💣 “Атыраудың” гол-машинасы “Тобылға” ауыспақшы
Беларусь шабуылшысы Николай Сигневич 2024 жылы “Атырау” футбол клубының құрамында сәтті өнер көрсетіп, Қазақстан Премьер-лигасының үздік сұрмергендерінің бірі атанды. Ол маусымда 24 матчта 10 гол соғып, команданың маңызды ойыншыларының бірі болды. 
Жақында ақпарат көздері Сигневичтің Қостанайлық “Тобол” клубына ауысуы мүмкін екенін хабарлады. 32 жастағы шабуылшы қыста “Тобол” құрамына қосылу мүмкіндігін қарастыруда. 
Николай Сигневич туралы анықтама:
• Туған күні: 20 ақпан 1992 жыл
• Туған жері: Брест, Беларусь
• Бойы: 194 см
• Позициясы: Шабуылшы
Клубтық карьерасы:
• “Динамо Брест” (2011–2013): 33 матч, 6 гол
• БАТЭ (2013–2018): 98 матч, 29 гол
• “Платаниас” (Греция, 2016–2017, аренда): 16 матч, 2 гол
• “Ференцварош” (Венгрия, 2018–2020): 32 матч, 5 гол
• “Химки” (Ресей, 2020): 2 матч
• БАТЭ (2020–2021): 22 матч, 6 гол
• “Аполлон Смирнис” (Греция, 2022–2023): 21 матч, 1 гол
• “Атырау” (2024): 24 матч, 10 гол
Ұлттық құрама:
• Беларусь ұлттық құрамасы (2014–2021): 21 матч, 1 гол
Сигневичтің мансабында Беларусьтің “Динамо Брест” және БАТЭ клубтарында, сондай-ақ Венгрияның “Ференцварош” және Грецияның “Платаниас” командаларында ойнаған кезеңдері бар. Ол Беларусь ұлттық құрамасында да өнер көрсетіп, 21 матчта 1 гол соққан. 
Егер Сигневич “Тобол” клубына ауысса, бұл команда шабуылын күшейтіп, алдағы маусымда жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
@kommentator_maulen