Ержан Бақытжанов


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Религия


Нұр-Мубарак түлегі
Исламтанушы
Оқып түйген ойларым, кітаптан үзінділер мен аудармаларым.

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Религия
Статистика
Фильтр публикаций


Мықтымын деп мақтанба ақыл білсең,
Мықтың болсаң, өзіңнің нәпсіңді жең!

АБАЙ

Кез келген күрес ең әуелі іштен басталады.


Алла ойыңа истиғфар жасауды салған болса, ол сені кешіруді қалап тұрғанын білгейсің.

Әулиелер сөзінен


Репост из: Абылай Кенжалы
Сәресідегі береке – Ұлы Жаратушының әмірін орындау мен Оның елшісінің ‎ﷺ сүннетіне ілесудің нышаны.

Сәресі — ораза ұстаушының тәніне күш-қуат сыйлап, рухына серпін береді.

Сәресі уақыты — түннің соңғы бөлігіне сәйкес келетін, Раббының рақым есіктері айқара ашылатын, дұғалар қабыл болатын ең құтты уақыт.

©️Имам ән-Науауи
(Шарх Сахих Муслим)


Хазіреті Әбу Бәкір (Алла оған разы болсын) сөзінің арасына әрдайым Лә Иләһә иллә Алланы қосып, кейін қайта сөзін жалғастырады екен.


Нәпсіге еру ақиқаттан тайдырса. Жалған үміт ақыретті ұмыттырады.

Хазіреті Әли (Алла оған разы болсын)


Надандық – адамды шарпитын өрт, білім соны өшіретін су.


Репост из: ✑ Қара сөзбен
Психолог пен коучтар ер мен әйел, ене мен келін арасындағы қарым-қатынасты айтып, таңнан кешке дейін зар қақсап, сарнай береді.

Негізінде, Жаратушы мен құлдың арасындағы қарым-қатынас өте маңызды. Түзу болса, құлдың құлмен қарым-қатынасы түзеледі.


Ғұмыр бойы кітап оқу дағдысында түйгенім, үш кітапты бір реттен оқығанша, бір кітапты қайталап үш мәрте оқыған пайдалырақ екен.

Махмуд Аққад


Кітап – пікір азығы.

Махмуд Аққад


Естіген, білген, оқығаныңды айта беруге асықпа. Сана түйсіктен өткен, түйгеніңді айт. Жеткізген нәрсең шала піскен жеміс ұқсап, жеген адамға кесірі тиіп кетпесін.


Сөйлеуші емес, тыңдаушы ақылды.

Алмас Алматов




Міне, айлардың сұлтаны кешірім мен рақымшылық айы рамазан босағадан аттады. Иісі мұсылманға қасиетті саналатын ұлық ғибадат рамазан оразасына төрт көзімізді түгел жеткізген жаратушыға сансыз мадақ болсын!

Расында, бұл Раббымыздан кешірім, бізден ықыласты құлшылық пен өзімізді рухани тәрбиені талап қылатын отыз күндік мұқаддас мерзім.

Құлшылықтың мәні не?
Тілмен айтылатын құлшылық бар. Мысалы зікір, дұға ету.
Іспен жасалатын құлшылық бар. Қылған намаз, малды жұмсап орындайтын зекет сияқты.
Ал, енді сөзбен де іспен де байланысы жоқ тек тыйылудан тұратын бір ғибадат бар. Ол – ораза. Өткен қауымдарға да бұл құлшылық таңсық емес-тін. Құранда өткен қауымдарға да парыз етілгені зікір қылынған.

Бірақ исламдағы ораза басқалардан өзгеше. Оразаның хикметін толыққанды тани алмаймыз. Уақыт өте келе оның денсаулыққа пайдасысын осыған ұқсас тағысын тағы басқа хикметтері жаңалық болып ашыла берер.

Бірақ ғалымдар оразаның хикметін түсіну үшін сол оразаны ұстайтын адамның сырын ұғыну керек дейді әуелі. Адам кім? Ол – тәнмен рухтан тұратын жаратылыс. Тән – рухтың көлігі. Рух – тәнді тізгіндеуші. Көбіне адамдар тәнді әсемдеп соның жағдайын жасайды. Әсілінде көлік деген жүргізушінің пайдасы үшін жасалған емес пе?! Өзін ұмытып көлігінің жағдайын жасай беретіннің мысалындай болып тұр ғой пәлсапасы. Сол үшін де денеміздің ақысын алға қойғаннан, рухты тәрбиелеп тазартуға баса көңіл бөлген ләзім.

Шәһуатта бір табынатын зат іспеттес. Аятта бұны ескертіп: "Өз әуейілігін құдай етіп алғанды көрдің бе?!", – делінеді. Соны тізгіндеп басқарған рух періштелердің деңгейіне көтеріліп, хадисте айтылған дұғасы қабыл болатын үш санатқа кіреді. Олар: зұлымдық көруші, ораза ұстаушы және әділ басшы.

Ораза – қалауды тәрбиелейтін ерекше құлшылық. Жаныңдағы жарыңнан, алдыңдағы асыңнан бір ай бойы күніне он, он бес сағат ешкім бақыламай тұрғанда тыйылу қиын әрине. Бірақ Раббыңның назары түсіп тұр. Бұдан асқан қалауды тәрбиелейтін тәрбиеші бар ма?! Әлбетте жоқ. Міне, ораза сол үшін де ұлы ғибадат. Жаратушы жаббар хақ та оразаны ерекшелеп, сыйын өзім беремін деген. Бұлай айтылу сыры осы болса керек.

