Жасанды интеллект


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Технологии


Жасанды интеллект туралы қазақша ақпарат беріп отырамын. Байланыс: @kazprose

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Технологии
Статистика
Фильтр публикаций


Тәтті ұйқыға – тәтті сыйақы

Фитнес-трекерлер шығаратын Whoop компаниясы қызметкерлеріне тәтті ұйқы үшін айына 100 доллар төлейді екен.
Компания басшылығының пайымдауынша, бұл шығын өзін ақтайды, себебі ұйқысы қанған қызметкерлер еңбек өнімділігін он есеге арттырады. "Ұйықтап жатып та табыс табатын жұмыс тап" деген сөз бүгінде жаңа мағынаға ие болып жатыр.


Репост из: Ақша менталитеті
⚠️Арзанның жілігі татымас немесе жалған үнемшілдіктің салдары қандай?

Көп жағдайда арзан тауарды таңдау тиімді көрінеді: бірдеңені алғанда қалтаға салмақ салмай, қол жетімді бағаға сатып алғандай боламыз. Алайда, мұндай үнем шынайы ма?

Мысалы, 👟 аяқ киімді алайық. Сапасы төмен, бірақ бағасы арзан аяқ киімді бір маусымға жетер-жетпестен қайтадан ауыстыруға тура келеді. Сосын тағы бір осындай арзанын аламыз, оның да ғұмыры қысқа.

👨‍💼Нәтижесінде, бір жылда бірнеше рет аяқ киім алуға кететін қаражат сапалы, ұзақ мерзімге жарайтын бір аяқ киімнің құнынан асып кетеді. Бұл — жалған үнем.


Тағы бір мысал...

Қымбат, сапалы құрылғы ұзақ уақыт қызмет етсе, арзан техника бірнеше айда істен шығып, оны жөндеуге немесе жаңасын алуға қаражат жұмсаймыз. Мысалы, сапасыз, арзан үтік немесе шаңсорғышты таңдағанда, ол жиі істен шығып, көңілге де кірбің түсіреді.

Ал жақсы маркалы, сенімді құрылғы бастапқыда қымбаттау болғанымен, ұзақ уақытқа жетіп, түптің түбінде үнемді болып шығады.


💬 Ақша менталитеті: Жалған үнемшілдіктің ең жаман жері - сапасыз тауарға кеткен уақыт пен энергия. Жиі ауыстыру, жөндеу, қайта сатып алу үшін үнемі ақша жұмсау айналып келгенде сізді қып-қызыл шығынға батырады. Сапалы, ұзақ мерзімдік затқа инвестиция жасау қаржылық тұрғыдан саналы шешім.

Бізге тіркеліп алсаңыз, өкінбейсіз👇

https://t.me/aqsha_mental


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
⏺ АҚШ-тан Қытайға 40 минутта

Илон Маск ұшақтарды ауыстыруды жоспарлап отыр, сондықтан жақын арада адамдарды 27 000 км/сағ жылдамдықпен Starship кемесі арқылы тасымалдауды іске қоспақ. Билеттердің бағасы тек байларға арналған, құны $10 000-ға дейін жетуі мүмкін.

SpaceX инженерлері Нью-Йорктен Шанхайға зымыранмен ұшу 39 минутқа созылатынын мәлімдеді.

"Жасанды интеллект"


OpenAI жақын арада "Operator" деп аталатын жаңа жасанды интеллект агентін ұсынуға дайындалуда. Бұл жүйе қолданушының сұрауы бойынша компьютерді дербес басқара алады: код жазу, билеттерді брондау және басқа да көптеген әрекеттерді орындау мүмкіндігіне ие болады деп күтілуде. Бірнеше апта бұрын OpenAI компаниясының бас директоры Сэм Альтман бұл жобаға байланысты үлкен серпіліс болатынын айтып, қызығушылық тудырған еді.

"Operator" және оның мүмкіндіктері

"Operator" жүйесі, OpenAI мәліметтері бойынша, компьютерді қолданушының тікелей сұраныстары бойынша дербес басқара алатын ең озық жасанды интеллект агенті болады. Бұл агент күнделікті жұмысты жеңілдетіп, көптеген қызметтерді орындауға көмектеседі, мысалы, код жазудан бастап, қажетті билеттерді брондауға дейінгі жұмыстарды атқара алады.

