НАҒЫЗ ҰБТ-ДА ҚАЙ КҮНДІ ТАҢДАҒАН ДҰРЫС?📆
✔️Нағыз ҰБТ-да 2 күнді таңдауға болады. Бірақ 2 күнді қатарынан таңдау қателік.
✔️Екі ҰБТ-ның арасына уақыт салған абзалырақ. Ең тиімді аралықтағы уақыт - 2 немесе 3 апта. Осы екі ҰБТ арасында балл көтеруге мүмкіндігің болады.
✔️Өзіңе 100% сенімді болсаң, алғашқылардың бірі болып кіріп кетсең болады. Бірақ ҰБТ-ның қалай басталып жатқанын бақылаған да дұрыс.
✔️2 ҰБТ-ны да бітіру кешіне (выпускной) дейін таңдаған дұрыс. Бітіру кешінде емін-еркін демалып, тойлату үшін ҰБТ-ны толықтай аяқтағаның жақсы.
✔️Ең соңғы күнді таңдау да жақсы нұсқа. Бірақ сен шыдамсыз болсаң, ең соңғы күнді таңдамаған жөн. Себебі, айналаңда бәрі ҰБТ тапсырып тастап, сен ғана қалсаң іштей “тез бітсе екен” деп сабырсыздық танытып кетесің.
✔️Кей сәттерде күнтізбеге қарағанда адамның көзіне бір күн ұнап тұрады. Яғни, ол - интуиция. Кейде интуицияға сеніп те арнайы күндерді таңдауға болады.
Нағыз ҰБТ - сенің соңғы мүмкіндігің. Сол себептен, өз мүмкіндігіңді бос жіберіп алмас үшін дұрыс таңдау жасау қажет!