ABAIBOL🇰🇿


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Шок-контент


Алкеев Шыңғыстың авторлық ютуб арнасының телеграм арнасы
Сұрақтар мен ұсыныстар бойынша:
abaibolkz@gmail.com
📹 Youtube: https://www.youtube.com/abaibol
📲Instagram: https://instagram.com/shyngys.kz

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Шок-контент
Статистика
Фильтр публикаций


▪️ ШОШҚАЛАРҒА ЖЕМ БОЛҒАН МАРҚҰМДАР | №182

Аталмыш күн Риддерлік сақшылар үшін қалыпты әдеттегі жұмыс күні. Ешқандай оқыс оқиға тіркелген жоқ. Алайда, тыныштықты бөлімшеге баса көктеп кірген жігіт бұзды. Даурыққан ол, өзін полиция басшылығымен жолықтыруды сұрауда. Нәтижесінде, өтініші орындалып басшымен жолыққан ол, тосын ақпаратпен бөліскені бар. Алайда, сақшының оның сөзіне сенгісі жоқ. Күз болғандықтан, ақыл-есінде кінәрат бар адамдардың дерті қозатын кез. Яғни, бұл жігіт сау емес секілді. Себебі, айтқан ақпараты ақылға қонымсыз. Бұл 182-ші қылмыстық іс. Шығыс Қазақстан облысы.

📹 Сілтеме: https://youtu.be/VRDI-7Z0znU

6k 0 0 57 65

▪️ Баршаңызға сұрағым бар. Деректі фильм жарық көргенде, бірден қарайсыз ба? Әлде, жинап-жинап бір-ақ тамашалайсыз ба?
Опрос
  •   Шыққан сәтте қараймын
  •   Жинап қараймын
  •   Әр кезде әрқалай
1645 голосов


▪️ Ал, бұл Ишанғалиев Қуаныштың «Дүрбі» басылымына берген сұхбатынан үзінді.

Ишанғалиев Қуаныш 1975 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Атырау облысы мамандандырылған ауданаралық сотының 2013 жыл 5 маусым күнгі шешімімен 22 жылға бас бостандығынан айырылған.
Оған ҚР ҚК-нің 179 бабы 4 бөлігі, 185 бабы 4 бөлігі, 233-2 бабы 2 бөлігі, 96 бабы 2 бөлігімен аса ауыр қылмыс жасады деген айып тағылған.


– Неге өлтіресіздер? Сіздің мақсатыңыз ақша алу емес пе еді?
- Басшымыз Ролан болды, ол айтқан соң бағындық, өлтіріп тастадық… Ендігі мақсат ақша емес, қашу болды. «Әркім өз жолдарыңмен кетіңдер, қашыңдар» деді Ролан. Біз тығылып жатып, екі аптадан соң Аманғалиев Ардақ екеуіміз Орал қаласына кеттік. Оралда пәтер жалдап, бір аптадай болдық, сонда ұсталдық. Мен 22 жылға сотталдым. 2013 жылдан бері Ақтау түрмесінде отырмын. Ролан ғана Сирияға қашып үлгірді. Ол Сирияда өлді. Қалған жетеуміз сотталдық.

– Кімдердің уағызын тыңдадыңыз?
-Интернеттен Сайд Бурятскийдің уағызын тыңдадық,

- Ол не деді?
– «Таяу Шығыста мұсылмандарды қырып жатыр, мұсылман мұсылманға көмектесу керек, жихад жасаңдар» деп Сирияға шақырды.

– Мұсылмандарды қорғау үшін Сирияға кетпек болдыңыз, бірақ жол ақшасы үшін елдегі бір мұсылманды өлтірдіңіз? Мұны қалай түсінуге болады?
- Білімсіздіктен болды.

– Мұсылманды өлтірген мұсылман тозаққа барады делінген.
– Ол кезде білмедік, «намаз оқымаған мұсылман емес» деп ойладық. Қазір ғой көзіміз ашылып жатқаны. Бар ойымыз Сирияға кету болды.

- Сириядағы соғыс сіз ойлағандай дін үшін болған соғыс емес қой, мұны білесіз бе, қазір?
– Ия, ол соғыс дін үшін емес екен, қазір көзіміз ашылды ғой. Саясат қой. Бармай қалғанымыз жақсы болды, барсақ бір адамды емес 100 адамды өлтірер ме едік, Аллах сақтады!