"Operator" жобасы тек қана тапсырмаларды орындап қана қоймай, қолданушыларға шынайы көмекші ретінде әрекет етеді. Бұл жобаның әлеуеті жоғары болғандықтан, OpenAI оны жасанды интеллект әлеміндегі ерекше жаңалық деп атауда.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
🤖 Deep Robotics компаниясы Lynx атты жаңа робот итін таныстырды.

👏 Темір робот кез келген кедергіні еңсеріп, жоғары жылдамдықпен жолсыз жерде жүре алады.


⏺ «10-3-2-1-0» ережесі — жұмысбастыларға ұйқыны қалпына келтіру әдісі.

100% жұмыс істейді. Әдісті сақтап қойыңыз:

— Ұйқыға 10 сағат қалғанда кофе мен кофеиннен бас тарту керек. Келесі рет сергітетін сусыннан таңертең ләззат алыңыз.

— Ұйқыға 3 сағат қалғанда тамақ пен алкогольден бас тартыңыз, себебі асқазандағы ауырлық пен алкогольдің әсері ұйқы сапасын төмендетеді.

— Ұйқыға 2 сағат қалғанда жұмысты аяқтаңыз. Басқа демалып, ұйқыға бейімделуге уақыт қажет.

— Ұйқыға 1 сағат қалғанда барлық құрылғыларды өшіріңіз, себебі көк жарық циркадты ритмді бұзып, ұйықтауға кедергі жасайды.

— Оятқыш шырылдағанда оны мүлде кейінге қалдырмаңыз. Бұл ұйқыға кері әсер етеді, сондықтан бірінші ретте тұруға тырысыңыз.


⏺ChatGPT студенттерге көмектесіп келе жатқан 15 жылдық бизнесті жойды.

Chegg компаниясы 15 жылдан астам уақыт бойы студенттерге үй тапсырмаларын орындауға көмектесіп келе жатқан. Қазіргі уақытта жарты миллионға жуық студент жазылымнан бас тартты.

Нәтижесінде, компанияның акциялары 95%-ға төмендеп, нарықтық құнынан $14,5 млрд айырылды.

Ирониялы, 2022 жылы Chegg қызметкерлері AI құралдарын жасауға ұсыныс жасаған, бірақ басшылық чат-боттар жеткілікті дәл емес деп шешіп, тіпті ChatGPT шыққаннан кейін де алаңдамаған.

Енді міне, өлді де қалды.

Бұл сигнал. Бәрімізге қатысты. Бейімделіп үлгермесек жағдай қиын болады)


😧 Енді адамның ұлпаларын 3D-принтерде басып шығарады.

Мельбурн университетінің зерттеушілері мидан сүйекке дейінгі адамның ұлпаларының дәл үлгілерін басып шығара алатын 3D-биопринтер жасап шығарды.

Басып шығару небары бірнеше секундқа созылады, бұл дәстүрлі тәсілдерден шамамен 350 есе жылдам.

👍 Сонымен қатар, бұл технология жануарларға сынақ жүргізбей-ақ жаңа дәрілерді әзірлеуге мүмкіндік береді.


Қайырлы күн! ☀️

⚡️ Бізде жасанды интеллект чатбот жасау қызметі бар.

⭐️ Бірнеше мекемеге, бизнеске(сату менеджері) сосын өзіме, сайт редакциясына арнап өздері үшін ғана жасайтын бөлек ChatGPT әзірлеп бердім. Әрине, ақысына.

🌝 Сіздің тапсырманы үйретілген ЖИ уатсап/телеграм/инстаграм арқылы бәріне жауап беріп, тапсырыс қабылдап, зыр жүгіреді.

✅ Керек болса хабарласыңыздар.

@kazprose
#ai #жи


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
💻 Microsoft Блокнот пен Paint бағдарламаларында ИИ мүмкіндіктерін тестілеуді бастады.

