⚡️«Бәйтерек» ҰБХ» АҚ еншілес ұйымдардың корпоративтік хатшыларының кездесуін өткізді
✅2024 жылғы 22 қарашада «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ-да Қазақстанның корпоративтік хатшылар күніне орай еншілес ұйымдардың корпоративтік хатшыларының кездесуі өтті. Іс-шараны Холдингтің Корпоративтік хатшы қызметі ұйымдастырды.
🗣Іс-шараға құрметті қонақ ретінде Қазақстандық тәуелсіз директорлар қауымдастығының (QID) құрметті мүшесі, корпоративтік басқару және тұрақты даму саласында көп жылдық тәжірибесі бар сарапшы Жанат Бердалина шақырылды. Өз сөзінде Жанат Колановна қазіргі корпоративтік әлемдегі эмоционалдық интеллект маңыздылығы мен көшбасшылықтың психологиялық аспектілеріне баса назар аударды.
Стивен Кови айтқандай, сенім – бұл жаңа жаһандық экономикадағы көшбасшылықтың негізі.
💬Кездесуде стратегиялық мынадай мәселелер талқыланды: жобаларды басқару, тапсырма беру, уақытты басқару және қақтығыстарды шешу сияқты «жұмсақ дағдыларды» дамыту және жоспарлау. Бұл тақырыптар жұмыс тиімділігін арттыруға, корпоративтік мәдениетті жақсартуға және талантты қызметкерлерді ұстап қалуға бағытталған.
🆕Сондай-ақ, қатысушылар «Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымдарында корпоративтік басқару стандарттарын сәтті енгізу мысалдарымен бөлісті. Қазақстанның дамушы нарығындағы инновациялық тәсілдерді қолдану перспективалары қарастырылды.
🤝Мұндай іс-шаралар компаниялар тобының корпоративтік хатшылары арасындағы өзара іс-қимылды нығайтуға, олардың кәсіби құзыреттерін арттыруға және корпоративтік басқару саласындағы озық тәжірибені енгізуге ықпал етеді.

«Біз жеке қасиеттерді дамытып қана қоймай, сонымен қатар жігері мұқалмай, жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін ұжымдағы психологиялық жағдайға оң ықпал етуіміз керек», - деп атап өтті спикер.