▪️Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында атасы мен әжесінің немересімен араласу тәртібін айқындау туралы талап қою бойынша азаматтық іс қаралды.
▪️Баланың ата-анасы 2020 жылы ажырасқан, содан бері ол анасымен бірге тұрады. Атасы мен әжесі немересімен араласпады және материалдық жағынан көмектеспеді, өйткені олардың ара қатынастары нашар болғандықтан. Алайда, қазір олар немересімен қарым-қатынас орнатып, оған көмектескісі келеді.
▪️Қорғаншылық және қамқоршылық органының шешімімен баламен кездесу уақыты әр жексені сағат 8.00-ден 20.00-ге дейін анасының қатысуымен Ақтөбе қаласында бейтарап жерде деп айқындалған. Талап қоюшылар бұл шешіммен келіспей, соттан жұмадан жексенбіге дейін анасының қатысуынсыз баламен араласуды айқындауды сұраған.
▪️Сот баланың мүдделерін ескере отырып, тараптарды татуластыруға тырысты.
▪️Нәтижесінде, немерелерімен әр сенбі сайын сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін бейтарап аумақта, анасының қатысуымен кездесуге келісімге келді.
▪️Сондай-ақ, олар бала кәмелет жасқа толғанға дейін ай сайын 5 АЕК асырауға алимент аудара отырып, материалдық көмек көрсетуге міндеттенді.
▪️Соттың ұйғарымы заңды күшіне енді.
🖊️Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі