Zakon.qaz


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Новости и СМИ


Еліміздегі ең соңғы әрі сенімді жаңалықтарды бізден оқыңыз!

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Новости и СМИ
Статистика
Фильтр публикаций


✈️🇺🇸АҚШ-тың авиациялық қауіпсіздігі мәселесі қайта қаралады

Вашингтондағы ұшақ апатынан кейін АҚШ президенті әуе қауіпсіздігі саласын дереу қайта қарау туралы жарлыққа қол қойды.

Азаматтық авиация басқармасы ұшулар мен персоналға бағалау жүргізеді. Дональд Трамп апатқа бұрынғы әкімшіліктің жұмсақ саясаты ықпал еткен болуы мүмкін екенін айтты.

Екі қара жәшік те сараптама жасау үшін зертханаға жіберілді. Бір ай ішінде әуе апатына қатысты тергеудің алдын ала себебі белгілі болады деп күтілуде.

«Менің айтып отырғаным тек құзыреттілік. Бізде осы салада ең қабілетті адамдар болғанын қалаймын, өйткені біз адамдардың өмірі туралы айтып отырмыз. Ұшақ жоспарланған бағыт бойынша ұшып бара жатқан, ал тікұшақ сол биіктікте болды. Егер тікұшақ биікте болса немесе ұшақ жақындағанға дейін ауада тоқтаса, соқтығыс болмас еді. Кім кінәлі екенін білмеймін – ұшқыштар ма, әлде әуе диспетчерлері, бірақ бұл қайғылы оқиға», – деді Дональд Трамп.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz


🕌Рамазан айы биыл 1 наурызда басталады

📆Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бекіткен 2025 жылдың діни мереке күндерінің кестесіне сай, биыл ораза 1 наурыз басталады. Қасиетті Қадір түні наурыз айының 26-нан 27-не қараған түні болады.

📍30 наурыз күні елімізде Ораза айт басталып, үш күн жалғасады. Құрбан айт 6 маусымда басталып, 8 маусымда бітеді.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz


🐅Экология министрлігі жолбарыстарды көбейтуге 1,1 млрд теңге сұрады

📌Министрлік бұл қаржыны жолбарыстарға жағдай жасауға қажет деп көрсеткен. Сондай-ақ аталған сома Ұлытау тау массивінің табиғи әрі тарихи-мәдени орындарын сақтау үшін де жұмсалады.

♦Еске салайық, Қазақстанда жолбарыс тұқымдарын қайта жандандыру идеясымен 2024 жылы Нидерландыдан амур жолбарыстары әкелінді. БҰҰ қолдауымен «Іле-Балқаш» табиғи қорығында жолбарыстарға арналған вольер орталығы құрылды.

Биыл Ресейден жабайы табиғаттан тағы үш-төрт жолбарыс әкелу жоспарланған.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz


🔗Астанада креминалитет өкілдері ұсталды

Астана полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы бірнеше ауыр қылмыс жасаған қылмыстық топты ұстады.

🔹Қылмыскерлер қорқыту және зорлық-зомбылық қолдану арқылы жергілікті тұрғыннан 5 миллион теңге сомасында ақша алып, Тоуота маркалы жол талғамайтын көлігін қоса иемденген.

🔹«Басқа жағдайда банктердің бірінің іргелес аумағында олар 6 миллион теңгені ашық түрде тонап кеткен. Олардың басқа да осыған ұқсас қылмыстық құқық бұзушылықтарға қатыстылығын тексеру жүзеге асырылып жаттыр. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы жасаған бопсалау және тонау фактілері бойынша жүргізіліп жатыр», — деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің өкілі Қуандық Алпыс.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz


🤔 Қызылордада 21 жастағы жігіт пен 15 жастағы оқушы қыздың некесін қиған имамға сөгіс жарияланды

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Қызылорда облысы бойынша бас имамы Дастан Құрманбаев бұған қатысты түсініктеме берді.