– Сирияда сіздерді кім күтіп отыр еді?
- Роланның байланыстары болды. Біздерді соғысқа қатысу үшін террористік топқа солар қосатын болған. Сирияға Ролан, мен және тағы да 2-3 кісі кететін болдық, қалғандары елде қалатын болды.

- Қалай адастыңыз? Алғашқы шалыс басқан қадамыңыз есіңіз де ме?
- 2007 жылдан бастап намазды Әбу Ханифа мазхабымен оқыдым. Басында мешітте жүрдік. 2011 жылы көзқарасым өзгерді, теріс ағымға тап болдым. «Халал сойылмаған» деп етті жеген жоқпын, бәрі содан басталды… Содан Сирияға шақыру, елде жарылыстар болды, терроризм басталып кетті ғой. Досым Роланмен кездесіп, сөйлесіп жүрдім. Екеуіміз Сирияға кетеміз деп уағдаластық. «Мына жаққа зиян келтірмейік, соғысты Сирияда жасайық» дедік.

- Шынайы мұсылман қандай болу керек?
- Шынайы мұсылман аузымен де, қолымен де адамға зияны тимейтін адам болуы керек.

- Салт-дәстүр, ырым-тиымға қалай қарайсыз?
- Дінге қарама–қайшылығы болмаса болды. Түрмеге келіп сабақ беріп жатқан имамдар, теологтар салт- дәстүр жөнінде де айтып жатыр. Аллахқа серік қосу ғой проблема.

- Отбасыңыз бар ма? Олар да намаз оқи ма?
- Анам, әйелім, 3 балам бар. Апам, қарындасым, екі ұлым мен қызым намаз оқиды. Қазір екі баламды уайымдаймын, дұрыс жүрсе екен, мен сияқты қателесіп кетпесе, балаларым сотталып. қасыма келіп отырмаса екен деп уайымдаймын.

- Сіз дінді теріс түсіндіңіз, адасып, Сирияға кетпек болып, адам өліміне себепші болдыңыз. Енді аттай 22 жыл тар қапаста отырасыз. Кейінгі жастарға не айтасыз?
– Бірінші Үкіметке айтарым, интернетте теріс уағыз айтып жатқан сайттарға тиым салу керек. Біздің кездегі уағыздар әлі айтылып жатыр ғой, жастар бұзылып жатыр. Интернеттегі сайттарды, теріс уағыздарды тыйса жастар адаспас еді. Мысалы мен діни білімсіздіктің кесірінен 37 жасымда адастым. Егер мен жасымнан дұрыс дінді түсінсем адаспас едім. Жастарға дінді, ненің дұрыс, ненің қате екенін түсіндіру керек деп ойлаймын.

©️ Сұхбат www.durbi.kz сайтынан алынды.

📹 №181 деректі фильмді толық қарау үшін: https://youtu.be/ywgdyhGUVdg


▪️ №181 қылмыстық іс «Қандықол «жамағат» деректі фильміне қатысты қосымша дерек. 2021 жылы қылмыстық топ мүшесі Аман Қонақбаев «Дүрбі» басылымының журналисті Ұдай Сариевамен тілдесіпті. Аталмыш сұхбаттың үзіндісін беріп отырмын.

Қонақбаев Аман - ҚР ҚК-нің 179 бабы 4 бөлігі, 233-2 бабы 2 бөлігі, 364 бабы (аса ауыр) бойынша 18 жылға бас бостандығынан айырылды. Бүгінде ол Ақтау қаласындағы 172/6 қатаң режимдегі колонияда жазасын өтеп жатыр.

А. Қонақбаев 39 жаста. Атырау қаласында туып- өскен, отбасылы, үш баласы бар. Жоғары оқу орнын бітірген инженер – механик.


– Қылмыстық топпен бірге болып, көмектестіңіз. Қалай ақталасыз?
– Ардақ бала кезгі досым еді, соның кесірінен топқа кіріп кеткенімді білмей қалдым. Сирияға бару, қылмыс жасау ойымда болған жоқ. Барынша қашқақтап жүрдім. Ойланбай ақымақтық жасадым.

