🇸🇾Сирияның диктаторы Башар Асадты тағынан кетіруге себеп болған оқушы балалар
Араб көктемі есіңізде шығар. 2010 жылдың соңында диктатор басшыларға қарсы Тунисте басталған көтерілістер бірқатар араб еліне әсер етті. Осылайша Тунисте, Ливияда және Мысырда режимдер құлаған.
Бұл жаңалықтан қанаттанған сириялық бірнеше оқушы Дерра қаласында өз мектебінің қабырғасына "Сенің кезегің, доктор" деген жазба қалдырған. Бұл мамандығы офтольмолог Башар Асадты меңзеген жазба еді. Бұл оқушыларды құпия полиция бірден ұстады.
Оларды электр тогымен 1,5 ай бойы азаптаған. Жасөспірімдердің туыстары оларды босатуды сұрап, билікке қайырылған. Ал билік "бұл балаларың енді жоқ, басқа бала тауып аласыңдар" деп мәлімдеген.
Дәл осы оқиға Дамаск, Хомс, Алеппо, Хама және басқа қалалардағы көтерілістерге себеп болды.
Сол жасөспірімдердің бірі Хамза әл-Хатиб азаптаудан өлді, ал оның ағасы Хасан әл-Хатиб зұлымдығымен аты шыққан Седная түрмесінде 2019 жылы қаза болған.
Ал тағы бір бала Муавия әл-Саясне тірі. Сол бала кейін, 13 жыл өткен соң Дамаскті басып алғандардың бірі болып, таяу күндері осындай селфи жасады.
Оны жұрт кейін Сирия революциясының алауоты деп атап кеткен. Осылайша Шам елінің тағдырлы тарихы жазылып жатыр.
📱 t.me/askerenews