«Бұл жағдайды ақтауға болмайды. Имам еліміздің заңын да, Қазақстандағы барлық дін қызметкеріне міндетті жарғыны да бұзды. Оған сөгіс жарияланды. Алдағы уақытта ол тарапынан қандай да бір заңбұзушылық болса, имам діни қызметтен шеттетіледі», – деді ол.

Айта кетейік, ата-аналарының рұқсатымен ғана отау құрған жұптың некесін имам қиған. Кейіннен 15 жастағы қыз жүктілігіне байланысты дәрігерге көрінген. Емханадағы мамандар бұл жайында полицейлерге жеткізген.

Сол оқиғадан кейін 21 жастағы жігіттің үстінен қылмыстық іс қозғалып, оған 12 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz


😢 АҚШ-тағы ұшақ апатынан ешкім тірі қалмаған

Бұл туралы Президент Дональд Трамп мәлім етті.

Еске сала кетейік, Вашингтон қаласында PSA Airlines әуе компаниясына тиесілі Bombardier CRJ700 жолаушылар ұшағы (60 жолаушы мен 4 экипаж мүшесі) Black Hawk Sikorsky H-60 әскери тікұшағына (3 әскери қызметкер) соқтығысып, өзенге құлаған.

Апат Рональд Рейган халықаралық әуежайына жақын маңда орын алған. Ал әскери тікұшақ оқу-жаттығу ұшуын орындаған.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
😳 Астанадағы балабақшалардың бірінде екі әйел төбелесіп қалды

Екеуі де полицияға арызданған.

Қазіргі таңда оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz


🙌🏻17 мың алаяқтық әрекеттің алдын алдық — Ұлттық банк төрағасы

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов «өнертапқыш» алаяқтармен қалай күрес жүргізіп жатқандарын айтып, Антифрод-орталықтың жұмысы жайында баяндады.

«Жұмыстың басталғанына жарты жыл болды. 1,5 млрд теңге аударылғалы тұрған жерінен бұғатталды. Мұны соншалық бір үлкен сома емес деп айтуға да болады. Бірақ алаяқтар 100 миллиондап ақша алдап алатын жайттар сирек кездесетіні түсінікті. Негізінен олар 100-300 мыңдап алуға тырысады ғой. 17 мың алаяқтық әрекеттің алдын алдық. Ішкі істер министрлігі 11,5 мың оқиға бойынша қылмыстық іс ашты.

Бұл жұмыс орталық ашылғанға дейін де жүргізіліп келген. Бірақ ведомстволар мен қаржы ұйымдарының күшін біріктіру енді ғана мүмкін болды. Бірақ ол жақта істейтін жұмыс әлі көп. Алаяқтар өте «өнертапқыш», — деді Т.Сүлейменов Bizdiñ Orta подкастында.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz


⚜️Екі музейге Ұлттық мәртебе берілді

✍🏻Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен «Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер музейі» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарына «Ұлттық» мәртебе берілді.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz


✉️ Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Дональд Трампқа көңіл айту жеделхатын жолдады

🇰🇿🇺🇸 Қасым-Жомарт Тоқаев Вашингтонның Рональд Рейган атындағы Ұлттық әуежайы маңында болған ұшақ апатынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабыл алғанын жеткізді.

Мемлекет басшысы АҚШ Президенті Дональд Трампқа, қайтыс болған жандардың отбасыларына және қайғылы оқиғадан зардап шеккен азаматтарға Қазақстан халқының және өзінің атынан көңіл айтты.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz


😍Астанадағы өнер университетіне Күләш Байсейітованың есімі берілді

Мемлекеттік қайта тіркеу рәсімі аяқталып, оқу орнына "Күләш Байсейітова атындағы Қазақ ұлттық өнер университеті" атауы ресми түрде берілді.

