Фильтр публикаций


Кейде күтпеген бір нығмет кенеттен нәсіп болады.

Алайда сен оны бұрын Алладан сұрап дұға қылған едің.

Сен ол дұғаңды ұмытып кетсең де, Раббың оны ұмытпады.

©️Шейх Шағрауи (рахимаһулла)


Елдің алдында жиырма рәкәғат оқып, жалғыз қалғанда екі рәкәғат оқуға ерініп қалма...




«Көңілің әрдайым жадырап жүрсін. Көп жымиғаннан өлген адам жоқ. Көп мұңайғаннан өлген адам көп»...

#жымиып_жүр🙂




8 мартқа подарка алғыларын келсе Аллаһ Тағаланың Әл-Уәһһәб есімін қайталап айта беріндер🫠Сыйлықты адамнан емес Алладан күткен ерекше ғой…


Асыл армандардың орындалуын, жан жадыратар қуаныштың мол болуын, отбасы бақыты мен берекесінің мол болуын тілеймін қыздар🕊🙏🏻❤️

➡️https://www.instagram.com/reel/DG6gsTmNFy_/?igsh=NG9lanVjcmtibzJx


Өзім үшін дұға

Я, Аллаһым! Мені тура жолыңнан айырма! Жүрегімді мейірімге, тілімді хикметке, амалдарымды шынайылыққа толтыр! Менің әрбір ісімді берекелі ет, ниетімді пәк қыла гөр! Жалғасы https://www.instagram.com/reel/DG06saxNDxg/?igsh=MTg2aGpyYXZ2ZHl6MA==


“Зекет беру арқылы дүние-мүліктеріңді қорғаңдар.

Садақа беру арқылы (кеселдің бетін қайтарып) ауруларыңды емдеңдер.

Сондай-ақ бәле-жаладан аман болу үшін Аллаға әрдайым дұға жасаңдар”

(хадис, Табарани муғжамы)


☁️ Кімді таныдыңыз?! ➡️https://www.instagram.com/p/DGviIg9NUM9/?igsh=MW9weGprYmV0M21ycQ==


Өзгеру үшін ең бірінші уақыт емес, “Өзгеремін!” деген нақты шешім қажет.

“1 ай ғана рамазанда өзгеру мүмкін емес, тағы да бір ай болса өзгерер едім” деген бос сөз.

Алла барлық нәрсені Өзінің кемел өлшемімен жаратты.

1 ай рамазанда “Бәлкім, тақуа боларсыңдар” деп айтқан болса, тақуа болуға әсте болады.

Тек нақты шешім қажет..


⌛️Жүректегі сабыр мен иман – ең үлкен күш! Раббың әр қиындықтан соң бір жеңілдік сыйлайды. Қанша жерден қиын болса да үмітіңді үзбе жақсым!


Зікір айтып келесі адамға жолдаңыз https://www.instagram.com/reel/DGt0djxtk9f/?igsh=MXdlNXo3cjc0a2Z4bw==


Мақсатыңды орындай алмай қалудан шаршасаң да, мақсат қоюдан шаршама. Мақсатыңды қоя бер. Берілме. Аллаға тәуекел ет. Дұға қыл. Сабыр қыл.


Видео недоступно для предпросмотра
Смотреть в Telegram


Адамның назарын қаласаң
Алланың назарын аудар

Бірақ адамды қарату үшін емес,артық ойсыз,кіршіксіз ниетпен жәй ғана Алла үшін

Алла сонда махаббаты мен назарын адамдар арқылы жібереді




Аллаһумма мусаррифа-ль-қулуб, сарриф қулубәнә ’алә тоғатик.

“Уа, Аллаһ! Жүректерді жан-жаққа бұратын Сенсің. Біздің жүрегімізді Өзіңнің құлшылығыңа қарай бұра көр!”


Алла тағы бір рамазанға жеткізуі неткен нығмет
еді🤲🏻

https://www.instagram.com/reel/DGnnT1NtjVA/?igsh=cW80cndxOWc2M3Aw


«Қазіргі заман… Біреулер сен жайлы жақсы сөздер естісе, оны басқалардан жасырады. Егер сен жайлы жаман сөздер естісе, оны басқаларға таратуға асығады. Ал егер сен жайлы еш нәрсе естімесе, ойдан құрастыра бастайды».

©️Әл-Ғәнзи

Показано 20 последних публикаций.