Қуат Ахметжанов


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Книги


Қазақша аудиокітаптар. Салт-дәстүр, аңыздар.
Арнаны қолдау үшін: каспи голд: 4400 4301 5473 0979

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Книги
Статистика
Фильтр публикаций


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram






Кәсіпкер танымал спортшыны рейдерлік жасады деп айыптады

Кәсіпкер Икрам Абдукаримов танымал спортшы, экс депутат Серік Қонақбаевты рейдерлікпен айналысты, деп айыптады. Кәсіпкердің айтуынша, соңғы үш жыл ішінде оны заңсыз түрде табыс көздерінен және мал мүлкінен айырған, деп жазады Alash.KZ сайты Zakon.kzпорталына сілтеме жасап. Икрам Абдукаримов Астанада өткен баспасөз мәслихатында сөйлеген сөзінде, Серік Қонақбаевтың оның өгей әкесі екенін, әуелі оның іскерлік беделін түсіріп, отбасылық қарым-қатынастарын бұзғанын, содан кейін өзінің беделін пайдаланып, рейдерлік әрекеттерді жүзеге асырғанын айтты. Қонақбаев әрекеттерінің нәтижесінде Абдукаримовтар отбасынан "Petroprox" ЖШС-нің 30% үлесі, "SSM Ойл" ЖШС мен "Petroprox" ЖШС-нен табыс алу құқығы, сондай-ақ "ZST Qazaqstan" ЖШС-нің 33% үлесі тартып алынған, деп мәлімдеді Икрам Абдукаримов. Кәсіпкердің айтуынша, 2020 жылдың басында анасы оны "SSM Ойл" ЖШС-нің басшысы болуға шақырған. Ал 2021 жылдың желтоқсанына қарай Қонақбаевпен келіспеушіліктер басталып, ол Абдукаримовты директор қызметінен босатуды талап еткен. "Ол сонымен қатар "Petroprox" ЖШС-дегі 30% үлесті сыйға тарту келісім-шартын жарамсыз деп тану туралы екі талап-арыз берді. Сонымен бірге, мені оның үлесін және компанияның іссапар шығындарын ұрлады деп негізсіз айыптап, қылмыстық қудалау бастады. Қылмыстық іс қозғайтынын айтып қорқытып, "ZST Qazaqstan" ЖШС-дегі үлестерді оның қыздарының атына жазуға мәжбүрледі. 2023 жылы ол менің анамды "SSM Ойл" ЖШС-дегі үлесті оның "K-Global Invest" ЖШС-не жазуға көндірді", – деп қосты Абдукаримов. Оның айтуынша, 2022 жылдың басынан 2023 жылдың бірінші жартысына дейін ол тергеуде және тергеу изоляторында болған. Алдымен сот айыптаған, бірақ 2023 жылдың маусымында апелляциялық алқамен ақталыпты. "Мен азаматтық сотқа жүгініп, "ZST Qazaqstan" ЖШС-дегі үлесті сыйға тарту келісім-шартын жарамсыз деп тануды талап еттім. Алматы облысының экономикалық сотының 2024 жылдың 27 тамызындағы шешімімен менің талабым қанағаттандырылды, ал 2024 жылдың 21 қарашасында бұл шешім апелляциялық қараудан кейін күшіне енді. Осы сот актілеріне сәйкес, Қонақбаев мені сотталу, бас бостандығынан айырылу, іскерлік беделімді түсіру қаупімен және психологиялық қысым көрсетіп мәмілелер жасауға мәжбүр етті", – деп атап өтті Икрам Абдукаримов. Оның айтуынша, осы сот шешіміне сүйене отырып, 4 желтоқсанда Алматы қаласының прокурорына қылмыстық істі тоқтату туралы қаулының күшін жою туралы шағым берген. "Бүгінгі күні менің кінәсіздігім расталғанына және біздің компаниялардың заңсыз тартып алынғаны дәлелденгеніне қарамастан, мүлікті қайтару ісі бір жылға жуық уақыттан бері шешілмей келеді. Бұрын Алматының экономикалық сотында қабылданған шешімдерді Жоғарғы сот төрағасының ұсынысы арқылы қайта қарауды сұраймын. Алайда, азаматтық алқа судьялары менің заңды талаптарымды қолдаудан бас тартып, өтініштерімді 10 ай бойы қарастыруда", – дейді Абдукаримов. Заңгер Мұрат Кудеринов клиентімен бірге Жоғарғы сотта екі өтініштің қанағаттандырылуын талап етіп жүргендеріне бір жылға жуық уақыт болғанын айтады. "Талқыланатын сот актілерінің негізінде қылмыстық қудалаудың негізі болған жағдайлар жатыр, бірақ кейін олар ақтау үкімімен негізсіз деп танылды. "Petroprox" ЖШС-не келетін болсақ, шығынның жалпы көлемі – 700 млн теңгеден астам сома, Алматы қалалық сотының апелляциялық алқасы тарапынан дәлелденбеген деп танылды, бірақ бұл шешім осы бөлігінде күшінде қалды", – дейді заңгер. Екіншіден, олар азаматтық істің сот актісіне ұсыныс енгізуді сұрауда, онда Икрамның қатысуынсыз медиативтік келісім мақұлданған. Нәтижесінде, бұл келісім оның "Petroprox" ЖШС-дегі үлесінен айырылуына негіз болған. "Талқыланатын сот актісінде және медиативтік келісімдерде Икрамның қатысуы жоқ, ал сол кезде ол компанияның үлесінің меншік иесі болған. Яғни, Алматы соты медиативтік келісімді мақұлдап, мүлкіне қатысты шешім қабылдаған, ал Икрам бұл іске мүлдем тартылмаған. Сондықтан Икрам рейдерлік ісі бойынша және Жоғарғы сотта өтініштерді қайта қарау туралы өтінішпен президентке жүгінді", – деп түйіндеді Кудеринов.

