ArshatGo


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Блоги


Аршат Ораздың жеке каналы. Жаңалық, әзіл, футбол, ІТ, покер, болжам, анекдот, алкоголь, эротика, интеллектуал сұрақ.
ЕСКЕРТУ: бейәдеп сөздер де қолданамын

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Блоги
Статистика
Фильтр публикаций


Спорттың букмекерлерге сатылуы туралы теорияларға сенбейтінмін. Бірақ соңғы кезде өзім жиі қоятын баскетболда байқап жүрмін және футболда топ лигаларда.

Мысалы бүгін ойнаған Германия Бундеслигасындағы Унион - Штутгарт матчында 1-тайм 4:4 болды, ал 2-тайм 0:0.

Талай адам тағы гол(дар) болады деп қадалған шығар. Күмәнді матч. Екеуі де бұлай көп гол соғатын команда емес негізі


Атамның соғыста жазған күнделігінің онлайн нұсқасын шығарып қойдым. Күнделіктің әр бетін ашып оқуға болады. Егер түсініксіз болса, астында толық көшірілген мәтіні де бар.
Сол кездің лексиконы да қызық. 1947 жылға дейін Ұұ әрпінің орта сызығы У-дың үстіне сызық қойылып жазылған екен.
Жақында осы күнделіктің түсіндірмелі нұсқасын шығарамын е-кітап түрінде. Ол жерде әр жазған нәрсесін қарапайым тілде түсіндіремін және ағылшын, неміс, түрік, орыс тілдеріндегі нұсқасын да шығарамын. Демеуші табылса қағаз нұсқасын да шығарғым келеді. Жалпы соғысты бастан аяқ көрген адамның естелігін, соғыстың шын куәлігін көп адамға көрсеткім келеді
https://astananews.kz/kk/soldat-kundeligi/


Репост из: Ерлан Оспан. Әңгімелер.
Совет еврейлерінің анекдоты.

"Қадірлі Циля! Біздің хаттарды оқитыны анық. Конвертті желімдеп жатқанда бұрышына бір тал шашымды қыстырып жібердім. Алған кезде сілкіп көр. Шаш жоқ болса – оқитын болғаны".

"Қадірлі Мойше! Кімге керек едік біз? Оқымайды ешкім! Сілкідім – шашың түсті".

"Қадірлі Циля! Дегенмен оқитын сияқты. Мен шашымды салам дегеніммен – салмап едім".


Биыл атында А, Р, С, Е, Н әріптері бар команда чемпион болады. Қайсысы деп ойлайсыз?
Опрос
  •   АРСЕНал
  •   пАРи СЕН жермен
  •   иНтЕРнАСионал
  •   бАРСЕлоНа
18 голосов


OpenAI компаниясы Chatgpt-ге негізделген өзінің әлеуметтік желісін ашуы мүмкін. Әзірше нақты емес. Бірақ солай болатынына сенімдімін. Олардың ойынша сондай желідегі контент сапалы болады.

Яғни қолданушылар ЖИ арқылы жасаған мәтін, жаңалық, мақала, сурет, видеоларын бірден сол желіде бөлісе алады. Оны ақылы жазылымын алмағандар да көре алады. Оған қызыққандар да ақылы жазыла бастайды. Жақсы маркетинг негізі.

Ал контент шынымен сапалы болады деп ойлаймын. Мысалы біреулер түрлі лайфхактар бөлісуі мүмкін, біреулер медицина, ғылым, технология, психология тақырыптарында жазуы мүмкін. Солай әркім өз қызығушылығына қарай жазылып алады. Тіпті контентті әрі қарай жалғастыруы да мүмкін толықтырып.

Тек бұл желі емес, жалпы азаматтық журналистика, блоггинг, колумнистика қайта жаңғыруы мүмкін. Өйткені бұрынғыдай емес қазір. Бір тақырыпта мазмұн дайындау, аударма жасау, пунктуацияны түзеу, ақпаратты түсінікті және оқуға ыңғайлы қылып енгізу оңай және тез. Ақпаратта жаңа дәуір келе жатыр...


Осы постыма лайк баспағандарды каналдан шығарамын


Балконнан кейде аулада футбол ойнағандарды қараймын. Кішісі де, жасөспірімі де, үлкен жігіттер де пас бермей ойнайды. Бәрі алдауға құмар және тек өздері гол соққысы келеді.
Біздің қанға сіңген қасиет пе екен: алдау, арбау, ұжымдық жұмысты бағаламау, басқаның еңбегін өз пайдаңа қолдану, атаққұмарлық?
Жастық шағым Түркияда өтті. Ол жақта керісінше жүйелі ойнайды, пас беруден ләззат алады, әр гол еңбекпен келеді...




