Мында президент әкімшілігіне қарасты Қазақстандық стратегиялық зерттеулер институты жасаған сауалнама. Олардың нәтижесіне сенсек, 1 ай ішінде АЭС қолдайтындардың үлесі 53-тен 73% өсіпті. Бірақ, қоғамдық пікірдің дәл осылай өзгеруі мүмкін емес. Қанша жерден ақпараттық кампания өткізсеңіз де, аз уақыт ішінде адамдардың ойы тез құбылмайды. Оған қоса АЭС-ке қарсы тараптың позициясы олардың саяси және құндылықтық ұстанымдарымен ұштасқан. Ал бұл оңайлықпен өзгермейтін дүние.
Соңғы айда АЭС бойынша бірнеше сауалнама жарияланды. Барлығы мемлекетке тікелей немесе жанама түрде қатысы бар ұйымдар өткізген. Тәуелсіз бір де бір сауалнама жоқ. Себебі, мұндай зерттеу жасау үшін Орталық сайлау комиссиясының рұқсаты керек. Онсыз заң бұзған боласың, үлкен айыппұл салады. Бірнеше адамды тіпті әлеуметтік желіде сауалнама жасағаны үшін мемлекет жазалап та үлгерді.
Біз Demoscope жобасы аясында сайлау комиссиясына құжат тапсырғанымызға 3 аптадан асты. Әлі жауап жоқ. Референдумге 3 күн қалғанда жауап беретін секілді, себебі қалған уақытта зерттеу жасап үлгермейтінімізді біледі. Осылайша біз секілді тәуелсіз ұйымдарды әдейі шектеп отыр деп білемін. Бұдан кейін қалай ашынбайсың.