Репост из: 24KZ - ЖАҢАЛЫҚТАР
Мектептерде стоматологиялық кабинеттер ашылады
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мен Білім министрлігінің басшысы Ғани Бейсембаев елорда мектептерінің басшыларымен өткізген отырысында, 2025 жылға қарай барлық ірі мектептерде стоматологиялық кабинеттердің кезең-кезеңімен ашылатынын мәлімдеді. Бұл бастама «Сау тіспен болашаққа» жобасының аясында жүзеге асырылмақ.

Бүгінгі таңда 6 өңірде 98 кабинет жұмыс істейді, онда қабылдауды дантисттер жүргізеді. Бірақ одан әрі «Сау тіспен болашаққа» жобасының шеңберінде мектеп жасындағы барлық балаларды стоматологиялық аурулардың профилактикасымен кезең-кезеңімен қамтамасыз ету жоспарлануда, - делінген ДСМ хабарламасында.