Репост из: Сапармұрат
Гуанчжоуда ішінде сыра сататын кітап дүкенін тауып алдым 🤣


ЖИ тоқтамай, дамып жатыр. 1-2 жыл жарысады енді бәрі. Содан кейін іріктеле бастайды. Нақты лидерлер қалады нарықта. Біреулер басқалармен бірігед дегендей.
Өткен апта ЖИ жаңалықтарына бай болды. Сол шолуды қарап көріңіз
https://el.kz/zhasandy-intellekt-alemindegi-otken-aptadagy-basty-zhanalyqtar_400020134/


Whatsapp жаңа функциялар қосты. Маған Іс-шаралар ұнады. Енді топтық чаттарда бір кездесу, оқиға, іс-шара болса сол туралы ақпарат беріп, уақытын жазып қоюға болады, кімдер келе алатынын да сонда белгілейді. Бұрынғыдай + қойыңдар деген болмайды енді. Жалпы біраз нәрсені жаңартқан. Енді арналарға комент қосу, сауалнама жасау дегендер болса Телеграмнан озып кетейін деп тұр
https://el.kz/whatsapp-zhana-funktsiyalaryn-zhariyalady_400019847/


Ең көп ЖИ патентін алған ел?
Опрос
  •   АҚШ
  •   Қытай
  •   Канада
  •   Үндістан
126 голосов


Бойкот деген нәрсе бұрын шетелде ғана болады деп ойлайтын едік қой. Қазір өзімізде де болып жатыр.
Адамдар бойкоттың расымен күшті құрал екенін түсініп қалған сияқты.
Жақында Түркияда да сондай жағдай болды. Оппозиция бірнеше күн дүкеннен, кафеден, заправкадан ештеңе сатып алмауға шақырды. Әлі де нәтижесін талқылап жатыр. Бірақ тенденция анық: халық ақша арқылы қысым жасауды меңгере бастады. Бұл енді қалыпты құбылысқа айналуы мүмкін.
Бизнес үшін ең жаманы - сенімді жоғалту. Ақша табу қиын емес, сенім табу қиын. Қазір басқалар да ойланып қалған шығар, "ертең менің бизнесіме де бойкот жасап жүрмесін" деп...




Мәтінді дыбысқа айналдыру бойынша Gemini озуы мүмкін. Жақында олар Docs-тағы мәтінді аудиоға айналдыратын функция қосады. Сол арқылы енді жаңалықтарға аудио нұсқа құсуға болады, аудиоподкаст, дубляж жасайтындарға да жақсы болады. Енді ЖИ роботдауысты емес, адам сияқты интонация, эмоциялармен сөйлейтін болады
https://el.kz/google-gemini-komegimen-podkast-zhasau-matindi-dauysqa-aynaldyratyn-zhana-mumkindikter_400019716/


Кафе-ресторандарда кілең скуфтар мен милфтар жүретін сияқты. Әлде мен тек сондай жерлерге барамын ба? А? 🤔


Супермаркеттерге қазақ тілін позитив қолданып кетуге идеялар.

Қарапайым, түсінікті тілде экспериментал сөрелер қою:

Шәйға бірдемелер: тәтті, торт, кекс, печенье.
Қонаққа апаратын: конфет, шоколад, сок, тәттілер.
Жейтін заттар: хотдог, сэндвич, ролтон, самса.
Қазақша үстел: бауырсақ, құрт, тары, талқан

Жұрт фотоға түсіріп, тегін жарнама істеп кетеді


Біздің қоғамда тұтынушы белсенділігінің артуы — жақсы белгі. Magnum-ға жасалған бойкот — тек бір компанияға ғана емес, жалпы бизнес пен қоғам арасындағы қатынастың өзгеріп жатқанын көрсетеді. Мұның алдында да түрлі флешмоб акциялар болды ғой.
Magnum бұл тілге қатысты емес, курьердің дөрекілігінен дейді. Бұлай ақталудың қажеті жоқ еді. Қоғам оны тілге құрметсіздік деп қабылдады. Демек соған қарай жауап беру керек еді. Мысалы, бұл біздің қызметкердің дөрекілігі, бірақ осы мәселе төңірегінде біз тілге қатысты көзқарасымызды да қайта қарауымыз керек деп елдің сеніміне кіруі қажет еді. Яғни, бұл жерде сенім мен құрмет маңызды. Қазақ тіліне қатысты кей нәрселер жасауға болар еді. Мысалы жаңа акцияларға қазақша креатив сөздермен шақыру, қазақша посттар шығару. Жалпы кей эфир, подкаст, видео арқылы ма ашық диалогқа да шығуға болар еді.
Ал олар қазір игнор тәсілін қолданып отыр. Жұрт ертең ұмытып кетеді деп. Бірақ бәрі ұмытпауы мүмкін. Тіпті бәсекелестері сәтті пайдаланып, өздеріне тартып алып кетуі мүмкін. Бойкоттың әсері әрине болады. Кей тез бұзылатын азық-түліктерді лақтыруларына тура келеді. Ол да біраз шығын.
Бір адамның әрекеті – компания ұстанымы мен мәдениетін көрсетпейді.
Бірақ компанияның жауабы – оның болашағын анықтайды


Билл Гейтс ЖИді компьютер мен интернеттің алғашқы кезеңімен салыстырады. "Бір кездері тек байларға ғана қолжетімді болған компьютер бүгінде әр үйде бар құралға айналды. Дәл сол сияқты, ЖИ де көп ұзамай бүкіл қоғамға қолжетімді, күнделікті өмірдің бір бөлігіне айналмақ." дейді Бикең.

https://el.kz/bill-geyts-zhaqynda-aptasyna-nebari-eki-kun-zhumys-isteytin-bolamyz_400019244/


Репост из: КерекИнфо
Қайтадан қалай ашылған дұрыс?
Опрос
  •   Бұрынғы нұсқамен жалғаса берсін
  •   Ескісін мұрағатқа жіберіп, жаңасын нөлден бастау керек
10 голосов

Показано 20 последних публикаций.