📌Еске салайық,  Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылы мәдениет және өнер қызметкерлерін марапаттау рәсімінде жоғарғы оқу ордасын қайта атау туралы шешімін жариялаған.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz


✍🏻 Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитетінің «Әбілхан Қастеев атындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік өнер музейі» және «Қазақстан Республикасының мемлекеттік орталық музейі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарына «Ұлттық» мәртебе беру туралы» Жарлыққа қол қойды.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz


🇷🇺 Мемлекеттер басшылары алға қойған міндеттерді нақты іске асыруға дайынмын — Михаил Мишустин

– Орайлы сәтті пайдалана отырып, Ресей Президенті Владимир Путиннің ыстық ықыласын жеткізгім келеді. Владимир Владимирович былтыр қараша айында Қазақстанға тарихи мемлекеттік сапар жасады деуге болады. Қасым-Жомарт Кемелұлы, Сіз де желтоқсан айында Ресейдің Санкт-Петербург қаласына келдіңіз. Біз үшін өңіраралық форумның берері мол. Ресейдің аймақтары Қазақстанның көптеген облысымен тікелей байланыс орнатқан. Өзіңіз атап өткендей, бұл форматтың маңызы зор, оның тиімділігін арттыруға барынша қолдау көрсетеміз. Қазақстан – Ресей Федерациясының көршісі әрі одақтасы. Біздің қарым-қатынасымыз достық пен өзара құрметке негізделген, – деді Ресей Үкіметінің төрағасы.

Михаил Мишустин Қасым-Жомарт Тоқаевқа екі елдің үкіметтік делегациялары арасында жүргізілген келіссөздердің нәтижесі туралы ақпарат беріп, күн тәртібінің барлық спектрі бойынша қол жеткізілген уағдаластықтардың өзара тиімді ықпалдастықты одан әрі нығайтуға қызмет ететініне тоқталды.

Кездесуде энергетика, өнеркәсіп, көлік инфрақұрылымы, ауыл шаруашылығы және басқа да салалардағы бірлескен жобаларды жүзеге асыруға баса назар аударылды. Сонымен қатар ғылыми-техникалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері талқыланды.

Мемлекет басшысы Ресей Президентінің Мәскеудегі Жеңістің 80 жылдығына арналған мерекелік іс-шараға шақыруын қабыл алғанын айтты.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz


🇰🇿🇷🇺Мемлекет басшысы Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы Михаил Мишустинмен кездесті

Кездесуде екі елдің стратегиялық серіктестігін дамыту перспективасы талқыланып, сауда-экономикалық, инвестициялық ынтымақтастықты, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ аясындағы қарым-қатынасты жандандыруға баса назар аударылды.

Мемлекет басшысы екі ел арасындағы достық пен тату көршілікті нығайтуға Михаил Мишустиннің қосқан үлесін жоғары бағалады.

– Елдеріміздің арасындағы байланыс беки түсті. Бұл мемлекетаралық ынтымақтастықтың барлық саласын қамтиды. Сіздің Астанаға жасаған сапарыңызды жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асырудың маңызды кезеңі ретінде қарастырамыз. Владимир Путиннің Қазақстанға жасаған сапары барысында Уфада өңіраралық форум табысты өтті. Биыл біз кезекті форумды Қазақстан аумағында, яғни Орал қаласында ұйымдастыруды жоспарлап отырмыз. Ынтымақтастықтың осы форматы нәтижелі болады деп ойлаймын, – деді Президент.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz


📮Енді пошта арқылы дәрі жеткізуге болады

📬📦«Қазпошта» шалғайдағы ауыл тұрғындарына дәрі-дәрмек жеткізетін болады. Бүгін Сенат пошта қызметін жетілдіретін заңды мақұлдады.✅

📃Қаралған заң пошта, мемлекеттік сатып алу, көлік және байланыс заңнамасын жетілдіру мақсатымен әзірленген. Түзетулердің басым бөлігі пошта қызметінің сапасын арттыруға бағытталды.

