🌾Аграрлық несие корпорациясының фермерлерді несиелеу қаржысы 2024-жылы 800 миллиард теңгеден асады.
✅ Биыл фермерлерді қаржыландыру көлемі 765 млрд теңгеден асты. Оның ішінде 540 млрд – Аграрлық несие корпорациясы және 225 млрд – «ҚазАгроҚаржы» АҚ еншілес компаниясы арқылы бөлінді. Биыл желтоқсан айының соңына дейін бұл сома 800 млрд теңгеден асады. Бұл біздің құрылымымыздың бөлетін қаржыландыру көлемі бойынша кезекті тарихи ең жоғарғы көрсеткіші болады.
📈 Салыстырмалы түрде қарайтын болсақ, 2023-жылы 550 миллиард теңгеден астам соманың несиесі берілді. Бұл қазіргі көрсеткіштен едәуір төмен. Қамтуды ұлғайту үшін және фермерлердің жеңілдетілген несие ресурстарына деген қажеттілігін қанағаттандыру үшін 2024-жылы «Кең Дала-2» бағдарламасы іске қосылды. Сонымен қатар, 2025-жылы жеделдетілген несиелеу жобасын іске қосу жоспарланған. Осы және өзге де атқарылып жатқан ауқымды жұмыстар жайында толығырақ білу үшін «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Басқарма төрағасы Алмат Әшірбековтің сұхбатын Аgrotrend.kz сайтынан оқи аласыздар.