❤️ Paint бағдарламасында Generative Fill функциясы пайда болды, бұл құрал мәтіндік сұраулар арқылы суреттерге детальдар қосуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, Generative Erase функциясы арқылы суреттегі нысандарды автоматты түрде өшіруге болады. Dall-E негізінде Cocreator функциясы да енгізілген.

❤️ Notepad (Блокнот) Rewrite функциясын алды, бұл ChatGPT көмегімен мәтінді өзгертуге мүмкіндік береді.

Бұл мүмкіндіктер тек Windows Insider бағдарламасының қатысушыларына АҚШ, Франция, Ұлыбритания, Канада, Италия және Германия елдерінде қолжетімді.

🔥 Күтеміз бе?


⏺АҚШ үкіметі жыл сайын 200 мың биткоин сатып алуды жоспарлап отыр. Осылайша олар 5 жылда 1 млн. монета жинағысы келеді.

АҚШ криптовалютаны алтын қорының аналогына айналдырып, қаржылық тұрақтылықты жақсартуды (және нарыққа әсер етуді) көздеп отыр.

Айта кетейік, биткоин бағасы рекордтық $75 мың деңгейінде тұр.


👃 Енді иістерді интернет арқылы жіберуге болады.

Osmo стартапы хош иістерді цифрландыруға қол жеткізді. Жоба қатысушылары иісті ұстап, оны молекулаға дейін интерпретациялайтын машина жасады, ол үшін жасанды интеллект қолданылады.

Бұл комбинацияны әлемнің кез келген нүктесіне жіберуге болады, ал сол жерде дәл осындай машина формуланы қайта жасап, иісті жаңғыртады.

😮 Иістерді фото немесе видео сияқты оңай жіберетін уақытты күтіп отырмыз.


💀 Ғалымдар «өлім калькуляторын» жасады.

Бұл жасанды интеллектке негізделген бағдарлама, ол 78% дәлдікпен ерте өлім ықтималдығын есептейді. Бағдарлама ЭКГ деректерін талдап, дәрігерлерге анықтау қиын денсаулықтағы жасырын мәселелерді анықтайды.

Осылайша, бағдарлама жүрек жеткіліксіздігі, аритмия және басқа аурулар қаупін 10 жыл бұрын болжай алады.

👍 Бұл технология келесі жылы Лондон ауруханаларында сынақтан өтіп, одан кейін бүкіл Ұлыбритания аумағында енгізілмек.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
📸 Runway Gen-3 Turbo камераны басқаруды үйренді.

Жаңа Camera Control функциясы арқылы бірнеше рет басу арқылы жасалған бейнеде камера қозғалысын баптауға болады.

Қосылған мүмкіндіктер: көлденең және тік бағытта ұшу, оңға, солға, жоғары және төмен еңкею, жақындау және алыстау, сағат тілімен және қарсы айналу.

👍 Барлық пайдаланушылар үшін тегін қолжетімді.

👏 Жасанды интеллект


Репост из: Ақша менталитеті
🏦 Kathmandu Capital: Kaspi-дің әлемдік экспансиясы енді басталып жатыр...

Әлемге әйгілі Kathmandu Capital (NY) инвесткомпаниясы Kaspi.kz-тің келешегі кемел деп пайымдайды. Kaspi клиенттерінің төлемдері мен жалпы қаржы операциялары ұлғайу үстінде. Банк биыл кіріс пен пайда көрсеткішін 💰 20%-ға арттырған.

Kaspi-дің кең ауқымды дерек базасы мен мықты инженерлер командасы жасанды интеллектіні (AI) жақсылап жұмысқа салатын күн жақын деп санайды Kathmandu Capital. Бұл әлі толықтай жүзеге аспаған үлкен пөтенциал.

Kathmandu Capital Kaspi-ді әлемдегі ең үздік "flywheel" (бизнес қарқынын үздіксіз арттыру моделі) бизнес деп есептейді. "Компания аймақтық монополиске айналып, белгілі бір дәрежеде мемлекеттік институттың қызметін атқаруда" - дейді олар.

Kathmandu Capital 🏦Ломтадзенің халықаралық экспансия жоспарына да назар аударған.

Олардың пікірінше, бұл жоспар Украинадағы соғыс аяқталғаннан кейін нақтылана түседі. Kaspi.kz басшылығының тәжірибесі мен шешім қабылдау қабілеті компанияның халықаралық деңгейде кеңеюіне мүмкіндік береді деп санайды сарапшылар.


