Қазақстан қоғамын біріктіретін негізгі құндылықтың бірі - балаларға сапалы білім беру. Тілге, дінге және саяси ұстанымға байланысты қанша жерден жіктелсек те, балаларды оқытуға келгенде біздің адамдарда ортақ мүдде пайда болады. Себебі, білім алу - өмірде жетістікке жетудің алғышарты деген түсінік бәріне ортақ.
Осы идея төңірегінде соңғы жылдары көптеген азаматтық жобалар шоғыры пайда болды. Қазақстанның әр өңірінде мен білетін бірнеше бастама бар. Олардың ортақ миссиясы - сапалы білімді қол жетімді ету, мектеп жүйесін жақсарту, қосымша білім беру.
Осы орайда Teach for Qazaqstan жобасын ерекше атап өткім келеді. Бұл бастама екі жыл ішінде орта білім жүйесінде кәдімгідей game changer болды. Олар дайындаған мұғалімдер педагогиканың ең озық идеяларымен қатар, терең гуманитарлық миссияны бойына сіңіреді. Жаңа заманға сай мұғалімдер шалғай аймақтардағы мектептерге барып, сабақ береді. Осылайша өте консерватив мектеп жүйесіне жаңа идея, құндылықтар әкеледі, ал бұл білім алудағы теңсіздіктің азаюына ықпал етеді. Және бұл жұмыстың барлығы бюджеттен бір тиын алмай, жеке компаниялардың қаржысына жүзеге асады.
Егер араларыңызда әлемді өзгерткісі келетін немесе мұғалім болуды армандап, бірақ басқа салада жүргендер болса, осы бағдарламаға тапсырып көріңіз. 31 қазанға дейін TfQ келесі кезеңіне іріктеу жүргізіп жатыр. Толық ақпарат келесі сілтеме бойынша
https://teachforqazaqstan.org/ru/index?utm_source=kuralaizh