El’dos Abilov


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Цитаты


Алланың Мейірімінен үмітің үзілмесін ешқашан…

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Цитаты
Статистика
Фильтр публикаций


Қиямет күні бұл көздер нұрға малынып, бәрінен де жарқырап тұрады.


Миллиондаған мұсылманбыз, бірақ қолымыздан түк келмей, бауырларымыз қырылып жатыр.

Недеген дымға керегі жоқ, сорлы үмбет едік…


«Уа, Раббым! Палестинада зұлымдық көріп жатқан бауырларымызға көмек бере гөр. Оларды рақымыңмен қорға, сабыр мен үміт сыйла. Жүректеріне тыныштық, ел-жұртына бейбіт өмір нәсіп ет. Зұлымдықты жойып, әділеттілік пен мейірімділік орнат. Барша мұсылман үмбетіне бірлік пен береке бере гөр, Иа Рахман, Иа Рахим!»


Егер жүрегіңе ең қымбат, ең сүйікті нәрсеңнен айырылып, өзің күтпеген ауырлық келсе — біл, Алла саған күтпеген жерден жүрегіңді жұбататын, тіпті одан да артық жақсылықты сыйлайды.




Сен тек сабыр ет. Тек тәуекел қыл.




Себебі Алланың сыйы — әрдайым ең керемет сәтте келеді.


Көз жасыңмен Одан күткен ізгі үмітіңді жаз — өйткені оларды орындауға құдіреті жететін жалғыз ғана Ол.


Жігіттер..

Сеніңдер маған сеніңдер..

сен ғашық болатын қыз — саған айнадай ұқсайтын болады.

Сол секілді мықты, дана. Сол сияқты кейде жолынан адасқанмен, өз шындығына, өз сеніміне сүйеніп, өз жолымен келе жатқан. Мүмкін, алғашқыда сенімсіз, тілі ащы болар, бірақ жүрегі – шынайы. Ондай қыз ешқашан сені алдамайды, сатпайды. Сен оны жанарынан танисың — себебі шындық көзден от болып жанып тұрады. Қорықпа, жүрегіңе құлақ түр — ол саған сыбырлайды. Сен маған сен — ол да сені дәл солай іздеген. Сендер бір-біріңе қараған сәтте-ақ бәрін ұғасыңдар — сол жанарды өмір бойы көріп жүргендей сезінесің.




Әр нәрсенің бір қайыры бар…

Сондықтан әр нәрсені ойлап, көңіліңді түсірме.

Келетін нәрсе өзі келеді, кететін нәрсе қанша ұстасаң да кетеді.


Байқадыңыз ба?


әдемі адамдар — комплимент айтады, байлар — қолдау білдіреді, спортшылар — өзгелерді өздеріндей жаттықтырады.


Ал мақтана алатын ештеңесі жоқ адамдар ғана — сізді сынап, кемсітіп, бағалауға тырысады.


Кітапшадан жүректен шыққан пікір..

Рилс.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram




Санаңызда «басқамен оңайырақ болар еді» деген ой пайда болған сәтте, өзіңізге бір «оятып алатын» шапалақ беріңіз — өйткені ешкіммен де оңай болмайды.


Әр адам — қайталанбас тұлға. Әркімнің өз жақсы және кемшін тұстары болады.


Бір адамда бір нәрсе ұнамайды, екіншісінде — басқа нәрсе.


Үшінші, мінсіз нұсқа деген жоқ.
Шындық мынада: өзіңіз қабылдай алатын, кемшіліктерімен қоса жақсы көре алатын жанды табыңыз.


Нағашым жазып тұр, жүрегім еріп кетті ғой)💘🤲🏻

Артық нәрсе жазғым келмейді, өзің көре ғой…🫰🏻



Кітапты аламын..🥹


Кім жүрегін адамдарға байласа, бір күні міндетті түрде жүрек жарасын сезеді — егер олардың есігі оған жабық болса немесе олар оның мұқтаждығына көмектесе алмаса.

Ал жүрегін Алламен байланыстырған жан — тыныштық табады. Себебі Оның есігі ешқашан жабылмайды, әрі мұқтаждық Оның құзырында мүмкін еместікке айналмайды.




Алланың сен үшін дайындаған ең жақсы жоспары бар. Тек сабыр ет, және толықтай сенім арт.


Кету — ерлік емес.

Ерлік — сені қорлаған адамға қайта оралмау.

Сені бағаламаған, уәделерін ұстамаған жанға қайта бармау — нағыз ерлік.


“Қиналған кезімде қасымда қалған Раббым” кітапшасынан үзінді…

— Әже, Алла бізді қаншалықты жақсы көреді?

Ол бір сәт үнсіз қалды да, күлімдеп жауап берді:

— Алла бізді соншалықты жақсы көреді, тіпті түнде күнә жасап қойсақ та, таңертең оянуға мүмкіндік береді, балам. Ол біздің жанымызды сол түні алмай, тәубеге келуімізді күтеді. Ол біздің ешнәрсемізге мұқтаж емес, бірақ бізге шексіз нығметтерін береді. Ол бізден ештеңе сұрамайды. Тек Оған оралуымызды күтеді. Сені де Раббың күтеді, балам. Ол сені әрдайым кешіруге дайын. Бірақ мүмкіндік мәңгілік емес, бір күні тым кеш болуы мүмкін…
Осы күннен бастап менің өмірімнің жаңа тарауы ашылды.
Жалғасын кітапшадан оқи аласыз.


Кітапшаны алу үшін төменге өтіңіз:

https://wa.me/message/26H3ELEPXXHWG1



Показано 20 последних публикаций.