Ali’s Notes


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Религия


Әл-Азхар университеті, Ақида және философия факультетінің студенті

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Религия
Статистика
Фильтр публикаций


Жасы ұлғайған сайын Құдайға құлшылық етуден ләззат таба алмаған адам, ұтар жерде ұтылып, сүрінбейтін жерде сүрінетін болады. Егер осыны терең түсіне алса, күлмек түгілі, өкініштен қан жұтар еді…


1 жылда бір рет пост, 6 айда бір сторис салатын, бар-жоғы 5 мың оқырманы бар менің парақшамнан соңғы 2-3 күнде 50-60 адам отписка жасапты. Бұрын блогер екен деп ойлап тіркелсе керек…)


Адам құл болмай адам болмайды.

(Аллаға)


Рамазан айы - Құран оқитын ай,
Әліппе оқитын ай емес!
Қазірден әліппені бітіріп, Құранға
Түсейік!
Оразада оқимын деумен неше жыл өтіп кетті ғой.

100 күн қалды🤍


Діншілдігіңді Құдайға көрсет, маған адамгершілігің керек.

Фридрих Ницше


Құдай жоқ деп айту – адамның көзімен ғана көруге болатын нәрселермен шектелу. Ал рухани тұрғыдан, бар нәрсені тек жүрекпен сезуге болады.


Құдайдың бар екенін дәлелдеу үшін көп сөздің де қажеті жоқ. Сенім – жүректен шыққан және жан дүниеде сезілетін шындық. Жаратылыстың кереметін көрудің өзі Алланың бар екенін ұғынуға жеткілікті.


Шармнан Каирге қарай жолға шықсаңыз, нағыз экшн басталады! Жол бойында бірнеше рет әскери тексерулерден өтуге тура келеді. Айдалада тоқтатып, бүкіл чемоданды қопарып, көлікті арнайы итпен тексергенде өзіңізді шытырман фильмнің кейіпкеріндей сезінесіз. Баяғыда кинолардан көріп таңғалатын көріністерді шынайы өмірде бастан кешу – мүлде басқа әсер!


Мысырдан келген дубайский шоколадтың өте керемет екені баршаға мәлім🤭😁

11і күні тағы 120 штук жібереміз

бұл жолы 5900тг

@ali_sagatuly

тапсырыс беріп үлгеріңіздер)


Өзбекстанның бұрынғы мүфтиі, марқұм шейх Мұхаммед Садық Мұхаммед Юсуфқа (Алла ол кісіні рақымына алсын) бір кісі мынадай сұрақ қойыпты:

"Құрметті шейх! Мен сіздің атыңызды балама қойып едім. Бірақ балам сізге ұқсамай келеді. Бұл не себепті екен?"

Сонда шейх былай деп жауап беріпті:

"Ол мен сияқты Мұхаммед Садық болуы үшін, сіз менің әкем Мұхаммед Юсуф сияқты болуыңыз керек. Менің әкем өзі тақуа жан болғандықтан, әр түнде жүз рәкәғат нәпіл намаз оқып, мен үшін былай дұға ететін: 'Иә, Алла! Менің баламды дін ғалымы ете гөр!'"


Алла Тағала үлкен күнәні де кешіреді, Үміт үзбеңдер

Кіші күнә үшін де азаптайды, Алданбаңдар


Каирде әрбір 400-500 метр жерде осындай банан 12 ай бойы сатылады. Тақтайшада бағасы жазылып тұр 17,5 яғни теңгемен 175 теңге(бір килограммға).

📜Каир естеліктері


Балшыққа батқан есек теңеуі, әдетте, қиындықтардан, кедергілерден шыға алмайтын, немесе бір орында тұрып қалған адамды білдіреді. Бұл образ арқылы мынадай ойлар айтылады:

1. Шектеулі мүмкіндіктер: Балшыққа батқан есек, оны шығару үшін күш жұмсау қажет, ал тек өзі бұдан шыға алмайды. Бұл адамның ақылы мен логикасы да кейде қиын жағдайларда әрекет ете алмайтындығын білдіреді.

2. Шарасыздық:
Есек балшыққа батып, алдыға жылжи алмайды. Сол сияқты, адамның ақылы да кейде өмірдің қиындықтарына қарсы тұра алмай, тоқтап қалуы мүмкін.

3. Қажеттілік:
Бұл теңеу арқылы исламның немесе рухани бағдардың қажеттілігі көрсетіледі. Ислам адамды бағыттап, қиындықтарды жеңуге көмектеседі, ал ақылдың шектеулілігіне толықтай қарсы тұрады.

Сондықтан "балшыққа батқан есек" мысалы, адам ақылының кейде пайдасыздығын, әрі рухани жолды іздеудің маңыздылығын білдіреді.


Ақыл ол адам сөйлегенде және әрекет жасағанда жетекші болғанымен, өмірдің практикасында ол тек "балшыққа батқан есек" секілді. Осыдан исламға деген қажеттілік туындайды. Ислам — адамның өмірдегі мақсаттарын айқындап, рухани да, моральдық тұрғыдан да дұрыс бағыт ұстануға көмектеседі.


Сториске салатын дүниеміз көп,
Историяда қалатын дүниеміз жоқ


Әлеуметтік желіде біреудің суретін пайдаланып, жалған аккаунт ашу – Исламда бір емес үш түрлі ауыр күнәға жатады.

Біріншіден, бұл алдау болып табылады, яғни өтірік арқылы басқаларды жаңылыстыру.

Екіншіден, біреудің жеке құқығына, хаққысына қол сұғу – адамның рұқсатынсыз оның суретін пайдалану.

Үшіншіден, бұл – жалған ақпарат тарату, яғни адамдарды зиянды немесе қате мәліметтермен шатастыру.

Исламда бұл үш әрекет те өте үлкен күнә болып есептеледі. Пайғамбарымыз (с.а.с.): «Кім бізді алдаса, ол бізден емес» деп ескерткен.

Меніңше осындай әрекеттерді жасайтындар, көбінесе, еріккеннен және басқаларды алдау арқылы көңіл көтеруді қалайды. Олар шынайы өмірдің қиындықтарынан қашып, виртуалды әлемде жалған тұлғалармен өмір сүреді және күнаға батады.

Өкінішке орай, менің суретімді қолданып, еріккен, Алладан қорықпайтын біреулер инстаграм және телеграмнан аккаунттар ашып, таныс-таныс емес адамдарға мен болып жазып жүр екен❗️


Ақиданы білмесең, меңгермесең, түсінбесең, психология сені оңай діннен шығарады. Медитация сені жояды.


🦜: Осы неге діни ілімі жоқ адамдар дін жайлы сөйлейді?

🦢: Ілімі жоқ болғандығы себепті…

🦜: Ілімі болса сөйлемейтін бе еді сонда?

🦢: Ілімі болса кімнің атынан сөйлеп жатқанын біліп сөйлейтін еді…


Намазға қалай оңай келуге болады” деген тақырыпта курс жасап пайда табатындар уақыт өте келе пайда болуы мүмкін.
Құлшылықтың жолдарын, дінді және жақсылыққа шақыруды коммерцияға айналдыру өте жаман көрініс.

Мұндай әрекеттер діннің мәнін қатты төмендетеді.


Ұмраға арзан бағамен барудың жолдарын үйрететін, яғни ақпарат сататындар туралы көріп қалдым. Сондағы курсы ары кетсе 5 минуттық видео.

Өтініш, осы сияқты курстарды жасамасаңыздар екен. Бұл өте ұят.

Бір-екі ақпарат білсе болды курс сататындардың заманы болды”

Показано 20 последних публикаций.