеуінде де соңында бір жеңімпаз қалады.

Екінші әрі бастысы. Екеуінде де ойынды ұйымдастырып отырған жасырын кейіпкер өзі де ойынға қатысады. Екеуі де ойынның ортасында "өліп" қалады. Басқалары осылай ойлап қалу үшін ойыннан шығып жасырын отырып ұйымдастырады. Соңғы әрі маңызды жері екеуінде ұйымдастырушылар соңында өздері де өледі.

Воот солай. Негізі сериал көруге тұрарлық. Қызықты екен. Ұсынамын.


Астанадан ванхун жігіт іздеп жатырмыз. Ерлер киімі. Күнделікті стримде сату керек.

Беті қалың. Сатуға икемі бар жігіттер болса хабарласыңдар.


Репост из: Тіл кеспек жоқ
‼️Ақтаудағы ұшақ апатына Ресей зымыраны себеп болған — Euronews

Telegram ~ Instagram ~ WhatsApp


Біз жақсы күнді, оңтайлы сәтті, мінсіз адамды күтеміз.

Осы сенікі, дәл қазір баста, мынаны таңдасаң қателеспейсің дейтін белгі күтеміз.

Белгі. Құдайдан сол арқылы кепілдік сұрағымыз келеді.


Осы біздің көшбасшы іздеуіміз, басқа біреу атып шығып жол бастап кетсе ілесемін деп ойлауымыз, діни сенімнен емес пе екен?!

Исаны күткен сезіммен, саяси лидерді де күтіп жүрген жоқпыз ба?!

Бәлки, бұл елде атеист жастар көбейгенде қорықпай көшеге шығып ойын айтатындар көбейетін шығар?!


Мен мәнсіз ерекеттерден қарағанда тыныштықта қалғанды қалаймын.


Тесік шелекті суға толтыра алмағаныңа өзіңді кінәлауға бола ма?

Меніңше иә.

Показано 20 последних публикаций.