tamshym🌊


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Цитаты


тамшымын...
тағдырға сенемін!☔🌊

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Цитаты
Статистика
Фильтр публикаций


орындықтар да өмірден өз орнын іздейтін шығар..?


есейгенім бе, әйтеуір, біреудің үйіне қонаққа барғым кеп жүр. бұрын ат-тонымды ала қашатын едім. қазір қонаққа шақырса екен деп тілейтін боп алдым. қартайып бара жатырмын-ау деймін..,

хаха


болғаныңдай көрін не көрінгеніңдей бол.

мәулана руми


тағы бір рецензия, оқып көріңдер😙 биыл Нобель сыйлығын алған Хан Гаң апайдың «Вегетерианка» шығармасы хақында
https://zhasalash.kz/news/kogam-erezhelerne-karsi-kures-nemese-han-gannin-vegetariankasi-6293af/?fbclid=PAZXh0bgNhZW0CMTEAAabKaKeRrJXjKQAStIu1ehFCt4oB5-a3c54eyzG2e5gi6nfiwH5NdOfHKsg_aem_tGfe62duPURA9NXo0XFK0A


бұл мекен тұрғындарына ортақ бір-ақ нәрсе болса, жалғыздық шығар. бәрі жалғыз. әркім өзінше жалғыз. жалғыздығы жайлы ойды өзіне серік еткен жалғыздар.


байқайсыңдар ма, осы қазіргі жасөспірімдер, зумерлер не қазақша, не орысша қатырып сөйлей алмайды, иә. енді ағылшынша айта қойшы десең, онысы да жетісіп тұрған жоқ. сонда олар қай тілде түс көріп, ойланады?


Күзбен қоштасу...🍁

Аспан жылайды...
Суық бола ма түн бүгін?
Бұлтқа жасырған сәулеңді, айтшы, кім, Күнім?
Біздің өлкеден тағы күз кетіп барады
Ішіне сақтап сұмдығын.

Жылытпас енді құшақ та ыстық жат мұңлық,
Мизам шуақтан бағымды арай таптым нық.
Дәл сіздей мені тастап барады күз тағы
Жаныма жасап сатқындық...

Пердесін таңның тамшыдай мөлдір ашқан мұң,
Жалғасын жазып ғазиз ғұмырлы дастанның.
Құстар да "қош" деп, сыңсу әуенін шырқайды
Ұзатып алыс күз-ару қызын аспанның.

Ұлпа қар құшқан жапырақ сынды жан сенбей,
Күзгі бақтарда қалып қойғандай нәрсем кей.
Мені суыққа тастап барады жыл құсы
Қатігез екен... дәл сендей.

11.11.21
(Біздің өлкеге қар түсті)
ескі #өлең


аз ғана мақтанғым кеп тұрғаны. өткөөн жолы алғаш рет рецензия жазып едім. асығыстау болды ма, әйтеуір, қарбаласып жүріп жазғаным өз көңілімнен шықпай қалды. жә, алғаш рет жаздым ғой, ештеңе етпес деп өзімді жұбатып та қойдым. рецензиям жарияланған соң, жазушы Нұрғали Ораз ағай осылай ықыласын жолдапты. үлкен жазушыдан мақтау естіген күшті екен. сәл ұялып, бір жағынан мәз боп қалдым😇 менің шала жазылған рецензиямды оқимын десеңіз, мархабат
https://zhasalash.kz/news/kokektn-uyasi-bz-omr-suretn-karapayim-alemnn-maket-221de7/


“күз - менің қоңыр көзді құрбым еді…”


Бұл қаладан барлық адасу белгілері табылатын.
Бәрі адасады…
Жолынан адасқан көліктер,
Ізінен адасқан адамдар,
Болашағынан адасқан балалық,
Балалығынан адасқан ересектер…

Мен де адасып кеткенімді біле тұра кетіп барамын.
Бағытсыз.
Бағдарсыз.

(с) т.б.


бір дүниеге әлде басқа бір оқиғаға масаттанып жатамын да, Құдайдың тарылтып, қолда барды алып қана емес, қажетіңді беріп, керегіңді түгендеп те сынайтыны есіме түсіп кетеді. молшылық, нығмет, ынта-көңіл, даңқ та - сынақ.


өмірдегі жалғыз мәселең – жақсы кітап, әдемі шығарма іздеу болса дейсің. бірақ, өмірдің кейде сенімен санаса бермейтіні бар.


мен ғана өзім сүрмеген өмірді сонша сағынып, мүлде кешпеген сәттерді аңсай алатын сияқтымын.


мен, енді, адамға жақсылық тілейін бе? жоқ, жақсы адам болуын тілейін бе? қоғам қайсысына зәру?


Репост из: tamshym🌊
– соры қайнағандар олимпиадасына қатысып жатсақ, мен де жеңіске жетуім мүмкін.


пәтер іздеп жүр едік. бүгін бір алаяққа сеніп қап, қолымыздағы барымызды аударып жібердік. енді не ақша, не пәтер жоқ. болашақта алда-жалда керемет өмір сүріп кетіп жатсам, осыны еске алып отырамын ғой. ақкөңілдігім мен сенгіштігім түбіме жететін болды:) сендер де алданып қалмасын деп ескертіп жатқаным ғой.


бітпейтін уайым, таусылмайтын мазасыз ой қажытып жібереді екен. күллі дүниені аз ғана ұмытып, терең тыныстағым келді. дәл осы тыныштығымды сағынып қалдым. анығында, ештеңеге айырбастамайтын ең аяулы, ең сұлу тыныштық. жағалау бойында отырып, ерсілі-қарсылы қозғалған адам мен жүйткіген көлікке, аспаннан жерге маңғаздана құлаған жапырақтарға қарап әлі де «бар» екенімді сезінгім келді. тыныштыққа шөліркеп қалдым. асыға жеттім.


– не падай духом где попало, ищи красивые места


мен:
мен қарым-қатынасқа, әлемге ашықпын
тағы да мен:
о, Құдай, бүгін ешқандай танысымды кездестірмей-ақ қояйыншы


“сап-сары мұңға оранып жатты көшелер,
жапырақ жауып, бауырын жерге төсеген,
көңілсіз шақта көңілімнің бұлтын итеріп,
көше бер…”
☁️

Показано 20 последних публикаций.