БҰРЫНҒЫ ҒҰМЫРЛАР ЖАДЫ
Ш.: Аға, рейнкарнация демекші, қазақ кісі өлгенде, әсіресе жас адам өлгенде жоқтап жылайды ғой. Сол өлген жан қайта туғанда бұрынғы өмірі есінде жоқ жаңа адам болып туады ма?
Ұ.: Иә.
Ш.: Ол бұрынғы ғұмырларын есіне түсіру үшін Ақ Сарбаздың жолынан өтуі керек пе?
Ұ.: Иә.
Ш.: Сонда мына дүниедегі әрбір ғұмыр бітіп, адам астрал дүниесіне қайтқанда оның бұрынғы ғұмырларының жады ашыла ма?
Ұ.: Ашылады. Бұрынғы өмірлері ашылады.
Ш.: Бұрын кімдер болғаны есіне түсе ме?
Ұ.: Иә. Есіне түседі бәрі. Барлық істегендері есіне және алдына келеді. Жақсы істері де жаман істері де келеді. Жаман ісінен содан кейін ол жаман қиналады сол жерде. Қылмыстары мен қиянатының азабын өзі тартады.
Ш.: Сонда мына топырақ дүниеде жүргенде ғана бәрін уақытша ұмытып қалады екен ғой.
Ұ.: Иә. Физикалық дүниеде оны білмеу керек. БҰЛ ДҮНИЕДЕ ӨМІРДІ ТАЗА ПАРАҚТАН БАСТАП, ЖАҚСЫЛАП ҚАЙТАДАН ЖАЗУҒА, ҚИСЫҚ ЖОЛДЫ ТҮЗЕТУГЕ МҮМКІНДІК БЕРІЛЕДІ. Бірақ кейбір дамыған адамдар бұрынғы ғұмырын сезеді. Көмек сұрап келген адамдардан өзіне зиян келетінін біле тұра көмектеседі. Бұл – кармасын өтегені. Өйткені жәрдем сұраушылар кезінде соның қолынан зардап шеккен адамдар болуы мүмкін. Менің мына дүниедегі барлық ғұмырым осылай өтті ғой. Рухани дамыған, биік деңгейге көтерілген адамдар сондай болады.
Ш.: Бір өмірге байланып қалмай, үлкен рухани дәрежеге жеткен адамдарға ғана өткен ғұмырлар құпиясы ашылуы мүмкін екен ғой.