– Бұл топ Қазақстан мемлекеті мен халқын «дінсіз кәпірлер» деген. Сіз де солай ойладыңыз ба?
– Мемлекеті харам дейтін менде ой болған жоқ. Туған жерім ғой, осы жерде бала-шағам –өсіп жатыр. Бұрын спортпен айналыстым, тентек болдым, тіпті сотталып кете жаздадым. Намазды түзу жолға түсейін деген ниетпен бастап едім. Сақалым болған жоқ, балағымды да кескен жоқпын. Мемлекетті, адамды кәпірге шығаратын бөтен ойым болмады. Отбасымда да мәселе болған жоқ. Біреуге қарсы бірдеңе айтардай менде діни білім де болған жоқ.

- Сол діни сауатсыздықтан адастыңыз емес пе?
– Басында діни білімді дұрыс алу керек еді. Мешітке барып, имамдар мен дінтанушылардан дұрыс білім алмаған соң осылай болды. Басында жігіттерге еріп намазды Ханбали мазхабымен оқып жүрдім. Жалпы мазхаб дегенді де білмейтін едім. Теологтардан көптеген сабақтар алып, білмейтінімді сұрап, есімді жинап жатырмын. Төрт мазхаб бар екен, түрмеге түскен соң сауатымызды ашып, біліп жатырмын. Қазақстандағы Абу Ханифа мазхабына көштім қазір.

– Сонда сіз бүгін дұрыс жолда болмағаныңызды біліп, қателігіңізді түсіндіңіз бе?
-Ия, түсіндім. Басында шелпекке, келіннің сәлем салуы мен салт – дәстүрге қарсы болдық. Әрине, бас тарттым бұл жолдан. Жас емеспіз, ақыл тоқтаттық, енді ешкімнің сөзіне ермеймін.

– Адам өлімі болды. Сіздер Сирияға барып, мұсылмандарды қорғаймыз деп елдегі бір мұсылманның өмірін қидыңыздар.
– Бұл бізге ауыр сабақ болды. Қатты өкінемін. Біздің қателігімізді артымыздағылар қайталамасын деп бала- шағама айтып, түсіндіріп жатырмын. Ұлдарыма «достарыңа, көршінің балаларына айтыңдар, адасып кетпесін» деп айтамын. Осы жерде отырсам да қолымнан келгенше бала- шағама түсіндіріп жатырмын.

- Түрмеден шыққан соң не істейсіз?
Мақсатым – бала- шағамның қасында болып, отбасымның барлық жағдайын жасау, балаларымды дұрыс жолға тәрбиелеу. Қазір олар әке тәрбиесін көрмей, ата-әжесіне еркелеп өсіп жатыр. Әке тәрбиесі бөлек қой. Балаларым намаз оқып жүр. Қалай болады? Болашақты ойлаймын, соның ішінде балаларымның болашағына алаңдаймын. Мен оларға «ешкімге ермеңдер, интернеттен уағыз тыңдамаңдар. Сұрақтарың болса теологтардан сұраңдар» деп үнемі айтып отырмын. Өзім діни сауатсыздықтың кесірінен адастым, ақымақтық жасап, қылмысқа ортақ болып, орны толмас өкінішке қалдым. Енді балаларымның менің жолымды қайталағандарын қаламаймын. Теологтар олармен де кездесіп, сөйлесіп тұрады.
- Сіз адастым, қатты өкінемін, бұрынғы көзқарасымнан бас тарттым деп отырсыз. Жастарға не айтасыз?
- Қазіргі жастардың кейбірі түсінбегендерін білу үшін мешітке барып, имамнан сұрамайды. Қазір компьютер заманы, заман дамып кетті, теріс идеология интернеттен тарап жатыр. Интернеттегі жат ағымдардың уағыздарын тоқтату керек. Теологтарды, имамдарды тыңдап, солардан дұрыс білім алса жастар адаспайды. Жер бетінде туған жеріңнен, отбасыңнан артық ештеңе жоқ. Жастар осыны түсінсе екен! Біздің діни сауатымызды ашып, ненің дұрыс, ненің қате екенін түсіндіріп, ақиқатқа көзімізді ашқан теологогтарға алғыс айтамын!

