TGStat
TGStat
Введите текст для поиска
Расширенный поиск каналов
  • flag Russian
    Язык сайта
    flag Russian flag English flag Uzbek
  • Вход на сайт
  • Каталог
    Каталог каналов и чатов Поиск каналов
    Добавить канал/чат
  • Рейтинги
    Рейтинг каналов Рейтинг чатов Рейтинг публикаций
    Рейтинги брендов и персон
  • Аналитика
  • Поиск по публикациям
  • Мониторинг Telegram
SadyrbayChannel

24 Dec 2017, 07:38

Открыть в Telegram Поделиться Пожаловаться

Евгений ДЕЙНЕКОНЫҢ мақаласы бойынша, кедейге тән әдеттері туралы бесеуін оқып көріңіз, сіз кімсіз, кедей екенсіз бе?....

Кедейге тән бірінші әдет:
Кедей ылғи кінәні біреуге телиді. Әріптестерін, бастығын, жүйені, әке-шешесін, әйтеуір ӨЗІНЕН басқаның бәрін кінәлайды. Сондықтан ешқашан болған жағдайдан сабақ алып, дұрыс қорытынды жасай алмайды. Мойнына жауапкершілік алу дегенді білмейді. Осы жыл басталғалы болған сәтсіздіктерді есіңе түсір де, соған ӨЗІҢНІҢ кінәң қаншалық болғанын ойлап көр. Бір қызығы, кез келген сәтсіздікте өзіңнің кінәң болады. Өзгермесең, жағдайды өзгертпесең, ондай сәтсіздіктер қайталана беруі мүмкін....

Кедейге тән екінші әдет:
Уақытты созу. Кез келген кедей ертең бірнәрсе істеуге дайын. Тек бүгін емес. Бұл еріншектің ертеңі емес. Қорқақ кедейдің ертеңі. Шындығында ол ешқашан істемейді. Кейін істеймін деп өзін-өзі алдайды. Жақсы идеяларын да жүзеге асырмайды. Істегісі келетін нәрсені ешқашан істемей жүре береді. Бірақ оған да кінәлы адамды табады. Кейінге қалдырып жүргенін біреуден көреді. Бәйгеде үш орын қойылса, төртінші келген атқа ештеңе бұйырмайтынын ұмытпа. Сол үшін әрбір күн, әрбір сәт маңызды. Ерініп те, қорқып та ештеңені кейінге қалдырма!

Кедейге тән үшінші әдет:
Өзгерістен қорқу. Жаңа нәрседен қашу. Айлығын көтеретін, жұмысын өсіретін, кәсібін дөңгелететін жаңалықтардан алыс жүреді. Жаңа нәрсе үйреніп, өз-өзін дамытып, тәуекелдерге барудың орнына тұрақты айлық, тұрақты қызмет, тұрақты табыс дегенді тәуір көреді. «Тәуекел түбі - жел қайық, өтесің де кетесің».
Егер ТƏУЕКЕЛ ЕТУ шешім қабылдай алатын АДАМҒА ғана тән десек, онда шешім қабылдай алатын адам ғана жақсы маман, мықты менеджер, табысты кәсіпкер бола алатынын ұмытпайық.

Кедейге тән төртінші әдет:
Тегін оқу. Немесе мүлде білімге ақша жұмсамау. Интернетте бар тегін видеоларды көріп, болмаса келген қысқа мәтіндерді оқып, содан бірнәрсе білдім деп өзін-өзі алдап жүре береді. Ақша жұмсап, жүйелі түрде білім алудан қашады. Тіпті көбісі білімді керек деп те ойламайды. Оқып жүргендерге күледі....

Кедейге тән бесінші әдет:
Барлық тегін нәрсеге жүгіру. Қолынан келсе басқалардың еңбегін пайдаланады. Қарыз қайтармайды. Керексіз болса да тегін нәрсе берсе, ала салады. Бай адам әр нәрсенің құны бар екенін біледі. Тегінге жүгірмейді. Кедей үшін ештеңенің құны жоқ. Оның ұғымында ең құнды нәрсе – тегін нәрсе.

PS: Осы әдеттерден құтылмайынша сіз кедейліктен құтылмайсыз

(А.Байзаққызы парақшасынан)

1.6k 0 0
Каталог
Каталог каналов и чатов Подборки каналов Поиск каналов Добавить канал/чат
Рейтинги
Рейтинг каналов Telegram Рейтинг чатов Telegram Рейтинг публикаций Рейтинги брендов и персон
API
API статистики API поиска публикаций API Callback
Наши каналы
@TGStat @TGStat_Chat @telepulse @TGStatAPI
Почитать
Академия TGStat Исследование Telegram 2019 Исследование Telegram 2021 Исследование Telegram 2023
Контакты
Справочный центр Поддержка Почта Вакансии
Всякая всячина
Пользовательское соглашение Политика конфиденциальности Публичная оферта
Наши боты
@TGStat_Bot @SearcheeBot @TGAlertsBot @tg_analytics_bot @TGStatChatBot