ұзақ жолға ауыр сөмкемен шықтым. сөмкем толы асқақ арман, аяулы жүрек, ақ махаббат. шаршап, талған сайын ең қажеттілерімді аз-аздан жол шетіне қалдырып отырдым. жол шетіне келгенде армандарым аяқ астында тапталып, ақ махаббатымды жоғалтқанымды, аяулы жүрегімнің шаршағанын ұқтым. бірақ, мен әлі жүріп келемін… тоқтаусыз жүріп келе жатырмын.