©️ Сұхбат www.durbi.kz сайтынан алынды.

📹 Деректі фильмді толық қарау үшін: https://youtu.be/ywgdyhGUVdg


🔞ОҚУШЫ ҚЫЗДЫ ЗОРЛАҒАН МҰҒАЛІМ?!

Семей. 19 қараша күні, жергілікті мектептің мұғалімі құрықталып, тергеу изоляторына тоғытылды. Деректерге сүйенсек, әлгі «ұстаз» алғашқы әскери дайындық пәнінен сабақ берген. 32 жаста. Сегізінші сыныпта оқитын қызды зорлағаны үшін күдікке ілініп отыр. Жасөспірімнің анасының айтуынша, оқиға шілде айында болған екен. «НВП ағайға» қатысты тергеу амалдары жалғасып, тиісті сараптамалар тағайындалды.

❗️«Ұстаз» деген атақтың қадірін түсіргенін-ай...

👍 ❤️ Telegram | 🧐 Instagram | ❤️ Youtube


▪️ №181 деректі фильмдегі тұмшаланған кадрлардың цензурасыз нұсқасы. Қала сыртынан шұңқырда жатқан мәйіт табылды. Марқұмды соққыға жығып, басынан атып түсірген екен. Қылмыстың мотиві түсініксіз. Қарақшылық тонау деуге келмейді. Себебі, марқұмның қалтасынан көп көлемде қолма қол ақша табылып отыр...

📹 Толық деректі фильмді қарау үшін: https://youtu.be/ywgdyhGUVdg


🗣№181 деректі фильміндегі тұмшаланған кадрлардың цензурасыз нұсқасы сағат 20:00-де жарияланады.


▪️ ҚАНДЫҚОЛ «ЖАМАҒАТ» | №181

Полиция бөлімшесіне тұрғындардың бірі қоңырау шалып, сұмдық ақпаратты хабарлайды. Қала сыртында тұратын ол, малын бағып жүріп, қан-жоса болған мәйітке тап болған. Айтуынша, мүрде шұңқырда жатыр. Сол мезетте діттелген жерге тергеу тобы жол тартты. Нәтижесінде, хабарласқан адамның сөзі расталып, көмусіз қалған шұңқырдан ер адамның мәйіті анықталды. Сарапшылар марқұмның тұла бойынан соққы іздерінен бөлек, екі оқ жарақатын тапты. Бір оқ денесіне тисе, бір оқ басының төбесіне тиген. Нышандарға қарасақ, әдеттегі қарақшылық тонау секілді. Алайда, тергеу барысында астарының әлдеқайда тереңірек екенін белгілі болды...

📹 Сілтеме: https://youtu.be/ywgdyhGUVdg


🔞ӨЗІНІҢ ӘРІПТЕСІН АТЫП ТҮСІРГЕН САҚШЫ

Жамбыл облысы, Қордай. Оқиға 16 қараша болған. Патрульдік көлікте отырған сақшы қызметтік тапаншасымен абайсызда әріптесінің арқасына атып жіберіпті. Жәбірленуші аудандық ауруханаға жеткізілді. Жағдайы тұрақты. Селқостық танытқаны үшін «атқыш» сақшының үстінен қылмыстық іс қозғалды.

❗️Есі дұрыс адам тапаншаны сақтандырғышқа қойып ұстайды ғой. Қанша жыл оқыды, қызмет жасады. Бәрі бір салақтықтың кесірінен құрдымға кетіп отыр.

👍 ❤️ Telegram | 🧐 Instagram | ❤️ Youtube

11k 0 1 48 122









🔞Ақтау. 17 қараша күні, кафе алдында бойжеткенді соққыға жыққан «тіршілік иесінің» жеке басына анықталды. Ол 31 жастағы Алқамбек Талғат. Ақтау қаласының тұрғыны. Жәбірленушінің бұрынғы жігіті. Алайда, айырылысып кеткеніне қарамастан, бірнеше ай бойы бойжеткеннің ізінен қалмай, талай рет соққыға жығыпты.

Соңғы деректерге сенсек, Алқамбек Талғат құрықталыпты. Қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жалғасуда.

❗️Қамалсын ба, ағайын? Пікір білдірушілер арасында «қыздың өзінен де бар шығар» дейтіндер табылатыны 100 пайыз.