https://inbusiness.




Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram

6.4k 0 23 10 55

Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


Керемет кредит (бірінші тұрған емес, қажетсінген адамға жіберіңіз)
Жо-жоқ, мен сізді қарызға батырып, қораға тығайын деп жатқан жоқпын. Аграрлық несие корпорациясы ұсынатын бұл несие диқандарға таптырмайтын мүмкіндік.
Сонымен, диқандардың құлағына алтын сырға, «Кең дала-2» несиелеу бағдарламасы бойынша 2025 жылғы көктемгі егістік пен күзгі жиын-терім науқанына өтінім қабылдау басталыпты. Бұл бағдарлама бойынша биыл да қаржыландыру табысты іске асырылған.
Мамандардың сөзіне құлақ түрсек, «Кең дала-2» өте тиімді бағдарлама екен. Мұның тиімділігі сол қазірден бастап өтінім берсеңіз, алдағы көктемгі егістік науқанына қажет дизель отынын, тыңайтқыштарды, зиянкестерге қарсы себетін дәрі-дәрмектерді, тракторлардың саймандарын қиналмай сатып аласыз, сонымен қатар жұмысшылардың жалақысын да осы қаржыдан бере аласыз.
Егер өтініміңіз мақұлданса, кредитті ай сайын өтеп әуреге түспейсіз. Оны екі бөліп қайтару қарастырылған. Алғашқы 50 пайызын 2025-жылдың қараша айының соңына дейін, ал қалған 50 пайызын 2026-жылы наурыз айының біріне дейін қайтаруға мүмкіндігіңіз бар.
Қазірдің өзінде көптеген өтінімдер мақұлданып, фермерлерге қаржы 29-шы қарашада беріле бастайды екен. Кеш болмай тұрғанда сіз де қарманыңыз.




Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram




Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram




Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram



Показано 20 последних публикаций.