Ұбт жолым оңай болған жоқ. Алғашқы кездерде қиындықтар мен түсініксіз тақырыптар көп кездесті. Бірақ тұрақты дайындалып, әр сынақтан кейін қателерімді талдап, әлсіз тұстарыммен жұмыс істей бастадым. Кейде нәтижем ойлағанымдай болмай, төмендеп кеткен кездер де болды, бірақ берілмей, алға қойған мақсатыма қарай ұмтылдым. Мұғалімдерімнің қолдауы, күнделікті еңбегім және өзіме деген сенімімнің арқасында білімімді жетілдіріп, ҰБТ дан жақсы балл ала алдым.