ALASH SPORTY


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Спорт


🇰🇿𝘼𝙇𝘼𝙎𝙃 𝙎𝙋𝙊𝙍𝙏𝙔🇰🇿
◼️ ММА | БОКС | ДЗЮДО | КҮРЕС
◼️ Күнделікті Жаңалықтар 📰
◼️ Сапалы Видеолар 🎥
◼️ Лайк бас, Пікір қалдыр ✊
◼️ Парақшаға жазылуды ұмытпа ✊

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Спорт
Статистика
Фильтр публикаций


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
🇰🇿 Жәнібек Әлімханұлының жаттығу жиынына Ломаченконы баптаған Марко Контрерас келіп қосылды!

Америкалық маман бапкерлік қызметте бокс әлемінің жұлдыздары Александр Гвоздик, Василий Ломаченко және Сауль «Канело» Альвареспен де жұмыс жасаған.

Марко Контрерас Қазақ боксшыларына жат бапкер емес, ол бұған дейін Мейірім Нұрсұлтанов, Мадияр Әшкеев, Асхат Уәлиханов, Сағадат Рахманқұл және Бобыржан Момыновты жаттықтырған.

🏆Top Rank x Nomad Promotions | 📆05.04.2025 | 🚩«Барыс Арена», Астана


🇰🇿 Данияр «Қазақ Найзағайы» Елеусінов (12-0, 7 KO) 💪

«Биыл шығамын әлі Америка төріне жарқ етіп... Сондықтан мені сызып тастамаңдар. Жұлдыз болып жарқ ету оларда оңай ғой, тек соны сақтап қалу қиын... Келісімшартты биыл таптым дені дұрыс... Түрки мен Дана ашып жатқан лигадан»,

- деп Данияр оқырманның сауалына жауап берді.

Бүгін Қазақтың даңқты боксшы Данияр Елеусінов 34 жасқа толып отыр!

⬇️ Бұл келісімшарт жайлы не ойлайсыздар❓




🇰🇿 Дияр Нұрғожай мен қарсыласы 🇧🇷 Брендсон Рибейроның актуалды физикалық қалыптары 💪

🏆UFC Fight Night 254 | 🚩Лас-Вегас, АҚШ

📆 Жекпе-жек 16-шы наурыз шамамен тағы сағат 04:30-да өтеді!


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
🏆The Ultimate Fighter спорттық реалити шоуының 33-ші маусымының жабық түсірілімі аяқталды ✅

🇰🇿 Әліби Ідіріс (10-0) шоу барысында Дэниел Кормьенің командасында өнер көрсетті 💪

📺 12 бөлімнен тұратын TUF 33 шоуы 28 мамыр мен 13 тамыз аралығында көрсетіледі.

👊 Ширек және жартылай финалдық жекпе-жектер жабық түсірілімде өтті. Финалдар тікелей эфирде UFC-дің нөмірлі турнирінде өтеді.

⚔️ Аса жеңіл салмақ (56,7 келі)

🇰🇿 Әліби Ідіріс (10-0)
🇺🇿 Фуркатбек Йокубов (15-4)
🇮🇳 Аршиян Мемон (7-0)
🇧🇷 Эдуардо Энрике (13-2)
🇲🇽 Иманол Родригес (5-0)
🇺🇸 Джозеф Моралес (12-2)
🇻🇪 Ройберт Эчеверриа (10-2)
🇿🇦 Тумело Маньямала (6-1)

⚔️ Жартылай орта салмақ (77,1 келі)

🇺🇦 Даниил Донченко (11-2)
🇲🇽 Алекс Санчес (15-3)
🇮🇪 Андреас Биндер (10-2)
🇧🇷 Диего Бьянкини (9-1)
🇺🇸 Джефф Крейтон (11-2-1)
🇧🇷 Ричард Мартинс (9-1)
🇧🇷 Родриго Сезинандо (8-1)
🇺🇸 Мэтт Диксон (11-1)

⬇️ Әліби финалға өтті ме, қалай ойлайсыздар❓


🏆NAIZA Semey
📆Маусым айында

🏆Жеңіл салмақта «NAIZA» чемпионы белбеуіне!

