Ержан Бақытжанов


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Религия


Нұр-Мубарак түлегі
Исламтанушы
Оқып түйген ойларым, кітаптан үзінділер мен аудармаларым.

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Религия
Статистика
Фильтр публикаций


Мен – қазақ, қазақпын деп мақтанамын,
Ұранға Алаш деген атты аламын.
Сүйгенім қазақ өмірі, өзім қазақ,
Мен неге қазақтықтан сақтанамын?

Сұлтанмахмұт Торайғыров


Репост из: Дастан Құрманбаев
Шынайы оқылған намаздың белгілері — жаман істерден тыю, егер әлі де істеп жүрген болса ұялту.

📚 Мухаммад әл-Ғазали, Фиқһ әс-Сира


Репост из: Дастан Құрманбаев
Қазір көбіміз оқып жүрген намаз — Алла Тағала Миғражда парыз еткен намаз емес…

📚 Мухаммад әл-Ғазали, Фиқһ әс-Сира


Адамға ең қиыны — күн сайын адам боп қалу.

Шыңғыс Айтматов


Репост из: Ержан Бақытжанов
Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген: "Расында, күндердің ең абзалы – жұма. Сол күні маған салауатты көп айтыңдар, өйткені сендердің салауаттарың міндетті түрде маған жеткізіледі".

Әбу Дәуіт/1531.


Репост из: [AL] About Languages & IR
Кітап оқу — өмір салтыңа айналу керек қой.

Кітап оқып отырған адамға сыртынан қарағанда да сүйсінесің. Неге? Себебі өзінің қараңғы боп қалуына разы емес. Кітап оқуының артында бір өзгеріске деген ұмтылыс бар. Өмірді сүріп жатқан адам ғой, жалпы.

#ой_түймекке


Мұхтар Мағауин атамыз бір сұқбатында кітаптары туралы сөз қозғады. Кітаптарды санмен (дана) емес, метрмен есептеймін дегені қызық болды. Бір метрлік сөреге 500 беттік 30-33 кітап сияды екен. Сонда ол кісі өзінің жеке кітапханасында 200 метрге жуық кітап бар екенін айтты. Санасақ алты мыңнан асып жығылады.
Кімде қанша метр кітап бар?)


Кейбіреу сәл бақытқа мас болады.
Шабақтай шалпылдаған қайрандағы.
Адамдық иісіңді жұрт аңсап тұрсың,
Не керек қарныңның құр майланғаны?!
Көңіліне: "Мен де адаммын!" деп жүрген көп
Кілегей майға ұқсаған айрандағы.
Ер болсаң, елің үшін ет қызмет,
Сыбанып білегіңді сайлан - дағы.

Тұрмағамбет ақын


Жігіттің жарастығы жан барында,
Дос сыйлау, дастарханда нан барында.
Тұтынып үлкенді — аға, кішіні — іні,
Отыру қатарының қамдарында.
Есітіп үгіт - уағыз ұлықтардан,
Мекендеу медресенің маңдарында.
Өмірін бұл тәртіппен бітіргендер
Қайғының қала қоймас шандарында.
Ойына осыларды түсірер ер
Бақ, дәулет, ықпал, ырыс аңдарында.

Тұрмағамбет Ізтілеуұлы


Аллаға сансыз шүкір мен мадақ!


Балаларға аңыздар бар айтатын көп. Соны айта алмай келеміз қарыздар боп.

Сырбай Мәуленов


Репост из: Дастан Құрманбаев
Алла Тағала бүкіл медицинаны жарты аятқа сыйғызып: “Жеңдер, ішіңдер, бірақ шамадан асырмаңдар”, - деп айтқан.

📚 Ибн Касир. Тафсир

Қазақта “Ауру астан” деген сөз бар…


Күнәдан кейін күнә жасау – әуелгі күнәның жазасы. Жақсылықтан кейін жақсылық жасау – әуелгі жақсылықтың сауабы.

Хәкімдер сөзінен.


Нәпсіге қарсылық танытып, пайдалыға ұмтылсақ осы кезде кім болар едік?!

#ойлар


Өлім сәтінің қашан келетінін білмейтін пенде, оған әрдайым дайын жүруі керек. Денсаулық, жастықпен алданбасын. Қарттарға қарағанда жастар көп өледі. Бір хикметте: "Жалғыздың ұзақ ғұмырына бір қауым алданып, жастай кеткендерді ұмытыпты", – делінген.

Ибн әл-Жәузи (Алла рахым етсін)


Репост из: Ержан Бақытжанов
Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) былай деген: "Расында, күндердің ең абзалы – жұма. Сол күні маған салауатты көп айтыңдар, өйткені сендердің салауаттарың міндетті түрде маған жеткізіледі".

Әбу Дәуіт/1531.


Кейде жүрекке тиген нәрсе, көзімізді ашады екен.


Репост из: Абылай Кенжалы
Саған алтын уақытын арнаған адамның қадірін біл. Өйткені ол саған қайтып келмейтін асыл нығметін арнады.

©️Нәжиб Махфуз


Басымызға не келсе де ол Алладан, бірақ келуі біздің Алладан алыстауымыздан.

Нәжіп Фазыл (Алла рахым етсін)


Сөзіңді тіліңе билетпе, ақылыңа билет.

Бөлтірік шешен

Показано 20 последних публикаций.