Фильтр публикаций


Ұйқыға кетер алдын...💤

Сіз ұйықтар алдында не нәрсемен айналысасыз, түні бойы миыңыз сол нәрсемен шұғылданады. Сол себепті балаларды түнде жатар кезде кино, мультфильм, музыка секілді нәрселермен ұйықтатпау керек! Бұл өте қауіпті, өйткені ми соңғы болған нәрсемен түні бойы жұмыс жасайды! Сол себепті, жатар кезде балаңызға Құран және зікірлер тыңдатыңыз.

Шейх Ғаусани حفظه الله

https://t.me/furqan_qm/3267


Құрбыммен салауатты өмір салтын бастаймыз деп бір бірімізге 1 ай көлемінде (әдет болып қалыптасқанша) уәде бердік☺️, қанттан, майлы тағамдардан және ұннан жасалынған тағамдардан (нан, булочки, бургер, т.б.) бас тартамыз деп шештік😌✨

Сіздерде осылай жасап көрсеңіздер болады🤗


﴿فَقالَ رَبِّ إِنّي لِما أَنزَلتَ إِلَيَّ مِن خَيرٍ فَقيرٌ﴾ [القصص: ٢٤]

Мағынасы: «Уа, Раббым! Шүбәсіз, маған берер қандай жақсылығыңа, нендей нығметіңе болса да зәрумін!» («Қасас» сүресі, 24-аят).




فكل ما تراه أو يخطر بِبالك َ فالله ُ لَيْسَ كذلك ﴿لَيسَ كَمِثلِهِ شَيءٌ وَهُوَ السَّميعُ البَصيرُ﴾ ❤️[الشورى: ١١]

Джаваһир каламия📚


Құран Кәрімнің ең көп қолданылып жалпы жұртқа мәлім болған бес атауы:

«Әл-Құран» – көп оқылатын кітап.
«Әл-Китаб» – кітап
«Әл-Фурқан» – ажыратушы (ақ пен қараның, ақиқат пен жалғанның арасын ажыратушы)
«Әт-Тәнзил» – нәзіл болған яғни көктен түскен кітап.
«Әз-Зикр» – еске түсіру (тозақтың азабы мен жәннаттың нығметін ескертеді)

Құран ілімдеріне кіріспе📚




moments






Өзім күнделікті жатардан алдын және бір сағат сабақ оқып 10 минут өзіме үзіліс жасаған кезде осы кітапты оқып жүрмін


“Демалыста не оқимын” - деп жүрсеңіздер мархабат😊




Оқығаныңызды мүмкіндігінше күнделікті өмірде қолдануға тырысыңыз. Олай етпесеңіз, үйренгеніңіз тез ұмытылады. Өмірде қолданылған білім ғана есте қалады.

©️Дейл Карнеги


Репост из: paylaşım☁️
Ерлі-зайыптылар - қол мен көз сияқты болу керек. Себебі қол ауырғанда - көз жылайды, ал көз жылағанда - қол көз жасын сүртеді.


Репост из: FURQAN Қарилар мектебі 🌹Онлайн 🌹
"Құран жаттау үшін оңтайлы уақытты тосумен - ақ талай жылдар өтті - ау .. "


"Күнің өткен сияқты, артын бақсам, дәл солай өмір де өте береді екен - ау..."


Тұрақтылықты қалыптастыратын - Құран📖


Муғаз ибн Жәбәл (Алла Одан разы болсын) айтты: «Ілім үйреніңдер! Расында, оны Алла разылығы үшін үйрену – ізгі амал, оны іздену – құлшылық, оны талқылап, қайталау – тасбих».


Адамды алаңдататын үш нәрсе бар: 1. Дүние; 2. Нәпсі; 3. Шайтан; Адам осы үшеуін тоқтатса көкірек көзі оянып, жан рахатын сезе бастайды.

©️Құрмет Ұстаз


Репост из: للنساء فقط
Луқман сүресінің екінші бетін қатты жақсы көремін🤍

Себебі ол жақта "иә Бунәййә" (әй,балақайым) - деп басталып ары қарай баласына уағыз насихат айтатын аяттар бар. Меніңше әрбір ана осы бетті көп оқып не жатқа айтып жүруі керек секілді. Мейлі балалары ол оқылып жатқан беттің мағынасын түсінбесе де. Себебі Құранның мұғжизасы әсте бізден ұзақ емес. Тыңдаған балақайларға нұрмен игі әсер берері сөзсіз ✨

“Жақсы сөз айтсаң ( бисмилля секілді) тіпті жаны жоқ судың өзіне әсер береді. Ал сен осыдан кейін Құран аятының балаға әсерін ойлай бер”

(с) Шейх Әдһам хафизаһулла

Показано 20 последних публикаций.