🇰🇿 Тимур Серікұлы (5-2) vs. 🇰🇿 Тамирлан Саралапов (6-0)

⬇️ Жекпе-жек жайлы ойларыңыз❓


«Маған қарағанда қабілеті жоғары боксшыны атаңыз. Көпшілік маған күмәнданды. Мен Арабияға ауыр жол жүріп, уақыт айырмашылығын өткеріп, соңғы 15 қарсыласын нокаутқа түсірген қарсыласты жеңдім. Мен қиындықтарды қабылдаймын. Дәл қазір 160 немесе 168-де мені ешкім жеңе алмайды. Мунгия мен Джермаллдың менен қаншалықты қашқанын бәрі біледі. Шираз барлығын нокаутқа түсіргенде, мен оның жеріне барып, сабадым.

Мен 154 фунтта Деревянченкомен жекпе-жекке шығу үшін 160-қа көтерілдім және ол GGG-ді ауыр сынақтан өткізгеннен кейін оны жеңдім. Содан кейін Джермеллге қиындық тудырған Монтиэльмен не болғанын бәрі біледі»,

- деп Адамес твиттерде жазба қалдырды.

«Мені жұдырықтасудан қашып жүр деп жұртты күлдірумен айналысып жатыр. Бірақ жұртқа күлкі сыйлағаны да дұрыс шығар! Ширазды ұра алмаған бала... несін айтайын! Аман жүрсін. Мен 5 сәуірдегі ісімді тындырайын!»,

- деп жауап қатты Жәнібек.


🇺🇿 Баһадүр Жалолов (14-0, 14 КО) 5-ші сәуір Астанада басқа қарсыласпен жұдырықтаспақ!

Жалолов 🇰🇿 Иван Дычкоға (14-0, 13 КО) кеткен есесін қайтарудан гөрі, Әлем чемпионы атану жолын жалғастыруды таңдаған сияқты.

⬇️ Бұл туралы не ойлайсыздар❓


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram
🇰🇿 Дияр Нұрғожайдың UFC-дегі алғашқы айқасына санаулы күндер қалды 💪

🏆UFC Fight Night 254 | 🚩Лас-Вегас, АҚШ

📆Жекпе-жек 16-шы наурызға қараған түні өтеді!

🇰🇿 Дияр Нұрғожай (10-0) vs. 🇧🇷 Брендсон Рибейро (16-7, UFC 1-2)


🇰🇿 Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 KO) рейтингте бір саты жоғарылап, 1-ші орынға жайғасты!

Мейірім жаңартылған рейтингте 🇬🇧 Хамза Шираздың (21-0-1, 17 KO) орнын басты. Ал WBC бойынша Әлем чемпионы белбеуі 🇩🇴 Карлос Адамеске (24-1-1, 18 KO) тиесілі.

⬇️ WBC ұйымы осы жолы сөзінде тұрып, Мейірім-Адамес жекпе-жегін ұйымдастыруға мүмкіндік береді ме, қалай ойлайсыздар❓


🇰🇿 Иван Дычко (14-0, 13 КО) vs. 🇺🇿 Баһадүр Жалолов (14-0, 14 КО)

🏆Top Rank x Nomad Promotions | 📆05.04.2025 | 🚩«Барыс Арена», Астана

🥊 Дычко мен Жалолов әуесқой бокста 4 мәрте кездесіп, барлығында отандасымыз жеңіске жеткен!

⬇️ Жекпе-жек жайлы ойларыңыз❓


«Дана Уайт Джон Джонс пен Том Аспиналл арасындағы айқастың жазда болатынын айтты. Дегенмен ол қараша айында ұйымдастырылады деп ойлаймын. Бұл Джонның әдетте жекпе-жекке шығатын уақыты. Олардың шайқасын барлығының көргісі келетіні анық нәрсе.