👍 ❤️ Telegram | 🧐 Instagram | ❤️ Youtube

10k 0 8 270 167



🔞БҰРЫНҒЫ СҮЙІКТІСІН СОҚҚЫҒА ЖЫҚҚАН «ЖІГІТ»

Ақтау. 17 қараша күні, жергілікті кафенің алдында сорақы жәйт орын алды. Әлдебір жігіт бойжеткенді аяусыз соққыға жығады. Бейнебақылау кадрларына үңілсек, әлгі малғұн нәзік қызды шапалақпен, сосын, жұдырықпен ұрады. Сөйтіп, есеңгіреп қалған қызды сүйреп алып кетуге тырысады. Мұның бәрі он шақты куәгердің көзінше! Сорақысы, ешбірі араша болуға аса құлық танытпайды да.

Анықталғандай, жәбірленушінің есімі Айза. Ал, малғұн – бұрынғы жігіті. Айтуынша, бұл бірінші жаңдай емес екен. Әлгі «жігіт» оны бір ай бұрын осылайша тепкінің астына алған. Бірнеше рет полицияға шағым түсіргенімен, ешқандай шара болмағанын мәлімдеп отыр. Айтуынша, малғұнның полицияда әлдебір досы қызмет ететін көрінеді. Десекте, жергілікті полиция басқармасы істің тіркеліп, тергеу амалдары басталғанын мәлімдеді.

❗️Бойжеткенге істі аяғына дейін апару керек. Мұндай «биоқоқыстар» жер басып, еркіндікте жүруге лайықты емес.

👍 ❤️ Telegram | 🧐 Instagram | ❤️ Youtube

10.6k 0 13 245 155

▪️ Өмір мені мынандай «кеңеске»дайындаған жоқ еді…🤷‍♂️

👍 ❤️ Telegram | 🧐 Instagram | ❤️ Youtube


▪️ Кішігірім пікір… ал, сіз не ойлайсыз?

👍 ❤️ Telegram | 🧐 Instagram | ❤️ Youtube


🏆МАЙК ТАЙСОН БЛОГЕРДЕН ЖЕҢІЛІС ТАПТЫ

АҚШ, Арлингтон қаласы. 15 мен 16 қарашаға қараған түні, елеулі бокс кеші өтті. 27 жастағы блогер Джейк Пол мен 58 жастағы әйгілі Майк Тайсон 8 раундтық айқасқа шыққан болатын. Нәтижесінде, әділ-қазылардың шешімімен, Джейк Пол жеңімпаз атанды. Десекте, «Темір» Майкты жеңілді деп айта алмаймыз. Себебі, жекпе жекке шыққаны үшін 20 млн. доллар гонорар алыпты. Ал, жеңімпаз болған блогер 40 млн. долларға ие болды.

❗️Жеңсе де, жеңілсе де Майк Тайсон өзінікін дәлелдеп тастаған аңыз тұлға ғой. Ал, 20 млн. доллар – жақсы зейнетақы.😊

👍 ❤️ Telegram | 🧐 Instagram | ❤️ Youtube

13k 0 3 64 152

🔞КӨЛІК АУДАРЫЛЫП, 7 АДАМ ҚАЗА ТАПТЫ

Қарағанды облысы. 15 қараша күні, Жұмабек ауылы маңында сұмдық жол-көлік оқиғасы орын алды. Алматыдан Қарағандыға жол тартқан «Toyota Alphard» көлігі аударылып кеткен. Нәтижесінде, жүргізушісі мен 6 жолаушысы қаза тапты. Оның екеуі кәмелет жасқа толмаған балалар. Тек 12 жастағы қыз аман қалыпты. Ол ауыр хәлде ауруханаға жеткізілді. Бастапқы тұжырым бойынша, оқиғаның көктайғақтың кесірінен болғаны пайымдалды. Алайда, оқиға орнына келген сақшылар жолдың таза екенін анықтады. Соған қарағанда, жүргізушісі жылдамдықты асырып, рульді игере алмай қалғанға ұқсайды.

❗️Жол қателікті кешірмейді...

👍 ❤️ Telegram | 🧐 Instagram | ❤️ Youtube

Показано 20 последних публикаций.