🔖Жаңа талапқа сәйкес, поштаны алу механизмдерін жеңілдейді. Енді тапсырыс беруші ғана емес олардың жақындары да пин-код арқылы поштаны ала алады. Сондай-ақ көпқабатты үйлердің жанынан пошта бөлімшелері ашылмақ.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz


🛬Мүмкіндігі шектеулі жолаушыға көмек көрсетпеген әуе компаниясы жазаланды

🧳✈️Астана авиациялық көлік прокуратурасы ерекше қажеттігі бар жолаушы құқығының бұзылғанын анықтады.

♦2024 жылдың 3 қарашасында Санкт-Петербург-Астана рейсімен ұшып келген мүмкіндігі шектеулі кәмелетке толмаған жолаушыға әуе компаниясы тиісті қызмет көрсетпеген. Ұзақ күткен жолаушының әкесі баланы ұшақтан өзі шығаруға мәжбүр болған.

📕«Прокуратура актісі бойынша әуе компаниясы тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауаптылыққа тартылды (Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 571-бабының 1-бөлігі)», — дейді Бас көлік прокуратурадан.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz


Алматыда ұсталған блогерлер екі ай қамауға алынды

«Сот қаулысымен адамдарды бопсалады деп күдікке ілінген блогерлерге екі ай мерзімге қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды», – деп хабарлады Полиция департаменті.

Еске салайық, күдіктілер әлеуметтік желілерде компроматтар жариялаймыз деп қорқытып, 8 млн теңге бопсалаған. 23 қаңтарда жәбірленушінің шағымы бойынша екі блогер 10 млн теңге алып жатқан кезде ұсталған.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz


📈Жұмыс істейтін зейнеткерлер саны көбейіп барады

📍Кейінгі 2 жылдағы есеп бойынша елдегі қай сала болмасын егде жастағы қызметкерлердің саны артқан.

Салыстырмалы түрде айтқанда, құрылыс, мемлекеттік басқару және қаржы секторында жұмыс істейтін зейнеткерлер саны 3 есе, ал көлік, логистика, сауда және әлеуметтік салаларда бұл көрсеткіш 2 есе көбейді. 

Жұмыс істейтін зейнеткерлердің басым бөлігі, әрине, зейнетке енді шыққандар. Әртүрлі жеңілдіктермен қызметінен ерте кеткендердің өзі де қоғамда кішігірім жұмыстарды істеуді жалғастыра береді. Ал ең азы 85 жастан асқан азаматтар. 2023 жылы бұл санаттағылар мүлде еңбек етпеген.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz


🚇Метрополитен басшысы метродағы темір қоршауға қатысты түсінік берді

📌Метрополитен директоры Алмас Орынбеков метродағы темір қоршауларға бюджеттен қаражат бөлінбегенін айтты.

🔉«Бұл жолаушылардың қауіпсіздігі үшін жасалған уақытша шара. Қазір вагондар арасына бөлу құрылымдарын орнатуды жалғастырып жатырмыз әрі солай сынақтан өткіземіз», – дейді метрополитен басшысы.

❗Айтуынша, алдымен тот баспайтын болаттан жасалған металл тіректер,  одан кейін соққыға төзімді шыныдан жасалған қоршаулар орнатылады.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz


💵Доллар бағасы арзандап келеді

🪙Ұлттық банктің 30 қаңтарға ұсынған ресми бағамы – 1 долларға 516,85 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны – 5,26 теңге. Еуро – 537,68.

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 517-523 теңгеден саудаланып жатыр.

💰Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 518,7 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы – 521,1 теңге. Еуро 538-542 теңге аралығында құбылып тұр.

Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы – 517 теңге, сатып алу құны – 523 теңге. Еуро 538 теңгеден сатылып, 544 теңгеден сатып алынады.

👉🏻Бізге жазыл | zakon.kz

Показано 20 последних публикаций.