Адамдардың тез ұмытшақ келеді. Илья Топурия Махачевтің соңынан қалмауы керек. Топурия досы Мераб Двалишвили сияқты қайта-қайта жағымсыз нәрселерді айтып, Ислам Махачевпен жекпе-жекті сату үшін түрлі қойылымдар жасай алады»,

- деді екі салмақта UFC-дің бұрынғы чемпионы Сехудо өзінің YouTube арнасында.

⬇️ Бұл жекпе-жектер жайлы ойларыңыз❓


🇨🇺 Эрисланди Лара (31-3-3, 19 КО) Жәнібекпен кездеспеу үшін, кез келген боксшымен жұдырықтасуға дайын 😅

🇨🇺 Йоэнли Эрнандес (7-0, 7 КО) пен 🇺🇸 Иэн Гриннің (19-2, 12 КО) командаларына келіссөздер үшін 4-ші сәуірге дейін уақыт берілді.

🥊 27 жастағы Кубаның қабыланы Йоэнли әуесқой бокстан 75 келіде екі дүркін Әлем чемпионы (Белград-2021, Ташкент-2023) және WBA рейтингінде бірінші орынға жайғасқан. Америкалық боксшы Грин орта салмақ рейтингінде 4-ші орында.

⚡️ Бұған дейін Лара мен Эрнандестің жекпе-жегі 3-ші мамыр Эр-Риядта «Канело-Скалл» бокс кешінде өтуі мүмкін деген сыбыс тараған болатын.

⬇️ WBA мен Лараның тірлігі және Йоэнли Эрнандес жайлы ойларыңыз❓


🏆Күрес түрлерінен «Азия біріншілігі»
📆25-30 наурыз аралығында
🚩Амман, Иордания

⚡️ Бұған дейін UWW ресми сайтында Азия біріншілігінде қатысатын Қазақстан құрамы жарияланған болатын. Аталған тізімде Ризабек Айтмұханның орнына Бекзат Үркімбай көрсетілген.

«Нақты тізімді жақын күндері жариялаймыз. Ал Ризабек Айтмұханның Азия біріншілігіне қатысатыны рас. Күреседі!

74 келіде Нұрқожа Қайпанов пен Әлібек Әбдіқасымов өзара белдеседі. 61 келіде Мейрамбек Қартбай мен Мұхаммед Балғабай сынға түседі. Жеңген жігіттер ұлттық құрама сапында Азия чемпионатына жолдама алады»,

- деді бас бапкер Мадияр Құрамысов Sportbugin.kz тілшісіне берген сұхбатында.

Ризабектің басты қарсыласы, 97 келіде Париж Олимпиадасының чемпионы Бахрейн өкілі Ахмед Тажудинов та Иордания боз кілемінде белдеседі.


«Өзі де, промоутері де қорқақтар. Мен оларды басқа не деп атайтынымды білмеймін. Олар менің жекпе-жекке келісімшарт жібергенімді білді, сондықтан ол менімен жұдырықтасуы мүмкін еді. Біз оған келісімшартты жібердік, оған қол қою ғана қалды. Ол: «Келісімшартты маған жібер» дегенде, ол біздің оны жібергенімізді білді, бірақ ол қол қоймады. Мына балапан қағаздарға қол қоймады. Ол менімен жұдырықтаспайтынын біледі. Ол менен қорқады. Ол жекпе-жекте біздің спаррингімізден қарағанда әлдеқайда қиын болатынын түсінеді!»,

- деді Адамес «Broadway Joel» YouTube арнасына берген сұхбатында.

P.S. Карлостың өзі спаррингте қалай таяқ жегенін жібере алмай жүрген сияқты 😅

⬇️ Карлос Адаместің пікірі жайлы ойларыңыз❓


🇰🇿 Қазақтың қос Әлем чемпионы Ризабек пен Нұрқожаның бұл байрақты бәсекеге қатыспайтыны өкінішті.

