Уақыт өте келе мен үшін ең маңызды нәрсе - дұрыс жүйемен оқу екенін түсіндім. Әр тақырыпты меңгеріп, кейін тест арқылы білімімді тексеріп, қателерімді талдап отырдым. Осылайша нәтижем де біртіндеп көтеріле бастады. 100-ден асқан баллдар, кейін 120+, 130+ нәтижелер келе бастады. ҰБТ жақындаған сайын уақытпен жұмыс істеуге, сұрақтарды дұрыс талдауға және өзім білетін тақырыптардан барынша көп ұпай алуға көбірек көңіл бөлдім.