“ЖЫЛ АДАМЫ-2024”: Атырауда үздіктер анықталды
Атыраудың экономикалық, әлеуметтік, рухани дамуына үлесін қосқан әртүрлі сала белсенділері “Жыл адамы-2024” шарасында бас қосты.
Мемлекет пен қоғам алдындағы еңбегі үшін Атырау қаласының «Жыл адамы»номинациясы Халықаралық дәрежедегі спорт шебері, Азия чемпионы, Әлемдік гран-при жарысының күміс жүлдегері, XVII жазғы Париж-2024 Паралимпиада лицензиясының иегері, Париж-2024 параолимпиада ойындарының ең жас қатысушысы Тлекқабыл Альфия Әділқызына табысталды.
“Жыл адамы” номинациясымен қатар өңірдің бәсекеге қабілетті өз ісінің мамандары анықталып, олар жыл қорытындысы бойынша 22 бағытта іріктелді. Олардың арасында мемлекеттік қызмет, мәдениет, спорт, білім беру, құқыққорғау, медицина, кәсіпкерлік, ақпарат, ауыл шаруашылығы т.б. сала мамандары бар.
Солардың бірі қала тазалығына өз үлесін қосып келе жатқан “Арнаулы Автобаза” мекемесінің бөлім басшысы
Қамқор ЖОЛДАСҰЛЫ.
“Жүргізуші болып бастаған қызметімде бригадирге дейін көтеріліп, қазір бөлім басшысымын. Жұмыс жасаған 10 жылдық қызметімде еңбегімді елеп, марапаттап жатқан мекеме басшылығына рахмет айтамын. Барлық марапат иелерін құттықтаймын!“ дейді жылдың үздік тазалық қызметкері.
Сонымен қатар кәсіби шеберлігі арқылы газет имиджін көтеру мақсатында қарқынды қызмет етіп келе жатқан тәжірибелі журналист, “Атырау” газетінің тілшісі Алмас Қабдолов “Жылдың үздік журналисі” номинациясын иемденденді.
“Атырау Ақпарат” ұжымы мен “Атырау” газетінің ұжымына ерекше алғыс білдіремін. Бұл марапаттың артында барлық қызметкердің еңбегі жатыр. Газеттің бір бұрышында жүрген еңбегімізді лайық көргендері үшін рахмет айтамын” деді марапат иесі.
Айта кетейік, аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосқан үздіктерді марапаттау қала әкімдігінің қолдауымен өтті.
Хұсни ХАМЗА