🏆Күрес түрлерінен «Азия біріншілігі»
📆25-30 наурыз аралығында
🚩Амман, Иордания

🇰🇿 Ел намысын қорғайтын еркін күрес шеберлері:

57 келі: Мерей Базарбаев
61 келі: Мейрамбек Қартбай
65 келі: Нұрсұлтан Садық
70 келі: Начын Куулар
74 келі: Әлібек Әбдіқасымов
79 келі: Дәулет Ергеш
86 келі: Данияр Қайсанов
92 келі: Нұрдәулет Бекенов
97 келі: Бекзат Үркімбай
125 келі: Нұрсұлтан Азов

✅ Балуандар тізімі Біріккен күрес әлемінің (UWW) ресми сайтынан алынды.

P.S. Қазақстан намысын қорғау үшін, арнайы Ресейден келген Начынға боз кілемде лайықты бәселестік көрсете алатын елімізде бірде-бір балуан болмағаны ма 🤔 Енді Начынның әлемдік аренадағы әлеуетін көрейік!

⬇️ Азия біріншілігіне қатысатын құрам жайлы ойларыңыз❓


Instagram парақшада 90.000 оқырман!

Жазылып, Лайк басып, Өз ойыңызбен бөлісіп қолдап отырыңыздар✊

https://www.instagram.com/p/DG8ZQQNs9ov/


🏆 Riyadh Season WBC Гран-Приі ерекше турнир ретінде жоспарланған, оның аясында 41 елден 128 боксшы төрт салмақ дәрежесінде бақ сынайды. Бес бокс кешіне бөлінген турнир Сауд Арабиясында өтеді. Жекпе-жекте нәтиже болмайды - барлық айқастар бір боксшының жеңісімен аяқталады.

🇰🇿 Қазақстандық боксшылар: Жолдас Жеңісов (7-0, 3 КО), Нұржан Серікбаев (5-0, 5 КО), Санатәлі Төлтаев (2-0, 1 КО), Нұрқанат Райыс (1-0).

🇺🇿 Өзбекстандық боксшылар: Абдумалик Халоков (1-0, 1 КО), Камронбек Эшматов (10-1, 7 КО).

🥊 Салмақ дәрежелері: Жартылай жеңіл салмақ (57,15 келі), бірінші жартылай орта салмақ (63,5 келі), орта салмақ (72,56 келі) және аса ауыр салмақ (+90 келі). Боксшының жасы 26-дан және өткізген жекпе-жек саны 16-дан аспауы керек.

📅 Турнирлердің өтетін уақыттары (шамамен):

сәуір: 1/16 финал - 64 айқас
маусым: 1/8 финал - 32 айқас
тамыз: 1/4 финал - 16 айқас
қазан: жартылай финал - 8 айқас
желтоқсан: финал - 4 айқас

💰 Жеңімпаздар (5 жекпе-жекке) $220.000 АҚШ долларына дейін сыйақы алуы мүмкін!


🏆«Grand Prix Upper Austria» | 🚩Линц, Аустрия

🇰🇿 Әбиба Әбужақынова финалда 🇯🇵 Сачио Ёшиноны айқын басымдықпен жеңді!

Әбиба ақтық сынға дейін Мизуки Харада (Жапония), Спрингер Жаклин (Аустрия) және Эмбер Херсьесті (Нидерланды) тізе бүктірді.

Осылайша, Әбиба биылғы маусымдағы алғашқы жарысында бірден екі Жапон дзюдошысын ұтып, алтыннан алқа тақты.


«Бұл Шавкаттың мансабына әсер ететін аса ауыр жарақат емес, бірақ мамырда жекпе-жек өткізуіне кедергі болатын еді. UFC-ге Канадада тағы бір титулдық жекпе-жек қажет болды. Чемпиондардың арасынан Белал жекпе-жекке дайын болды және олар Шавкат дайын болар ма деп ұзақ ойланды.

Біз қолдан келгеннің бәрін жасауға тырыстық, бірақ ол кезде Шавкат 100% дайын болмас еді. Сондықтан ол осындай шешім қабылдады. Белал-Маддалена жұбының қайсысы жеңетінін және қашан дайын болатынын көрейік. Күз болса – күз, жаздың соңы – бұл да тамаша»,

- деді Саят.

Показано 20 последних публикаций.