Мағжан өлімінің шындығынан Кеңестің өтірігі қымбат па?
Кейінгі кезде «Мағжан Жұмабаев 1938 жылы атылмаған» деген сөз шыға бастады. «Магаданда айдауда жүрген жерінен Баукең көріпті» дейді. Ол 1948 жылы болса керек, яғни ату жазасына кесілгеннен 10 жылдан соң.
Ал Баукеңнің өтірік айтпайтынын барша Алаш жұрты біледі. «Алаш айнасы» бұл тақырыпқа арнайы бет арнап, «біледі-ау» деген ғалымдар мен көзіқарақты мамандардан мән-жайды сұраған болатын. Таяуда редакциямызға ақынның немере қарындасы Райхан апамыз (Мағжан Жұмабаевтың інісі - Қалижанның қызы) хабарласты. Жасы жетпістің жетеуіне келген кейуана ақиқатты іздеп, Магаданға дейін барып қайтыпты. Біз ол кісімен сұхбаттасқанды жөн көрдік.
Күтпеген хабар Колымаға жол тарттырды
– Мен Мағжанның туған інісі Қалижанның қызымын, атым Райхан, – деп бастады әңгімесін сексенге келіп қалса да, ажарын бермеген апамыз. – Әттең, дүние-ай, ақын ағаның өзінен тікелей ұрпақ қалған жоқ, бірақ туыс-тума, жалпы Жұмабаевтар әулетінен Мағжан ағаның бар-жоғын түгендеп жүрген Қызылжарда, яғни туған жерінде Тасболат деген інісінің ұлы екеуміз ғана. Былтыр қатты ауырып, жансақтау бөлімінде жатқанмын. Сәл бетім бері қараған шақта маған Саят Жансүгіров хабарласты. Білесіздер ғой, Ілиястай ағамыздың ұлы. Екеуміз жақын дос, сырласпыз. Ол: «31 мамырдағы «Жас Алашты» оқыдың ба?» деп сұрады. Ауырып жатып оқи алмай қалып едім. Ауруханадан шыққан бойда әлгі газетті тауып, оқыдым. Сөйтсем, онда Атыраудың Құлсарысында тұратын Абдолла Әбдірахманов атты 92 жастағы қарт кісі кезінде өзінің Магаданда, Колыма лагерінде Мағжан ағаммен бірге отырғанын айтыпты. Мәссаған, 1938 жылы атылып кетті деп жүрген ағамыз бертінге, 1951 жылға дейін тірі болыпты. Өз көзімен көрген адам міне тұр. «Егер туыстары болса, тіпті сол Мағжан жерленген жерді апарып көрсетіп, көрген-білгендерімді айтар едім, ақын аманаты әлі күнге мойнымда тұр, күні ертең арғы дүниелік болып кетсем, ол аманат мойнымда кетеді, екіншіден, қиянат жасаған болып табылам», – деген қария сөзінен соң өшкенім жанып, өлгенім тірілгендей егіліп жылап алдым. Ол кісіге сол сәттен бастап ризамын, жасына қарамай, бізді сонау жер түбіндегі Магаданға бастап апарғанына да тіпті тәнті болдым. Тіпті 92 жастағы ол кісі түгіл, 77-дегі менің өзімнің сондай ұзақ жолға шығам дегеніме балаларым «бес минуты кем 80-десіз, ауруханадан шыққаныңыз да кеше» деп қарсы болды. Сонда да бой бермей «Мен бәрібір барамын, осыдан Мағжан ағам үшін жолда өліп кетсем, арманым жоқ» дедім. Расында, жол алыс та ауыр екен, қазақ текке «итжеккен» атамаған ғой: Мәскеуге дейін ұшақпен төрт сағат, ары қарай Магаданға дейін 12 сағат ұштық. Магаданның губернаторы қайта құдайына қараған азамат екен, әрі қарай Колымадағы лагерьге дейін тағы 650 шақырым кедір-бұдыр жолға төтеп беретін көлік пен қасымызға жол бастаушы адам қосып берді. Әйтеуір, әупірімдеп ит арқасы қияндағы Сусуман ауданына да жеттік қой. Ауылдың аты да қазақшаға ұқсайды екен өзі, Берелех деп аталады. Әбекең, Абдолла ағамыз, өзі отырған лагерьді көргенде жылап жіберді. Бір кездері көрген азабы, тозағы есіне түскен шығар. Мағжан ағамен сол жерде отырғанын, қалай көргенін айтып берді. «Қай қиырда жүрсе де, адам өз қанын іздейді екен ғой, лагерьден өзім секілді қазақты кездестіргенде ауылымды көргендей елжіреп, көзіме жас келгенін, сол сәттегі сезімді тілмен жеткізе алмаймын. Ал Мағжан ағаның бойынан ақсүйектігі білініп тұратын яғни қандай азап көріп, қандай жаман жерде жүрсе де, тектілігі білініп тұратын. Қайта-қайта «Сәбиттің көзіне бір қарар ма еді, шіркін» деп айтатын», – дейді.
– Сонда Мағжан ағамыз лагерьде қашаннан бастап отырған?
– «Атылды» деп шығарған 1938 жылдан 1951 жылға дейін сол азап лагерінде жүргенге ұқсайды. Бұл деректің шындығын растайтын бір адам да бар, ол – өтірік айтуы екіталай қазақтың қаһарман батыры Бауыржан Момышұлы. 1948 жылы соғыс біткен соң да әскери тапсырмалармен жүріп сол Магадан жеріне жолы түссе керек. Сонда «осындағы азап лагерінде қазақтың бір ақыны айдауда жүр» деген әңгімені естіп, әуелі естіген әлгі деректің растығына көз жеткізу үшін, екіншіден, оның кім екенін анықтау үшін барыпты. Сол жерде Мағжан ақынды