ҚАЗАҚ АЙНАСЫ


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Лингвистика


Ғылыми-танымдық журнал

Связанные каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Лингвистика
Статистика
Фильтр публикаций


«екен» көмекші етістігі қазақша
тілдесімде «оказывается», «интересно», «хоть бы»
мағынасында беріледі 📨


4. Барлық түсте, барлық өлшемде табылады.
(әсіресе) жарнама мәтіндерінде кездестіп жүрген «во всех размерах, в разных цветах...» деген орыс тілі грамматикасының ықпалы.


5. А әрпіне біткен сөз ❌
А әрпіне аяқталатын сөз

Немен бітеді? Немен аяқталады?
«Неге бітеді?», «неге аяқталады?» емес.
«Бойыңа біткен қуатың» десек, ол басқа сөз.
«Неден басталып, немен аяқталады/бітеді?» деп сұрақты дұрыс қою арқылы тексеру керек.

6. Кім М.Жұмабаев шығармаларымен қызықса
«интересоваться кем, чем?»
‘to pursue a special interest with’ орыс және ағылшын тілдерінің ықпалы


7. Бізге 5 жыл ❌
Маған 18 ❌

Нам 5 лет /We are 5
Мне 18 лет /I am 18
Ағылшын және орыс тілдерінің ықпалы.


8. Шындықпен жанаспайды
Неге жанасу?
«Немен жанасу?» емес


9. Бір топ студенттер ❌
Бірнеше мақалалар

Ағылшын тіліндегі заттың көпше түрін -s жалғау арқылы жасаудың ықпалы


10. Осы сәтпен пайдаланып ❌
Телефонмен қолданып

Нені пайдалану?
Нені қолдану?
«Немен пайдалану/қолдану?» емес.


Мақала: https://anatili.kazgazeta.kz/news/62437


1. Мен ойлаймын
Ағылшын тіліндегі «I think», орыс тіліндегі «Я думаю»-дың әсерінен сөйлем құрылысының бұзылуы.


2. Бару керекпіз ❌
Алу керексіздер

Керек көмекші етістігі жіктік жалғауын қабылдамайды, жалғау негізгі етістікке жалғанады.


3. Директормен бекітілген ❌
Мамандармен тексеріледі

Кем утвержден?
Кем будет проверяться?
Орыс тілінің ықпалы


👑 Орфоэпиялық нормаға бағыну өнер қайраткерлері үшін маңызды екенін білдіңіз бе?


💡Сөзіңіз әуенді үнмен шығып, тыңдаушының құлағына жағымды тиіп, бірден ұйытып әкетуін қаласаңыз, үндестік заңына сай сөйлеңіз. Бұл, бір жағынан, сөйлеу мүшелерінің жұмысын жеңілдетіп, әр алуан кедердігінің алдын алады.

Кейбір дыбыстарды дұрыс айту жөнінде мына жайттарға көңіл аудару кажет:

1) Қазақ сөздерінің басында келген е дыбысы йе түрінде айтылады. Мысалы, ер, елек, екі, ет деген сөздердің дұрыс айтылуы: йер, йелек, йекі, йет. Әрине, бұл жерде й (йот) дыбысы толық и түрінде емес, “жартылай” (болар-болмас) естілуге тиіс. Егер бұл сөздерді йот элементінсіз айтсақ, эр, элек, экі, эт түрінде айтылар еді. Бұл заңдылықты анығырақ байқау үшін орыс тіліндегі ель (ағаш) сөзі мен қазақша ел (жұрт) сөзіндегі е дыбысының айтылуына назар аударыңыз: орыс сөзі эль түрінде, қазақ сөзі йел түрінде дыбысталады.

2) Сөз басында келген о, ө дыбыстарының алдынан да у дыбысының элементі естіледі: уотан (жазылуы: отан), уорақ (орақ), уөрүк (өрік). Бұл жердегі у да толық емес, “сәл-пәл” айтылуы керек.

3) Сөз басында келген р, л дыбыстарының алдынан ы, і, ұ, ү (сөздің жуан-жіңікелігіне қарап) дыбыстары қосылып айтылады. Жазуда ы, і әріптері жазылмайды. Мысалы: ірет (рет), ырас (рас), ырай (рай), ұрұу (ру), ұрұқсат (рұқсат), ілеген (леген), ылаж (лаж), ылақ (лақ), ылайық (лайық).

