Семей қаласының №2 сотымен «A» ЖШС бас бухгалтері аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті талан-таражға салу үшін (ҚК 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағы) сотталды.
🔹А. «A» ЖШС-нің бас бухгалтері лауазымында 2020 жылғы маусымнан 2023 жылғы қарашаға дейінгі кезеңде жұмыс істей отырып, бұрын жұмыстан шығарылған қызметкерлерге еңбекақы есептеп, басшылықпен бастапқыда бекітілген бенефициарлар тізімін өзгерткен. Бұл оған қаражатты өз пайдасына қайта бөлуге мүмкіндік беріп, ЖШС-ге 45 млн теңге көлемінде залал келтірген.
🔹А. тағылған айып бойынша кінәсін мойындамады және соттан ақтау үкімін шығаруды сұрады.
🔹Прокурор А.-ны кінәлі деп тануды және 7 жылға бас бостандығынан айыру, сондай-ақ 7 жыл мерзімге материалдық жауапкершілігі бар лауазымдарды атқару құқығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
⚖ҚК 189-бабы 4-бөлігі 2-тармағының санкциясы жеті жылдан он екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды, мүлікті тәркілеуді, сондай-ақ белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан он жылға дейін айыруды көздейді.
🔹А.-ның кінәсі толық көлемде аудиторлық тексеру, сарапшы қорытындысы, куәгерлердің айғақтары және іс материалдарымен дәлелденді.
🔹Семей қаласының №2 сотының үкімімен А. кінәлі деп танылып, кінәсін жеңілдететін жағдайлар (кәмелетке толмаған балаларының болуы) ескеріле отырып, ауырлататын мән-жайлардың болмауына байланысты, оған 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы және 7 жыл мерзімге бухгалтерлік қызметке байланысты материалдық жауапкершілігі бар лауазымдарды атқару құқығынан айыру жазасы тағайындалды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.
https://t.me/abaisottary