Фильтр публикаций


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram




Қайыровтың қашан оралатыны белгілі болды

«Ақтөбе» ФК қорғаушысы Бағдат Қайыров 26-тур аясында өтетін «Каспий» - «Ақтөбе» матчында ойынды қосалқы құрамнан бастауы мүмкін. Футболшы қазір жарақатына байланысты Астана қаласында.

Айта кетейік, Қайыров соңғы матчын, 19-тур аясында «Оқжетпеске» қарсы өткізген болатын.


"Қайрат" бас бапкері - Рафаэль Уразбахтин:

-Айтатын несі бар? Екі түрлі деңгей. Голдарды өз-өзімізге алып келдік

-Екінші таймдағы ойынды бірінші таймда көрсетуіміз керек еді

-Олар өз үйлерінде агрессивті ойын көрсетеді. Ол ойынға жоспар жайында жақсылап ойланамыз

-Алаң сапасы нашар болған соң жеңілдік деп айтуға келмейді


"Андерлехт" бас бапкері - Бруно Виктор:

-Бәрі осы жерде аяқталды ма? Жоқ, қарсыласқа құрметпен қараймыз. Алда не боларын білмейміз

-Бұның бәрі жоспардың арқасы. Жолды да, қарсыластың ойынын да жақсылап зерттедік

-3:0 жеңдік екен деп, мықты ойнадық деп айта алмаймын

-Демалуға уақыт жоқ, бізде күні ертең жаттығу

-Ойыншыларға абай болып ойнау керегін айттым (алаң сапасы үшін)


Өз өздерімен төбелесіп жүрген командадан ұтылып жатыр екенбіз ғой😁😁😁😁


🇪🇺 Сәлем Конференция лигасы


Алып қалатын ойыншы екен. Небәрі 17 де ещё)


Матчқа болжамым - 1:1

Бірақ мына алаңды көріп ойлап қоямын "Қайратқа" жақсы жағынан көмектеседі-ау деп. Өткен жылы "Ақтөбе" "Спарта Прага" мен ойнаған кездегі алаң газон емес, таза "балшық" болған еді (нөсер жауыннан). "Ақтөбе" оны сәтті пайдаланды. Әйтпесе үш ұйқтаса түсімізге кірмейтін жеңіс қой (2:1). Сол сияқты осы матчта да бәлкім алматылықтар соңғы минуттарда гол соғып 2:1 есебімен аяқталып қалама деп ойлап қоямын. Көреміз қазір.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


🇰🇿 «Қайсар» бір ай бойы Астанада жаттығады

Қызылордалық клуб 17 қазанда елордада «Астанаға» қарсы матч өткізеді. Одан кейін 1 қарашада «Жеңіске» қарсы Қазақстан чемпионатындағы соңғы кездесуін өткізеді.

Ал 7 қарашада «Қайсар» Қазақстан Кубогінің финалдық матчына қатысады.

Осы ойындардың арасындағы уақытты тиімді пайдалану үшін «Қайсар» бір ай бойы Астанада болып, жаттығу жұмыстарын елордада өткізуді жоспарлап отыр.


Қазақстандық қорғаушы Арыстан Қуанов өнер көрсететін қырғызстандық "Дордой" Қырғыз кубок финалында "Барс" командасынан 2:0 есебімен жеңіліп қалды.

Арыстан өскемендік клубтың түлегі. Ол Бішкектік клуб сапына өткен жылдың жаз айында қосылды.

Ал жеңімпаз атанған "Барс" сапында өткен маусымда Азамат Жомарт өнер көрсеткен еді. Ол аталмыш клубпен Қырғыз Республикасының чемпионы атанды.


Шіркін бағаланбаған ойыншы ғой кезінде!

Филиповичті айтам. Өз уақытында "Атырауды" шайқады. Кейін "Ақтөбе" бұл ойыншыны дұрыс жағынан пайдалана алмады. Бапкермен келіспеушіліктер болды. Қазір "Жеңіс" уақытында шақырды ойыншыны. Ойыны сұрапыл. Қазір ғана дубль жасады кубоктік ойында. "Қайсарға" қарсы бірінші ойында да гол соққан еді. "Жетісуге" қарсы дубль жасады. "Жеңіс" сапындағы бесінші голын соқты. Браво Андрия!


Ақтауда 10 000 көрерменге арналған стадионның құрылысы басталды.


Уразбахтин қысқаша былай деді:

Өзін сынап жатқан журналистерге: керуен жүреді, ит үреді

Андерлехт туралы: танымал команда, құрамы жақсы. Бірақ өтуге болады

Концерттен кейінгі алаң туралы: алаңды әлі көрмедім. Агроном тек фотосын ғана көрсетті

Андерлехттің Левскийге ұқсастығы туралы: Команданың стилі көбіне Омонияға ұқсайды дер едім

Матчтан кейін Анарбеков, Тұяқбаевтар туралы айтқаныңыз ойыншыларға кері әсер етпей ме? Анарбеков туралы айтқаныма екі-үш ай өтті. Оны қозғаудың қажеті жоқ


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
"Қайсар" ФК басқарушы директоры Бақытжан Пазылқайыр бас бапкер Андрей Феропонтовқа бүгінгі ойында көңілі толмаған секілді.


Фабрицио бүкіл сыбыстың нүктесін қойды


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


🇰🇿 Шымкенттік клубтың камерундық қорғаушысы Ги Килама «Университатя Крайова» сапына ауысуы мүмкін.

🇷🇴 Румыниялық клуб 27 жастағы футболшы бойынша «Ордабасымен» келіссөз бастады. Қазір тараптар бастапқы кезеңде тұр.

💰Transfermarkt Киламаның құнын 1 млн еуроға бағалап отыр.

📊 Қорғаушы осы маусымда 24 матч өткізіп, 3 гол және 1 нәтижелі пас тіркеді.
Киламаның «Ордабасымен» келісімшарты 2026 жылдың желтоқсанына дейін жарамды.

Показано 20 последних публикаций.