Абай облысы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Қарлығаш Ақтанқызы Қасымованың ұйымдастыруымен Халықаралық құқық қорғау орталығының кәсіби медиаторлары Т.Н. Жданова, М.Ж. Шапиев, М.Н. Жангутдиновамен «Отбасылық дауларды шешу: бейбітшілік пе әлде сот ісі ме?» тақырыбында кездесу өтті.
🔹Тақырыптың өзектілігі медиативтік келісімдердің сапасы қол жеткізілген келісімдердің тиімділігі мен тұрақтылығын қамтамасыз етудегі негізгі рөл атқаратындығымен байланысты.
🔹Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі соттың судьясы Т.А. Самаева «Отбасылық дауларды шешу: бейбітшілік пе әлде сот ісі ме?» тақырыбында баяндама дайындады.
🔹Қатысушылар келісімдердің түрлеріне, олардың мазмұнының айқындығы мен нақтылығына, тараптардың мүдделерін ескеруге, сондай-ақ он жасқа толған баланың пікірін ескере отырып жасалатын келісімдердің ерекшеліктеріне және оларды жасау шарттарына жан-жақты тоқталды.
🔹Себебі сапалы жасалған келісім ағымдағы дауды шешумен қатар, тараптар арасындағы жаңа келіспеушіліктердің туындау ықтималдығын азайтуға ықпал етеді.
https://t.me/abaisottary