Оразаның тағы бір беретін тәрбиесі нығметті сездіру. Құдайдың берген нығметінің саны жоқ. Адам оны күнде пайдаланғасын дәмін ұмытып қалған. Ал ораза бізге тоқтық нығметінің дәмін сездіреді. Аш жүргендердің қиындығын еш тілсіз айтылған уағыз қылып жеткізеді. Хазіреті Жүсіп пайғамбар қазына басшысы бола тұра ұдайы ораза ұстап, пақырлардың аштығын ұмытып кетуге қорқамын дейді екен.

Тағы бір сыры Аллаға толыққанды берілу. Кәміл бағыну. Алла бұйырады және тыяды. Мүміннің жауабы естідік те, мойынсұндық болмақ. Демек ораза бұл – рухты ояту мен тәннің саулығы, қалауымызды тәрбиелеп, сабырымызды шыңдау және нығметті танып Раббымызға толық тәсілім ету екен.

Данагөй бір ғалым шіркін мұсылмандар осы рамазанның сырын ұғынып, қадірін түсінсе екен. Бұрыңғылар ауыздары тағамнан ғана емес, тілі күнәларынан тыйылатын еді. Көз бен құлақтары да ораза болатын. Түндерін Құранмен, намазбен өткізетін деген екен. Бұл бір ғажайып құлшылық қой шынымен, түсінген пендеге.

Ойшыл Нәжіп Фазыл айтқандай: "Жесең ғибадат, жемесең де ғибадат. Ішсең ғибадат, ішпесең де ғибадат. Ұйықтасаң ғибадат, ұйықтамасаң да ғибадат. Ораза нендей керемет ғибадат".

Алла тағала оразамызды қабыл етсін!
Рамазан айы мүбәрак болсын, ардақты ағайын!


Бірде ғалымның алдына біреу келіп ортақ танысын ғайбаттап жатса,
Ғалым оған:
– Әй, сен осы румдықтармен шайқаста болғансың ба?
– Жоқ.
– Парсылармен ше?
– Жоқ.
– Соның барлығы сенен аман қалып, бір мұсылман бауырың аман қалмағаны қалай?, – депті ғалым.

Кейін әлгі кісі "осы сөзден кейін мен ешқашан, ешкімді ғайбат қылмадым", – деген екен.


1979 жылы «Ғылым» баспасынан жарық көрген «М.Әуезовтің Абай жолы» романының жиілік сөздігі». Сөздікті филология ғылымының докторы, математика кафедрасының профессоры Қ.Бектаевтың басшылығымен Ұлттық Ғылым академиясының А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының қызметкерлері жасаған. Бұл жұмыста жаңа әдіс электронды есептеу мәшинесі қолданылған.

Сөздік – қазақ лексикографиясы тарихында жазушының жеке шығармасындағы сөздердің қолданылу жиілігін көрсететін тұңғыш еңбек, жалпы осы типтегі жұмыстардың тырнақалдысы. Мұнда эпопеяның төрт кітабында қолданылған сөздердің жиілігі (әр сөздің неше реттен кездесетіндігі) алфавит тәртібімен тізіліп берілген.

Мұндай сөздіктер белгілі бір шығарма тексінде жазушының қандай сөздерді қолданғанын ғана көрсетіп қоймайды, сонымен қатар осы сөздіктің мағлұматына қарап, бұл эпопея тілінде 16 мың 983 сөз пайдаланылғанын, оның 8698-і – тек бір не екі рет қана келетіндері, яғни 50% құрайтындығы, ең жиі қолданылған сөз – де етістігі (9828 рет), төртінші орында – Абай жалқы есімі (6747 рет) т.т. екендігін біле аламыз.

Рабиға Сыздық
Сөз құдіреті. 15-бет


САЙЫП КЕЛГЕНДЕ. Бір әңгімені қорыта айтқанда, сайып келгенде деген тіркесті қолданамыз. Сайып сөзінің төркіні – сай етістігі. Ол түрік, әзірбайжан тілдерінде «есептеу» деген мағынаны береді.
Демек, сайып келгенде – «әңгіменің түйінін есептеп келгенде» деген мәнде қолданылатын сөздер екен.

Рабиға Сыздық
Сөздер сөйлейді.


Қазақ даласына сырттан келген этногрофтар бір нәрсеге таң қалған. Өте ірі, тағдырлы істер тек қана уәдемен шешіле береді бұл далада деген.

Ақселеу Сейдімбек


Ұзақ жылдар бойы жат ағым өкілдерін оңалтуға уақытын сарп еткен бір досыма: "жүздеген адасушымен кездестің, сол сұқбаттардағы олардың айтқан ойларын жинасаң, "Сә..... сандырақтары" деген кітап жазып шығуға болады, дүйім жұрт бұлардың сау ақылға қайшы, тұнығы лайланған қисық ойларын оқыса, кейін өздері де ғайыптан тайып оқыс оқып қалса, баршасына ғибрат болар еді" дегенім бар еді. Шынымен бұлардың сенімдері мен өмірлік ұстанымдары бір қызық. Әшкерелеу кейде сақтандыру қызметін атқаратынын ескерсек, осындай бір кітап жазылу керек сияқты.


Менің түсінігімде, ұлттық идеологияның өзегі – ұлттық дәстүр мен қазақ тілінде. Болды. Осы екеуінің төңірегінде бірігуіміз керек.

Дулат Исабеков


"Мен кіммін, қайдан келдім, қайда барам?" тақылеттес адамзатты руханият шыңына алып шығатын қанатты сұрақтар қайда?
Әсілі, кез-келген пенденің ғұмыры леп белгісімен тәмәмдалуы үшін, адам алдымен тағдыр жолында кездескен сан сауалға жауап беруі керек шығар. Сонда сұрақ белгісімен басталған сөйлем леп белгісімен аяқталады.

Дархан Қыдырәлі

Показано 20 последних публикаций.