Тәубеңе Кел🤍


Гео и язык канала: Казахстан, Казахский
Категория: Цитаты


Нәпсіңді не кірлетесің,не тазалайсың.Жүрек жазбалары🤎

Связанные каналы  |  Похожие каналы

Гео и язык канала
Казахстан, Казахский
Категория
Цитаты
Статистика
Фильтр публикаций


🖤

Бұл — үнсіз, терең әрі шынайы махаббат. Ол ешқашан дауыс көтермейді, тек жаныңда үнсіз отырып, ішкі әлеміңді ұғып, сені түсінуге тырысады. Оның махаббаты көп сөзді қажет етпейді — әр қимылы, әр қарасы, әр әрекетімен сезіледі. Ол сенің жанында болуды — міндет емес, бақыт деп қабылдайды.

Ол сені өзгертуге тырыспайды, сені дәл өзіңдей қабылдайды. Кемшіліктеріңді көріп тұрып, одан сайын жақсы көре түседі. Сенің көңіліңді түсірген дүниелерде ол қолыңнан ұстап, үндемей тірек бола алады. Ешқашан мақтанып сөйлемейді, бірақ сен үшін ең қиын жолдармен де жүріп өтеді.

Бұл адам — сенің жаныңды ауыртпай сүйе алатын, сенің бақытың үшін бәріне дайын тұратын, сезімін дәлелдеп емес, өмірімен көрсететін адам. Ол саған тыныштық, сенімділік, шынайылық сыйлайды. Оның махаббаты жан тыныштығы сияқты — сезіледі, бірақ айқайламайды.

Міне, дәл осындай адам жанымда болса екен…


Ілім жолы — әрқашан оңай бола бермейді…
Отбасыңнан жырақтап, өз еліңнен тыс, бөтен қалада жалғыз жүру – жанға салмақ.
Сағыныш – ең ауыр сезімдердің бірі.
Кейде ішкі уайымдар, белгісіздік, қорқыныштар жан-жағыңнан қысқанда, арманың мен мақсатыңа қарай емес, кері тартып тұрады.

Бірақ мен осының бәріне қарамастан, жүрегімдегі сенім мен үміттің отын өшірмей, қолымнан келгенше алға қадам басып келем.
Себебі мен білем: бұл жол – мені жарқыратуға апарар жол.
Алла разылығы үшін болған жолда әр қиындық – береке мен нығметтің бастауы.

Жай ғана шыда… Жай ғана жүре бер. Жарқырайтын сәт жақын


“Өмір қысқа — оны уайыммен, қайғымен, мұңмен одан сайын қысқартпа.
Қолыңнан келгенше разылық пен қанағатқа толы жүректің иесі бол.”


Күнәларың қаншалықты үлкен болса да біл, Алланың мейірімі одан да үлкен!

Раббыңнан үмітіңді үзбе!


Қиямет сондай бәр күн өзіңді жасағанмен кездесесің)


Көп адамға беріле бермейтін ризықтың үлкен бір түрі – әдеп пен көркем мінез.

©️Шейх Әдһәм әл-Ғасими


Егер Алла қаламаса, маған ешбір адам, бүкіл әлем жиналса да көмек бере алмайды.
Дәл солай Алла қаламаса, ешкім зиян бере алмайды


Әр нәрсенің артында Аллаһ тұр дей алатын ілімі болса адамның онда кез келген нәрсені қабылдай алады.


Бүл дүние тіршілік бір ойын ермек қана Күдіксіз ақирет мекені нағыз тіршілік.Егер олар біле- білсе.
Анкабут сүресінде Аллаһ Тағала дүниенің жалған екенін сипаттауда.


Раббыңмен сырласатын уақыт таңнан кейінгі тыныштық бәрі ұйқыда сен ояаусың жалғызсың Раббыңа сырыңды айтып бүгінгі күніңе жеңіл өтуін сұрап дұға ет💕


За каждой счастливой семьи, стоить достойные мужчины.




Репост из: bólek🪐
Айт – нағыз мұсылмандардың мерекесі!

Жаңа жылды қаншама адам тойлайды, бірақ ол бізге тиесілі мереке емес. Біз үшін шын мәнінде қасиетті, қуанышты және берекелі күн – Айт! Бұл күн тек ойын-сауық емес, жүректерге иман нұрын себетін, жақсылыққа шақыратын, бауырмалдық пен мейірімге толы мереке.

Айт – Алланың бізге берген ұлы сыйы. Айт – рухани жаңару, шүкіршілік пен ризашылықтың күні!

Нағыз мерекемізді бағалайық, қуанышымызды шынайы тойлайық!

Айт мүбәрак болсын 😊


Ғалымдардың айтуынша, рамазан айының ең соңғы күнінде Алла Тағала ораза ұстаған құлдарының күнәларын толықтай кешіреді. Сондықтан ертеңгі күнін айт, яғни қуаныш, мейрам күні еткен. Сол сияқты арапа күні де күнәлар кешірілетін күн болғандықтан ертеңгі күнін құрбан айт қылған дейді. Ендеше мұсылман баласының ең үлкен қуанышы — күнәсінің кешірілгені.


Жұма мүбарак барша амалдарыңзды Аллаһ қабыл қылсын.
Ғұсыл құйынып,хош иістеніп,жақыныңды қуантып,зікір,Салауат көп айтып,Құраннан Каһф сүресін оқыңыз немесе тыңдаңыз,мүмкіндігіңше садақа беріңіз.


Репост из: Дастан Құрманбаев
Қияметтің ыстығынан құтылғыларың келсе, дүниенің ыстығында бір күн ораза ұстаңдар. Қабірдің қараңғылығынан құтылғыларың келсе, қараңғы түнде екі ракағат намаз оқыңдар.

Ардақты сахаба Әбу Дарда (Алла разы бослын)

📚 Латаиф әл-Мағариф


Қазір күллі мұсылман дұға жасауда күлліі әркім әртүрлі дұғада бірақ Мейрімі шексіз Үстем болған Раббың оларды естуде…


Жүректен шыққан ықыласты дұғаң сені нағыз қандай құл екеніңді көрсетеді…
Раббыларыңыз жүректеріңізді жібітсін💔


Дұға – ресторандағы мәзір емес. Ол – жай ғана “тапсырыс” беріп, дайын күйінде алатын нәрсе емес. Дұға – жүректен шығатын шынайы өтініш, бірақ ол әрекетпен ұштасқанда ғана нәтиже береді.


Кешбаева Айнаш Смагулова
Шифа тілеп дұғаңызға қосыңыздар мүмкін болса)

Показано 20 последних публикаций.