4) Қазақтың төл сөздерінде ч, дж дыбыстары айтылмайды. Қазақстанның кейбір өлкелерінде жергілікті ерекшелікке байланысты ауызекі сөйлеу тілінде ш, ж дыбыстары келетін сөздерді ч, дж дыбыстарымен айту дәстүрі бар. Мысалы: чатақ, чырақ, малчы, джақсы, джоқ. Бірақ әдеби тіліміздің орфоэпиялық нормасы бойынша, қазақ сөздерін тек ш, ж дыбыстарымен айту керек болады. Ескертетін нәрсе дыбыс жүйесін зерттеушілер ж дыбысының қазақ сөздерінде, әсіресе сөз басында айтылуына сәл-сәл “д” элементі қатысатынын айтады.

5) X әрпімен жазылатын араб, парсы сөздерінде ауызекі тілде бұл дыбыс қазақша қ дыбысына жуықтаңқырап айтылады. Мысалы: қабар (хабар дегеннен гөрі), қат (хат дегеннен гөрі), Ақымет (Ахмет дегеннен гөрі), Қадыйша (Хадиша дегеннен гөрі), тарыйқ (тарих дегеннен гөрі), қалық (халық дегеннен гөрі).

6) һ әрпі жазылған сөздерде осы дыбыстың өзінің айтылуын сақтау қажет. Мысалы: гәуһар (гәуқар емес), қаһарман (қахарман емес), жиһан (жиқан немесе жихан емес), аһ-аһ, еһе.


7) Екі дауыстының ортасында келген б дыбысы қазақ сөздерінде жеке тұрғандағы айтылуынан сәл өзгешелеу болып естіледі. Мысалы, Абай, таба, көбелек сөздеріндегі б дыбысын айтқанда, екі ерін бір-біріне тиіп қатты жуыспайды (осы дыбысты жеке айтқандағыдай немесе орысша дыбыстағандай). Мұны байқау үшін Абай деген сөзді орысша (орыс тілінде сөйлеп тұрғандай) және қазақша айтып көріңдер. Не болмаса баба деген орыс сөзі мен баба (“ата” мағынасындағы) деген қазақ сөзін айтып, екінші буындағы б дыбысының естілуіндегі (айтылуындағы) айырмашылығына назар аударыңдар.
Орыс тілін жақсы білетін қазіргі жастардың қазақша сөйлеу тәжірибесінде қазақ сөздеріндегі б дыбысын орыс тіліндегідей етіп, екі
ерінді бір-біріне қатты жабыстырып айтушылық байқалады. Бұл қазақ тілінің орфоэпиялық нормасына қайшы келеді.

8) Қазақ фамилияларында келетін в дыбысын ф деп, ал, -ев, -ов жұрнағын -ыф, -іф, -ева, -ова жұрнағын -ыва, -іва деп айтқан жөн. Мысалы: Кұнанбайыф, Ілекеріф, Құнанбайыва, Ілекеріва, Шәрійпыф. Өзге ұлт өкілдерінің аты-жөндерін жазылған түріне жуықтау етіп айтқан абзал. Өйткені қазақша Болат болып келетін жалқы есім өзбекше Пулат, Пулад деп берілсе, оны қазақшаламаған жен. Ал орыс адамдарының аты-жөндерін орыс тіліндегіше дыбыстау керек. Мысалы: Николай (жазылуынша Николай емес), Канстантин (Константин емес), Лэф Талстой.

Шетелдік адамдардың аты-жөндері мен қазақша жер-су аттарынан өзге географиялық атаулар негізінен орыс тіліндегі айтылуынша дыбысталғаны жөн. Мысалы: Вильям Шекспир, Моцарт, Лондон. Олардың ішінде тілімізге ертеден еніп, қазақша қалыптасқандарын сол дәстүрлі түрінде айту қажет. Мысалы: Қырым (Крым емес), Мысыр (Миср емес), Бағдат (Багдад емес).


📚Р.Сыздық “Қазақ тілінің анықтағышы”



Показано 7 последних публикаций.