Астананың халықаралық аренадағы рөлі де Kaspi-дің дамуына қосымша импульс болады деп болжануда. Елдің ұран, мұнай және газ қорларының молдығы, сондай-ақ Шығыс пен Батыс арасындағы сауда жолындағы стратегиялық орны Kaspi-дің позициясын нықтай түседі.

"Осы факторларды ескеріп, Kaspi.kz секілді компаундер (жоғары қарқынмен өсіп келе жатқан) компанияның акция P/E (Price-to-Earnings) көрсеткіші кем дегенде 20 есе болуы керек деп есептейміз", - деген қорытындыға келіпті Kathmandu Capital.

😃 Ақша менталитеті анықтамасы: P/E (Price-to-Earnings) – бұл компанияның нарықтық капитализациясының оның таза кірісіне қатынасын көрсететін көрсеткіш. P/E көрсеткішінің 20-дан кем болмауы керек дегені – компанияның нарықтық бағасы оның табатын пайдасымен салыстырғанда әлі де төмен дегенді білдіреді.

Былайша айтқанда, Kaspi.kz өз пайдасын тиімді пайдаланып, бизнесін үнемі дамытып отырғандықтан, оның акцияларының бағасы әлі де 📈 өсуі тиіс.


Kaspi-дің акциялары мен компанияның биылғы қаржы есебі туралы кешке таман айтамыз. Бізге тіркел👇

https://t.me/aqsha_mental


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
🤖 OpenAI — Google-ға жаңа бәсекелес болуы мүмкін бе?

OpenAI компаниясы өз іздеу қызметі ретінде ChatGPT Search жасанды интеллектін іске қосты. Оның ерекшеліктері:

• Сұрақтарды іздеу жүйелерінің сұраныс форматына бейімдеусіз қоюға болады;
• Жүйе өзекті ақпарат көздеріне жүгініп, әрбір жауапта сілтемелер ұсынады;
• ChatGPT Search тек өз деректер базасымен шектелмеген — ол кез келген сұраққа жауап беруге қабілетті.

Бүгіннен бастап жаңалық барлық қолданушылар үшін қолжетімді. Желіде ChatGPT Search-ті Google Chrome браузеріндегі негізгі іздеу жүйесі ретінде орнатуға болатын кеңейту арқылы пайдалану мүмкіндігі талқылануда.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
Ол не істейді екен деп сұрап жүруші едіңіздер, қараңызшы не істейтінін))


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
😳 Алғашқы ИИ-мультфильм жарық көрді.

«Роботтар қайда өседі» — бұл британдық AiMation студиясы жасаған толықметражды мультфильм.

Фильм ұзақтығы — 87 минут, оны жасауға 9 адамнан тұратын команда атсалысқан. Олар Adobe Firefly, Stable Diffusion және өздерінің модельдерін қолданған. Кейіпкерлердің дауысын кәсіби актерлер дыбыстаған.

Өндіріс шығыны минутына $8,000 құрады, бұл толықметражды анимациялық фильм үшін қымбат емес.

👀 Мультфильмді Youtube-тан көруге болады.


Microsoft компаниясы биткоинге инвестиция салу мәселесін қарастырып жатыр.

Құжатта MicroStrategy компаниясының стратегиясы атап өтілген, ол BTC-ке инвестиция салып, биыл Microsoft-тың табыстылығын 313%-ға асып түсті.

Сонымен қатар, бір жыл ішінде криптовалюта 99,7%-ға өсіп, корпоративтік облигациялардан 94%-ға озды. Сондықтан, техногигантқа активтерінің кемінде 1%-ын биткоинге салу ұсынылды.


Сауд Арабиясында салынып жатқан мегаполис құрылысы Neom қазіргі уақытта әлемдегі болаттың 20% -ын тұтынады, дейді жоба өкілі. Бұл әлемдегі ең үлкен құрылыс алаңы және жобаның басты ерекшелігі - 168 км созылатын болашақ көлденең әйнек қалада 9 миллион адам тұратын болады.

Показано 20 последних публикаций.